Хуанхэ – Сары өзен

Күні: 11:03, 24-05-2019.

Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан журналистер одағының өкілі Қытайдағы «Азиялық өркениеттер диалогы» форумына қатысты.
Хуанхэ – «Сары өзен» – 1956 жылы негізі қаланған Sitrak компаниясының жүк көлігі «Hohan» деп аталады. Ал 1960 жылы жоғары технологиялы қозғалтқышы мен трансмиссиясы бар «Хуанхе» шығарылды. Бүгінде компанияның атауы Sinotruck деп өзгертілген, Қытайдағы ауыр жүк көлігі мен автомобиль өндірісі бар ірі база. Компания өнімдерімен форумға келген Азия елдерінің қатысушылары – журналистер танысты. Қазіргі таңда Sinotruck Қытайдың 9 провинция мен муниципалитетінде фураларды, орташа және жеңіл жүк көтергіштегі жүк көліктерін, арнайы мақсаттағы автобустар мен автомобильдерді шығарады. Барлығы орташа және жеңіл көтергіштегі 200 мың ауыр және 150 мың жүк көліктерін шығарады.
Бейжіңнен жоғары жылдамдықтағы пойызбен 17 елдің журналистері жеткен Цзинин қаласында Sinotruck компаниясы орналасқан. Жылдамдығы 300 - 350 км/сағ құрайтын пойыз Қытайда жасалған. 1950-ші жылдардың соңында ҚХР КСРО-ға келіп материалдық көмек көрсетуді сұраған болатын. Ал, XXI ғасырда күллі әлем Қытай экономикасы мен технологиясының белсенді дамуын қарап отырды.
Шаньдун провинциясы ҚХР-ның шығысында орналасқан және көне заманнан бері қытай өркениетінің тал бесігі деп есептеледі. Мұнда көне тарих, мәдениет пен салт-дәстүр жаңа технология және өндіріспен біте қайнасып кеткен. Оның ішінде телевизия да бар. Журналистер – «Азиялық өркениеттер диалогы» форумының қатысушылары осыдан үш жыл бұрын құрылған CovergenceMedia ақпараттық орталығында болды. Жарты күннің ішінде мұнда 4 мыңға жуық сюжет келіп түседі, олардың барлығы 10 экранда бір уақытта көрсетіле береді және де олардың әрқайсысы оқиға орнынан қосыла алады. Студия жаңа технологиялармен жабдықталған, оған екі оператор мен бір жүргізуші қызмет көрсетеді. Барлық жабдықтар Қытайда жасалған.
Хуанхэ – «Сары өзен» – ол Қытайдағы ең ірі өзен ғана емес, сонымен қатар оның символы мен киелі мекені.
«Тайшань тауы аспанмен, Сары өзен мұқитпен кездескен жерде дана Конфуций адамзат үшін дүниеге келді», - дейді қытай халқы.
Шаньдун провинциясына Конфуций рухы сіңіп кеткен. Журналистердің жалпықытайлық қауымдастығы – баспасөз-тур ұйымдастырушылары қатысушылардың барлығы табиғатқа, халықтың салты пен дәстүріне қанық болуы үшін барын жасады. Қытайлық иероглиф музейінде журналистер каллиграфия сабақтарын алды, қағазға басып шығаруға және матаға жазуға тырысты, тіпті, хан үлгісіндегі киімдерді киіп, сол киіммен шәй рәсіміне қатысты. Бұл шаралардың барлығы Конфуцийға арналған кешеннің құрамына кіретін HukeahAcademy тау қонақ үйінде өтті. Оның 90-метрлік қола мүсіні Ху тауында орналасқан, бұл жер қытайлықтар үшін құлшылық орнына және журналистер мен туристер үшін экзотикалық мекенге айналып үлгерген. Кешен үлкен Конфуций ескерткішінен, музейден, спектакльдер мен форумдар, фестивальдер, Конфуций мәдениеті фестивалі өтетін орындаушылық өнер орталығынан тұрады. Баспасөз-турға қатысушылардың барлығы аталған нысанға адамдардың көп келетініне көз жеткізді. Бастауыш сынып оқушылары калиграфия саласында білімдерін жетілдіреді, ал жоғары сынып оқушылары Конфуцийді және оның биографиясын зерттейді, ал егде жастағылар оған басындағы базынасын айтуға келеді. Сонымен қатар, данышпанның әрқайсысына айтар ақылы бар, бірақ оны әрқайсысы әрқилы түсінеді.
90-метрлік Конфуцийдің ескерткішіне қарайтын болсақ, толқып кетесің, құдды онда қытайлықтардың экономикалық табыстылығының бар құпиясы бардай. Қазақ халқында «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Осы ретте, қытай халқы мемлекет пен үкімет саясатының негізіне айналған Конфуций оқулары мен философиясын құрмет тұтады. Осыдан 2500 жыл бұрын тұрған Конфуций ілімі мектептердегі міндетті пән болып табылады. Ата-аналар мен үлкендерге құрмет көрсету балаларды тәрбиелеудегі басты басымдықтардың бірі.
Журналистер Конфуций ескерткіші мен оның тұрған үйіне сәлем беріп жүрген, пионер галстугы бар көптеген оқушы мен тинейджерді кездестірді. Жердің әр кішкентай бөлігінің өзі алтынмен пара пар миллиардтар елінде бірде бір адамға, шенеунікке Конфуций кешенінің аумағында салынған 170 нысанның бірін сүріп тастау туралы ой келмейді. Олар ол жаққа 14 га алаңға өзіне керек нысанды немесе үй салуды тіптен ойламайды. Конфуций осыдан 2,5 мың жыл бұрын тұрды, Ал, Цзинь династиясының ұлы басқарушылары - Юань, Мин немесе Циннің 170 нысан мен 460 бөлмеден тұратын кешенді жаңартудан басқа мүмкіндігі болмады. Конфуций ғибадатханасы тарихи, мәдени құндылық болып есептеледі және ол ЮНЕСКО тізіміне әлемдегі ең көне кешен ретінде енгізілген.
Қазақстанда да ұлы ойшыл, философ, ақын және жазушы Абай Құнанбаев болды. Өкінішке орай ол туралы тек атаулы күндерде еске аламыз. Семейде оның кішігірім музейі мен ескерткіштері бар. Менің ойымша Семейдегі ескерткіш тас үйіндісіне көбірек ұқсайды. Ол ұлы ойшылдың рухын, ақылы мен талантын көрсетпейді.
Кезінде дүркіреген Семей бүгінде базарлардың шет аймақта орналасқан қаласына айналған. Кеңес одағы кезінде мұнда кірпіш, тон, ет консервілерін шығаратын өндіріс орындары бар болатын. Бұрынғы дәулеттің естелігі болып Абай мен Достоевский мүзейі қалған. Кезінде суы арнасынан шығып жататын Ертіс бүгінде тартылған және теплоходтар судың таяз болуына орай онда жүзбейді. Қала басшылары ауысып жатты, Семей де жағасында Ұлы Абай өлең жазып, ән шығарған Ертіс сияқты тартылды.

Баян Рамазанова, Қазақстан журналистер одағының жауапты хатшысы


Жаңалықтармен бөлісу: