Зульфия ЧИНШАНЛО: МЕН ОСЫ МЕДАЛЬДІ БЕС ЖЫЛ КҮТТІМ

Алматы. 8 тамыз. ҚазТАГ – Кемар Машанло. 2012 жылғы Олимпиялық ойындарда ауыр атлетикадан 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль жеңіп алған 19 жасар Зульфия Чиншанло өзінің сөзінде тұратындығын дәлелдеді. Төрт жыл бұрын олимпиялық бас жүлдені жеңіп алу мақсатын алға қойған ол, өзінінің діттегеніне Лондонда жетті. Бұнымен қоса жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырып, әлем рекордын орнатты және 226 келіні көтеріп (жұлқа+серпе көтеру) олимпиялық рекорд орнатты. Қымбат әрі маңызды жеңіске деген жолы туралы спортшы қыз Алматыға ұшып келген күні, өзінің  қобалжығандығына және жолдан шаршағандығына қарамастан әңгімелеп берді.

 

 - Көптеген жанкүйерлер өзіңнің бойыңның кішкентайлығыңа қарамастан, зілтемірді оңайлықпен көтеретіндігіңді байқады, бұндай зілтемірді кез-келген ер адам да көтере бермейді. Қай жерде тудың, неліктен қыз бала үшін осы қиын спорттың түрін таңдадың, бұл таңдауыңа кім ықпал етті?

 

- Мен Алматыда тудым. Одан кейін ата-анаммен Қытайға кеттік. 2007 жылы Қазақстан құрамасына шақырды.

Кішкентай кезімнен бастап аулада ұлдармен бірге күш сынасатынмын. Сондықтан, төбелескіш балалар менен қорқақтап, аулақ жүретін. Мен 11 жасқа толғанда дене шынықтыру жаттықтырушысы маған ауыр атлетикамен айналысуды ұсынды. Анам қарсы болды, ал әкем «егер қызымыздың талабы мен қалауы болса, неліктен байқап көрмеске» деді.

 

- Сенде мұндай күш қайдан бар, мүмкін сенің анаң, не әкең осындай күшті болған шығар?

 

- Жоқ. Анам мен әкем кондитер болып жұмыс істейді. Бәлкім, бұл күш жаттығулардан келген шығар. Менің інім бар, бірақ ол менімен күш сынасудан қашады (жымиып).

 

- Рекордты салмақты көтеру үшін зілтемірге барар алдында не туралы ойладың? Өз-өзіңді қалай дайындадың?

 

- Мен бұл медальді бес жыл күттім, ол туралы армандадым, барлығы менен медаль күтті, жаттықтырушылар, барлық қазақстандық жанкүйерлер. Енді міне осы күн де туды. Мен мәлімделген салмақты көтеріп жеңіске жету туралы ғана ойладым. Өзім жаттығу кезінде (жұлқа+серпе көтеру) сомасы 245 келіге дейінгі салмақты көтергенімді ойыма салып жүрдім!

 

- Бұл әлемдік жетістіктен бірнеше есе жоғары ғой! Сондықтан болар, спортшылар «жаттығуда жұмыс істеген бір, ал жарыстарда бәсекелесу басқа» деп айтады?

 

-Әрине! Сондықтан маған марапаттау кезінде алтын медалім тіпті зілтемірден де ауыр болып көрінді (күліп)!

 

- Зілтемірді бірінші рет сәтті көтергеннен кейін қандай сезімде болдың?

 

- Бастапқыда бұл менімен болып жатпағандай көрінді. Менің арманым сиқырлы түстегідей бір сәтте орындалатындығына сенбедім. Бірақ бұның шын өмірде болып жатқандығына бірнеше минуттан кейін маған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың телефон шалып, жеңісіммен құттықтап, спортта және өмірде жаңа жеңістер тілегенінен кейін ғана сендім.

 

Ал жеңісіңе достарың мен туыстарың қалай қуанды?

 

- Құттықтаулар көп болды, барлығы қоңырау шалды. Мен жанкүйерлерге осындай қолдау үшін үлкен алғысымды  білдіремін! Бірақ менің ерекше ойымда қалғаны – біздің жаттықтырушы Алексей Геннадьевич Нидің қызы Танямен телефон арқылы сөйлесуім болды. Мен жарысқа кетер алдында, 29 шілде, оның туған күнінің құрметіне алтын медаль жеңіп әкелуге уәде берген едім. Уәдемде тұра алғаныма қуандым. Мен де осы маңызды оқиғаға 4 күн қалғанда 19 жасқа толған едім.

Бүкіл Қазақстаннан хабарласып, құттықтады. Сондай-ақ, маған Жамбыл облысының Сартөбе, Масаншы деген дұнған ауылдарынан құрбыларым хабарласты. Сол жаққа Майя Манеза екеуімізді жиі қонаққа шақырып, күтіп тұрады. Олардың айтуынша, тұрғындар менің және Майяның жеңісі туралы естігенде, түні бойы ұйықтамағандарын айтты. Барлығы көшелерге шығып, бірге қуанып, ой-пікірлерімен бөлісу үшін ауылдық клубтың қасында жиналған екен. Ал кейбіреулері қуанып, отшашу ұйымдастырған көрінеді.

 

- Кейбір мамандардың айтуынша, ауыр атлеттердің жарыстарында бастысы күш емес, психологиялық дайындық. Сен қалай ойлайсың?

 

- Жаттықтырушылардың рөлі туралы оймен толық келісемін. Біздің ауыр атлеттеріміздің барлық жаттықтырушыларына, Алексей және Виктор Ниға, Энвер Туркелериге және басқа тәлімгерлерімізге  алғысымыз шексіз. Олар бізбен өз білімдерімен, өмірлік тәжірибелерімен әрдайым бөліседі.

 Бірақ, бұнымен қатар, өз тәжірибемнен түсінгенім, ұдайы жаттығуларсыз алысқа бара алмайсың.

 

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, саған маңызды жарыстарға дайын болу үшін қанша уақыт жаттығу қажет?

 

- Бұл әрбір жеке жаттықтырушы мен спортшыға байланысты шешілетін шығар. Мен және команда бойынша менің құрбыларым, әсіресе Олимпиадада күнделікті, күніне екі-үш реттен дайындалдық. Әрбір жаттығу шамамен екі сағатқа созылады.

 

- Егер келіге көбейтсек, онда көптеген тонна шығады... Бәлкім, тек «алтын» үшін емес, осындай ауыр еңбек үшін саған бас жаттықтырушы Алексей Геннадьевич естуімше, жеңістен кейін көп балмұздақ алып бермек?

 

- Ондай сөз болды…

 

- Уәдесін орындады ма?

 

- Жоқ. Алтын медальді мен шынымен де жеңіп алдым, ал уәде еткен әлемдік рекорд -  135 келіні бағындыра алмадым (қалжың дегенді білдіріп, жымиды).

 

- Бәлкім, Лондонда үйренген қазақ және дұнған тағамынсыз қиын болған шығар?

 

- Лондонда жақсы тамақтандырды. Жарыстардан кейін жақсы тамақтана бастап едім, бірден тола бастадым. Мен жарыстардан және ұзақ уақытқа дейінгі шектеулерден кейін жақсы тамақтанғанды ұнатамын.

 

- Онда ағылшын тағамдары да болған шығар?

 

- Әрине, болды!

 

- Жақсы көретін тағамың қандай?

 

- …Ең тәтті ол - балмұздақ! Мен тәтті тағамдарды ұнатамын.

 

-  Бұл сұрағыма ренжіме. Біреулер сеннен, қашан тұрмысқа шығасың, деп сұрағанында, сен «ертең» деп жауап бердің. Жеке өміріңде не жаңалық?

 

- Бұл қалжыңдағаным! Менің ойымша асығып керек емес. Тағы да кейбір жоспарларды іске асырып үлгеру керек.

 

- Шындығыңды айтшы, сен екінші олимпиялық алтынды алғың келеді ғой?

 

- (жымиып) Иә, алғым келеді. Бірақ, әлі күш жинау керек.

 

- Чемпион болдың! Тағы қандай арманың бар?

 

- …Шынымды айтсам, қазір ештеңе керек емес. Тек, өз қалпыма келіп, демалу - тілегім.

 

- Өзіңнің құрдастарыңа қандай тілегің бар?

 

- Өмірде барлығы оңайлықпен келеді деп ойламаңыздар. Егер алдарыңызға нақты бір мақсат қойып, оған ақырындап қадам жасай берсеңіздер, онда діттегендеріңізге жетесіздер.

 

-   Сұхбатыңа рахмет. Жаңа жеңістер тілеймін!


adimage