Зульфия Аманжолова Қазақстан Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметіне тағайындалды

Астана. 2 шілде. ҚазТАГ - Зульфия Аманжолова Қазақстан Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зульфия Алтайқызы Аманжолова Қазақстан Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.

adimage