Қазақстандағы ІІМ түбейгейлі реформасы тұман іспетті бос қиял

Киль. 7 тамыз. ҚазТАГ – Игорь Киндоп. Танымал спортшы, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің халықты дүрліктірген өлімі қазақстандық қоғамды билік пен оның өкілдеріне тікелей сұрақ қоюға итермеледі. Бүгінде Ішкі істер министрлігінің жұмысына халықтың көңілі толмайды және олар реформаны талап етуде. Бұл осындай резонанс тудырған қылмыстың нәтижесі.
Менің пайымымша тәртіп сақшыларының жұмыс сапасынан гөрі мәселе тереңіректе жатқан сияқты. Полицейлердің проблемасы мемлекеттік экономикалық саясат парадигмасының нәтижесі, бұл ведомствоны басқарып отырған министр Қасымовтың біліксіздігі емес. Жалпы, ІІМ-нің жоғары жақтағылары ештеме істей алмауы мүмкін, себебі оларға ондай міндет қойылмаған.
Менің көзқарасым бойынша үкіметтің жұмыс істейтін экономикалық жүйені құра алмауы ішкі істер органдары қабілетсіздігінің басты себебі. Өмір сүру сапасының төмендеуіне байланысты үкімет мемлекеттік секторда жұмыс орындарын ашуда, алайда лайықты еңбек өнімділігін талап етпейді.

Шеннен қалай пайда табу керек

Тиімсіз қызметкерлердің көптеп болуы полицейлер немесе өзге де мемқызметкерлерге берілетін қолданыстағы еңбек өтемақысы қабілетті қызметкерлерді жұмысқа алуға мүмкіндік бермейді. Алайда азғындаған тұлғаны, яғни жалақыға жұмыс істейтін немесе шенінен пайда тапқысы келетіндерді жұмысқа алу бұл үлкен проблема.
Бұл жағдай Нобель сыйлығын алған Джордж Акерлофтың жұмысына ұқсайды. Оның негізі егер сатушылар сатып алушыдан көбірек мәлімет білетін болса ол проблемаға алып келеді дегенге келтірілген. Сатушылардың базарда сапалы затты сатуға еш құлқы жоқ, себебі олар одан да нашар тауарды қымбатырақ сата алады. Нәтижесінде сапасыз тауар сапалы тауарды нарықтан шығарады, осылайша жаман тауарлар нарығына айналады. Біздің шындыққа айналдыратын болсақ онда адал жұмысшы мен нашар жұмысшыға бірдей төмен жалақы қоятын болсаң, адал жұмысшы басқа жұмысқа ауысады, ал нашар жұмысшы төмен жалақының орнын басқаша толтыруға тырысады.
Екінші жағынан үкімет ІІМ мен өзге де ведомстволарын қысқарта алмайды, бұл әлеуметтік шиелініске және жұмыссыздыққа алып келеді. Ал ол өз кезегінде 6% деңгейінде қалуы тиіс. Оның үстіне полиция қызметкерлерінің басым бөлігі құжат тексеріп, зардап шеккендерді «сатқын» деп атап және митингкке қатысушыларды қамауға алуды ғана біледі.
Бұл қорытындыны Статистика комитетінің республика бойынша 2010-2018 жылдарға арналған дерегі сандармен дәлелдеуге мүмкіндік береді. Жұмыспен қамтылғандар 8 жылда 6% немесе 509 мың адамға артты. Қарапайым сараптама осы уақыт аралығында ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтіндер саны 47% немесе 1 млн адамға азайғанын көрсетіп отыр. Бұл ретте біз өзін өзі жұмыспен қамтығандар туралы айтып жатқан жоқпыз. Сонымен қатар, жұмыссыздар саны да 17% немесе 88 мың адамға азайды. Енді елестетіп көріңізші, сегіз жылда ауыл шаруашылығындағы әр екінші адам жұмыссыз қалды және осы ретте жұмыссыздар деңгейі төмендеді. Бұл қисынсыз ғой.
Білім беру саласындағылардың саны 8 жылда 35% немесе 278 мың адамға артты, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында 34% немесе 124 мың адамға, «мемлектетік басқару, қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуде» - 28% немесе 105 мың адамға арты.
Осы мәліметтерді ең қарапайым саланың көрсеткішімен салыстырайық – көтерме және бөлшек сауда, автомобиль мен мотоцикл жөндеу». Аталған саладағылардың саны соңғы 8 жылда 165 адамға артты, бұл өсім 2010 жылдың бірінші тоқсанындағы санның 13,5% ғана құрады.

Халықтық көтерілістерге дейін бір қадам қалды

Егер білім мен денсаулық сақтау саласындағы жұмыспен қамтылғандардың артуын аталған салаларда түрлі кәсіпорындардың ашылуымен ақтап алуға болса, мемлекеттік басқару саласындағы қызметкерлердің 34% артуын ешқалай ақтап ала алмайсыз.
Жасыратыны жоқ, үкіметті бұл мәселе алаңдатып отыр және ол халықтың көтеріліске шығуын болдырмас үшін бірнәрсе істеуі керек. Сондықтан да үкімет мемлекеттік қызметкрелердің санын арттырып, жұмысқа көбірек адам алуда. Біріншіден, бұл адамда жұмыста немен айналысатыны бір құдайға ғана аян. Екіншіден, салық төлеушілердің қаржысы әлеуметтік қайырымдылыққа кетіп жатыр, негізінен ол әлеуметтік инфрақұрылымға және өмір сүру сапасын арттыруға жұмсалуы тиіс. Мұндай қорытындылар жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін, алайда мемлекеттік басқару секторындағы еңбек өнімділігі мен тиімділігі бойынша ешқандай сараптама жүргізіліп жатқан жоқ.
Ауыл шаруашылығы саласынан босап қалған 1,5 адам қайта кетті? Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік және квазимемлекеттік салалардың үлесіне 500 адам тиді. тағы жарты миллион мына салалар арасында өзара бөлісіп орналасты: көтерме және бөлшек сауда, көлік және қаттау, «кәсіби және ғылыми қызмет», «әкімшілік және көмекші қызмет көрсету саласындағы қызмет». Сонымен қатар, қалған жарты миллионда ел экономикасы сіңірді.
Осыдан шығатын қорытынды Қазақстан үкіметі ішкі істер министрлігінің жүйесін реформаламайды, себебі бұл ауылдан шығарылған және Қазақстанның жартылай мемлекеттік экономикасында өз орны жоқ көптеген адамдарды нәпақасынан айырады. Қазақстан үкіметі Жаңаөзенде орын алған жағдайдың қайталануын қаламайды, себебі ол оны тек тексерілген большевиктік жолмен ғана шеше алады.
Бар мәселе Қазақстанның жартылай мемлекеттік экономикасында және мемлекеттік биліктің ірі капиталмен тұтасып кетуінде. Мәселе спортшының өлімі дәлел болған қоғамдағы теңсіздікке алып келетін капитал монополиясына тіреліп тұрған жоқ. Басты проблема бар капитал биліктің қолында болғандықтан орта таптың қалыптасуына еш мүмкіндіктің болмай тұрғанында. Бүгінде тек орта таптың кәсіпкерлік пен экономиканы дамытуға және тәуекелге баруға ниеті мен біліктілігі бар.

Үш досты қамап жемқорлықты жеңіңіздер

Орта тапты дамыту дегеніміз олигархтар мен олардың жақындарының одан ары баюын тежеу дегенді білдіреді. Яғни, сингапурлық көшбасшы Ли Куан Ю айтқандай: «Жемқорлықты жеңгіңіз келе ме? Үш досты түрмеге жабыңыз. Сіз тура білесіз не үшін екенін және олар да біледі».
Біз президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әр бизнесменді жетектеп прокуратураға апаруға болады деген сөзін білеміз. Алайда ол жаққа тек оппозиционерлер ғана апарылады. Осы ретте, ірі банктер президенттің отбасына жақындығы бар екенін немесе қандайда бір басшының отбасына қатысы бар екенін жасырмайтынын атап өтуге болады.
Екіншіден, нарық қатысушыларының барлығы бірдей және сотпен кепілдендірілген ойын тәртібін қалыптастырған жөн. Бұл жақын күндері бола қоймайтыны анық, себебі соттың адал болатынына бүгінде сену өте қиын.
Үшіншіден, үкіметтің қандай уақыттық кеңістікте екенін түсінгені абзал. Барлық жоспарлар, тұжырымдамалар мен стратегиялардың үкімет пен бизнестің ортақ бәтуаластыққа келмей жатып пайдасы болмайды. Ортақ келісімге келгеннен кейін ұсыныс пен сұранысты басқару бойынша экономикалық саясат шаралары туралы әңгіме қозғауға болады. Яғни, экономиканы ғылыми әдіспен және баяғыда жасақталып қойған механизмдер мен ұсыныстар арқылы дамыту.
Осы шаралардың барлығы еңбек нарығындағы дағдарысты шешуге, мемлекеттік емес органдарға, өндіріс пен қызмет көрсетуге күштерді бөлуге септігін тигізеді.
Осылайша, босаған жұмыс күші өзіне коммерциялық сектордан лайықты орын тапқанда немесе еркін кәсіпкерге айналған жағдайда ғана мемлекеттік қызмет пен ІІМ реформалауға болады. Я болмаса мыңдаған полиция қызметкерлері көшеде кетіп бара жатқан азаматты кешке қарай қызметтік құжатынсыз қарсы алатын болады. Сондықтан да спортшының өлімі ІІМ қайта құрудан басқа іргелі реформаларға алып келуі тиіс немесе ол алдағы үлкен күйзеліске апарар жолдағы трагедиялық кездейсоқтық қана болып қалады.

adimage