Алматы әкімдігінің құрылымын оңтайландыру немесе не себепті орын ауысқанымен сома көлемі өзгермейді

Күні: 17:57, 30-01-2019.

Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ – ТолқынТәшімов. Жақында Алматы әкімдігі құрылымын оңтайландырудың бірінші кезеңі өз жемісін берді: 24 басқарманың орнына 13 қалды, бес басқарманың жұмысы жеңілдетілсе, 9 басқарманы 4 басқармаға біріктірді, ал 12 басқарма қайта жасақталды. Сонымен қатар әкімдік қалалық басқармалардың басшылар құрамын 13% қысқартып, басқарма бастығының бір айлық жалақысын 600 мың теңгеге дейін жеткізуге уәде берді.
Осы ретте оңтайландыру жалықтырып жіберген қарапайып арифметикалық ережені еске түсіреді – қосылғыштардың орны ауысқанымен қосынды өзгермейді. Қарапайым математикалық есептеуді жүргізейікші - 9,3 және 1 алайық және осы берілген түрінде қосып шығайық. Ереже бойынша көптеген азаматтар бірінші тоғызға бірді қосады, сосын үшті қосады. Алайда олардың орнын қанша ауыстырсақ та нәтиже өзгермейді – 13.
Шамамен дәл осындай жағдай оңтүстік астананың әкімдігінде орын алды.

Шындық қайда

Ия, көптеген азаматтар келтірілген математикалық есептеулерге қарсы шығады және де оңтайландыру аясында 24 басқарманың 13 қалды деп толықтырады. «Есеп дұрыс шықпай отыр». Рас, басқармалар саны азайды, құрылымы өзгертілді, алайда бұл тек маңдайшадағы жазуды жаңасымен алмастыру ғана болып отыр.
Неге?
Алдымен тарихқа көз жүгіртсек.
Сонымен, белгілі қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев «әкімдіктің құрылымы жиі өзгерістерге ұшырап тұрады», деп атап өткен болатын.
«Бір кездері ол жаққа қалалық атқарушы комитеттердің бұрынғы басқармалары барған болатын, кейін 90-жылдары Қазақстанда біріздендіру қолға алынды. Ол кезде үкімет деңгейінде облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктердің типтік құрылымына қол қойылған болатын және де ол 2015 жылға дейін жұмыс істеп келді», - деп атап өтті ол.
Саясаттанушы жалғастырып кеткендей, кейінірек құрылым бойынша уәкілеттілік әкімдіктердің өзіне беріліп, олардың өздерінің өндірістік қажеттіліне қарай құрылуына мүмкіндік берілді.
«Әр аймақтық әкімдіктің өзінің шешетін мәселелер шеңбері, өздерінің құрылымдық көзқарасы бар. Бір жерде мәдениет пен спортты біріктірсе бір жерде мәдениетті тіл саясатымен, туризмді спортпен біріктіру керек, кей жерде әр қайсысы бойынша бөлек бөлімдер бар», - деп атап өтті Д. Әшімбаев.
Алматы әкімдігінде де дәл солай жасады
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсел Жүнісова 16 қаңтарда өткен маслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдегендей, ішкі саясат басқармасын, жастар саясаты басқармасы мен дін істері басқармасын - қоғамдық даму басқармасына, мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасы мен жерді пайдалану және қорғауды бақылау басқармасы - қала құрылысын бақылау басқармасына, еңбек мемлекеттік инспекциясы мен көші-қон басқармасы және жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – әлеуметтік әл-ауқат барқармасына, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен ауыл шаруашылығы мен ветеринария басқармасы – кәсіпкерлік және инвестиция басқармасына біріктірілді.
Михаил Салтыков-Щедрин әдемі айтып кеткендей кез келген бюрократиялық құрылымдар өз ертегілерінде «есерсоқтар мен әпербақандар»: «Бүгінде осындай бюрокарттар көбейіп кетті. Басшылар өздерін ағылшын тілін білетін және түрлі қабылдауларда өздерін әдемі жағынан көрсете алатын жастарды қастарына жинаудан жалығар емес. Олардың пайымынша бұл әкімшіліктік беделін көтереді мыс».
Әкімдіктердің «беделі» қай деңгейде екенін білмеймін, алайда осындай «жастардан» арылу бойынша нәтижелі оңтайландыру қажет екені айдан анық.
Өз кезегінде заманауи мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников (Ресей) сендіріп кеткендей, «реформа барысында құрылымдарда негізгі орындаушылардың, төменгі және орташа санаттағы құрылым басшылары азайса, топ-менеджерлердің айлығы өсіп, олардың жалпы саны кемімейді».
Бұл дегеніңіз бастықтың жалақысы өсуі керек. Ә.Жүнісова атап өткендей, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап мемқызметкерлердің айлығы жұмыстың нәтижесіне байланысты болады. Бұл дегеніңіз басшылар қанша керек болса сонша алады (оларға қанша керек екенін дәл білсек қой), қол астындағылар «жайылымдағы шөпке» отырады. Осы ретте, «жайылымдағы шөптің» көлемі субъективті факторға – бастықтың қызметкеріне деген көзқарасына байланысты болмақ.
Мән-жайды түсіндіңіздер ме?

Табиғаттағы судың айналымы

Жалпы оңтайландыруды сипаттау бойынша бұдан артық сөз табылмас - табиғаттағы судың айналымы.
Керісінше табиғатта бұл процес ұдайы табиғи жолмен жүріп тұрады, бюракратиялық құрылымда да бұл тұрақты жүреді, алайда шығыны көп және шын мәнінде пайдасы жоқ.
Жасыратыны жоқ кез келген оңтайландыруға құрылымның басшысы бастау береді. Алматыға қатысты жағдай да дәл осындай. Осы ретте, қалалық әкімшіліктің басшысы Бауыржан Байбектің қол астындағылардың жұмысына көңілі толмауы да мүмкін.
Бұл ретте келіспеу мүмкін емес, оның өз себебі бар.
Шаруашылық ірі және күрделі болған сайын оның ішінде түсініксіз жағдайлар көбірек орын алады.
«Уақыт өткен сайын басқару құрылымында шатасулар орын алады. Мысалы, жер мәселесімен өкілетті әкімдіктің басқармасы ғана емес, сонымен қатар жер ресурстарын басқару агенттігі айналысып келді. Жасыратыны жоқ, мұндай қайталау басқару барысында қиындықтардан басқа ештеме тудырмайды», - деп атап көрсетті Д. Әшімбаев.
Сарапшы атап өткендей, Алматы әкімдігінің құрылымын оңтайландыруда айтарлықтай өзгешелік жоқ.
«Қаланы басқару жүйесін жетілдіру бойынша қарапайым жұмыс. Бұл қорытынды реформа деуде қиын. Соңғы кездері Қазақстанда әкімдік құрылымдарының түрлі типтік үлгілері қабылданды, сондықтанда оның кезекті біреуі болмайды деп айту қиындай», - деп күдігімен бөлісті Д. Әшімбаев.
Сарапшының бұл пікірімен келіспеу мүмкін емес. Әкімдіктердің типтік құрылымы үкіметтің қаулысына сәйкес үш рет өзгертілген болатын - 2004, 2009 және 2013 жылдары. Жиі өзгерістерге қарап мынадай қорытынды жасауға болады, орталықтың жергілікті билік органдарының жұмысына көңілі толмайды. Оның үстіне бұл жалғасып келеді. Сондықтанда билік тағы да қашан әкімдіктердің типтік құрылымын өзгерту туралы шешімді қабылдайтынын білу мүмкін болмай отыр.
Д. Солонниковтың өзі де қалалық басқармалардың басшылық құрамын 13% қысқарту қажеттілігі не үшін пайда болағын түсіндіруге тырысты.
«Оңтайлындыруды жүргізудің екі себебі бар. Біріншісі – жаңа технологияларды, әдістер мен өндірістің заманауи құралын енгізу арқылы еңбек өнімділігін артыру. Мұндай жағдайда баяғы міндеттер көлемімен орындаушылардың аз саны атқара алады. Оларды және олардың басшылары қысқартылады, ал барлық жүйе баяғыша жұмысын жалғастырады. Екіншісі – орындауды қажет ететін міндеттерді азайту. Бюракратиялық аппараттың міндеттер жиынтығын азайту олардың санын азайтуды көздейді. Осы ретте, стратегияға жауап беретін жоғарғы басшылық құрам бұрынғы құрамда қалуы мүмкін», - деді сарапшы.
Барлығымыз білетіндей, соңғы жылдары Алматы қаласы әкімдігі қызметкерлерінің еңбек өнімділігі артқаны немесе халықпен жұмыс істеу барысында ешқандай жаңа технологиялар байқалмады. Міндеттемелерді азайтуға келетін болсақ, бұл жерде де оңай дүние жоқ. Б.Байбек көтеріп отырған қаланың инфрақұрылымын қайта құру бойынша бастамаларын ескеретін болсақ жұмыс көбеймесе азаймайды.
Осы ретте, Д. Әшімбаевтың, «құрылымды қанша реформаласаңда маңызды мәселелер көбейе береді және оларды шешетін жаңа құрылымдар қажет болады» деген тұжырымдамасы өз өзектілігін көрсетіп отырғандай.
Сарапшы еске салып кеткендей, кезінде табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқығын қоғау агенттіктері ашылған болатын.
«Оларды ашу барысында олардың ауадай қажеттілігі туралы көп сөз айтылған еді. Енді міне бұл үш агенттік Ұлттық экономика министрлігінің құрымындағы бір комитетке қарайды», - деп атап өтті Д. Әшімбаев.
Дәл осындай сұрақтар Алматы қаласының әкімдігінде талқылануда.
Сарапшының пайымынша қалыптасқан трендке сүйенетін болсақ, «алдымен барлық мәселелер бойынша өкілеттілік облыстық әкімдікке жүктеледі, сосын өкілеттілік тым көп деген қорытындыға келген жағдайда оларды қалалық және аудандық әкімдіктерге бөліп береді».
«Кейін қалалық және аудандық әкімдікте де өкілеттілік тым көп деген қорытындыға келгенде облыстық әкімдікке қайта қайтарады», - деп сендірді Д. Әшімбаев.
Осылайша бюракратиялық құрылым күнелтіп келеді.

Бюрократия семіздікке бейім

Бюракратияның әмбебап заңына сәйкес, осындай кез келген құрылым семіздікке бейім. Жіптіктей болып жолын бастаса да уақыт өте келе керек емес бөлімдермен өсіп кетеді және оңтайландыру қарсаңында бұлшық еттердің орнына май басқан ауыр салмақта жұдырықтасатын боксшыны еске салады.
Дәл осы жағдайда бұл қорытындымен Д. Әшімбаев та келіседі. Оның бағалауынша, «басқару аппараты өз өзінен үлкеюге бейім».
«Сонымен, орталық органдар өзіне қарасты аймақтық органдарды ашады. Бұл процесс сақтандыру тетігі басылғанша осылай жалғаса береді. Ол кезде қайтадан оңтайландыру іске қосылады. Біздің үкіметке қараңыздаршы, кейбір ведомстволар тәуелсіздік жылдары бірнеше рет қайта құрылды. Яғни түрлі комбинациялар тексеріп көрілді. Түрлі ведомстволардың арасында инвестициялар, спорт, мәдениет және тіл саясаты «қыдырып» жүр», - деп өз көсқарасымен бөлісті сарапшы.
Орталық және аймақтық органдардың жұмысын бағалайтын болсақ, олардың арасындағы алшақтықты ескеру керек. көпшіліктің пайымынша олар көбіне ебедейсіз, ойланбастан әрекет етеді. Кезекті оңтайландырудан кейін олар бұрынғыға қарағанда тиімдірек жұмыс істеді дегенге сенетіндер саусақпен санарлықтай.
Оңтайландыру мәселесіне басқа жақтан қарауға болады. Д.Солонниковтың айтуынша, «өндіріс барысында инновация жоқ болса, міндеттемелері де азаймайды, алайда бұрынғы штаттық құрамды баяғыша қаржыландыруға мүмкіндік жоқ, осындай жағдайда жұмыс сапасын арттыруға еш пайдасы жоқ оңтайландыру басталады».
«Сол баяғы міндеттемелер мен мақсаттарды аз қызметкерлермен орындау ұсынылады. Нәтиже ойдағыдай болмайды, бірақ осы ретте жаңа шарттарға сәйкестік пен іріктеліп алынған басшылардың айлығын көтеру мәселесі туралы сөз қозғауға болады», - деді Д.Солонников.
Алматы маслихатының кезектен тыс сесиясында Б.Байбек «әкімдіктің жаңа құрылымы бүгінгі қала тұрғындарының сұранысына толықтай жауап береді» деген мәлімдемесі көптің көңілінде күдік тудырды.
Мен үшін де.

Ал ұл болды ма?

Д. Әшімбаев атап өткендей, «үкіметті, облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктерді оңтайландыру аяқастынан жүргізілетін болғандықтан олардың нақты немен айналысатынын түсіну қиын». Рас, қала әкімі Б.Байбек өзінің үлкен шаруашылығының ішінде бәрін танып, басқару қиын болмайтын шығар, алайда уақыт өте келе оның басқару бойынша жағдайы нашарлауы мүмкін.
Оның үстіне Алматы әкімдігінде аппаратты қысқарту туралы әңгіме жүріп жатыр, демек Д. Әшімбаев сендіріп отырғандай, бос жұмыс орындары бар деген сөз, алдымен осы бос жұмыс орындары қысқартылатын болады. Сарапшы бос жұмыс орындардың пайда болу механизмін түсіндіріп кеткен болатын.
«Соңғы жылдары Қазақстанда мемлекеттік органдардың саны айтарлықтай азайды, осы ретте қабылданып жатқан шешімдер де азайды. Мәселен, табиғи монополиялар мәселесін кезінде бір агенттік шешетін, бүгінде ол Ұлттық экономика министрлігінің комитетіне қарайтын басқарма, яғни онда қабылданып жатқан шешімдердің де деңгнейі төмен. Деңгей төмен болған сайны жалақы да аз, ал жалақы аз болғандықтан маңызды жұмыс орындарына ешкім жұмыс істеуге бармайды», - деп толықтырды Д. Әшімбаев.
Мұндай оқиға аймақтық әкімдіктердің деңгейінде өте көп кездеседі және осы ретте бос жұмыс орындардың пайда болуы түсіндіруге болады.
Алайда оңтайландыру жүргізілгеннен кейінде кей әкімдіктер өздерін көрсетуге қауқарсыз болады.
«Осындай жағдайда уақытынан кешігу пайда болады. Жалпы әкімдіктің құрылымын оңтайландырғаннан кейін 2-3 жыл уақыт беріңіздер, сол кезде ол өзінің тиімділігін көрсете алады. Ал бізде оңтайландыру жиі жүріп жатады, сондықтан қай құрылымды алсаңда олар не жасап жатқанын көрсетіп үлгермейді де», - деді сарапшы.
Осы ретте келіспеу мүмкін емес.
Тағы бір фактор, Қазақстандағы оңтайландыру науқандық болып барады, себебі білікті мамандар тапшылығы аса жоғары. «Қысқасы артық қыламыз тыртық қылудамыз».
Д. Әшімбаевтың пайымынша, «қолдағы бар маман мен қаражатты сауатты үйлестіре білу абзал».

Ой саларлық ақпарат:
Бюрократия туралы Мерфидің заңы
Басшы үшін түрлі қызметтерге атау беруге жауап беретін заң:
«Қызметіңіздің атауы қаншалықты ұзағырақ болса, онымен байланысты жұмыс та соншалықты маңызды емес».
Сандрио ережесі қаржыны бюрократиялық шығындау үшін:
«Бюракратиялық ведомствоның жаңа табыс көзі пайда болған жағдайда, алғашқы табыс аталған жоба әкімшілігін кеңейтуге жұмсалады, тек жобаның қажеттіліктері үшін емес».
Хорвудтың сегізінші заңы:
«Күрделі жүйелерде жинақталған ақпарат пен қабылданып отырған шаралар арасында байланыс болмайды».


Жаңалықтармен бөлісу: