Астана. 26 шілде. ҚазТАГ - Зорлау ісінен кейін «Жолаушылар тасымалы» сервистік персонал қызметкерлері арасында кезектен тыс аттестация жүргізуді жоспарлауда, деп хабарлады АҚ баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасы бойынша көрсетілген пойыз жолсеріктермен еңбек қатынасы үзілді. (...) Сонымен қатар, моральдық-этикалық нормалары басым фактор болып табылатын құзіретті мамандардың қатысумен сервистік персонал қызметкерлерін кезектен тыс аттестациялау жоспарланған», - деп хабарлады жұма күні Нұр Сұлтан-Нұрлы жол – Ақтөбе» бағытындағы №97/98 жолаушылар пойызында болған зорлау оқиғасы бойынша резонансты іске қатысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, аталған оқиға орын алған сәттен бастап осындай оқиғаларға жол берілмеу керектігі бойынша Компанияның барлық қызметкерлерімен нұсқаулықтар өткізілді.
«Қызметкерлердің медициналық тексерістен өтуіне, соның ішінде психологтар мен нарколог-дәрігерлердің қорытындыларын алуына қосымша тексерістер жүргізілді. Компанияда 2020 жылы жұмысы басталатын, жолсеріктер үшін психолог кабинеттерін ашу мәселесі пысықталған», - делінген хабарда.
Бұған дейін «Құрманиязов Қолқанатқа 2,5 жыл, Жетес Үмбеталиевке 2,3 жыл! «Тальгодағы» зорлау ісі – Қазақстан үшін масқара!»,- деп жазған еді әлеуметтік желідегі парақшасында «Немолчиkz» қозғалысының белсендісі Дина Смаилова.
Зорлау туралы 2018 жылдың қарашасында белгілі болды. Зардап шегуші ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан, пойыз купесінде ол жалғыз болған, сол кезде оған екі жолсерік тиісіп, соққыға жығып, зорлаған. Бұл іс қоғамдық резонанс тудырып, екі жолсерік жұмыстарынан шеттетіліп, кейін қамауға алынды.
Смаилова сонымен қатар зардап шегушіні қудалау әрекеті туралы да айтты.
«Қазақстандағы барлық БАҚ-тың жұмыс поштасына «Тальго» ісі бойынша зардап шегушінің суреті жаппай тарап кетті! Ол туралы жағымсыз сөздер жазып, ашықтан ашық жала жапты, суретте зардап шегушінің аты мен тегі жазылған», - деді белсенді.
Зорлау ісінен кейін «Жолаушылар тасымалы» сервистік персонал қызметкерлері арасында кезектен тыс аттестация жүргізуді жоспарлауда
