Квазимемкомпаниялар депозиттерінің ағымын БЖЗҚ қаржысымен өтей ме?

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Қазақстанның банктік саласы барған сайын түпсіз күбіні еске сала береді. Оған мемлекет қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасы бойынша немесе шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында қанша қаржы құйса да банктік жүйе бұрынғыша ұзақмерзімді өтімділікке мұқтаж.  
Проблема жекелеген квазимемлекеттік компаниялардың өз депозиттерін екінші деңгейлі банктерде жабуымен ушығып отыр, соның салдарынан, мәселен, жақында «Цеснабанкте» өтімділікке қатысты проблема туындап, Ұлттық банктен көмек сұрауға мәжбүр болды.  
Ал квазимемсектор компанияларының  сыртқы міндеттемелерінің зор болуы және сондықтан олардың өз қаржысын шетелдік қаржылай ұйымдарда шетел валютасымен орналастыруды жөн санауы, оның үстіне барынша жоғары мөлшерлеме бойынша, қазақстандық банктерге қарағанда, ЕДБ-ден кваимемқұрылым депозиттерінің жылыстауы жалғаса береді деп топшылауға болады.  
Оның үстіне оған шетелдік валютадағы депозиттер бойынша қазақстандық банктердің төмен мөлшерлемесі ғана емес, дамушы нарықтардан компаниялар дефолті қаупін арттыратын АҚШ ФРЖ ақшалай-несие саясатын ақырындап күшейтуі де қатты ынтландыру болып отыр.
Мәселе мынада, бұл компаниялардың доллар түріндегі қаржысы көп жиналып қалған, ал ФРЖ монетарлық саясатын қатайту АҚШ-қа капиталдың ығысуына және америкалық валютаның нығаюына алып келетіндіктен, дамушы елдердің компанияларына өздерінің  валюталық міндеттемелеріне қызмет көрсету қиындап барады.
Сонымен қатар қазақстандық банктерден квазимемкомпаниялар қаржысының жылыстауы банк саласындағы өтімділік дағдарысы қаупін арттырады. Сондықтан осы жылыстауды ең болмаса ішінара өтеу қажеттілігі туып отыр. Және шенеуніктер оны жасаудың оңай амалын тапқан секілді.  
5 қазанда халыққа кезекті жолдауын таныстырған ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке алдағы үш жылда өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға Т500 млрд, ал Ұлттық банкке ұзақ мерзімді теңгелік өтімділік ретінде банктерге Т600 ұсынуды тапсырды.
Кейін ҚР қаржы министрі Әлихан Смаилов мәлімдегендей, ЕДБ арналған Т600 млрд соманың Т300 млрд сомасын қаржылық реттеуші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бөлуді жоспарлап отыр, қалған Т300 мдрд. өз қаржысы есебінен бөледі.  
Оның айтуынша, бұл қаражат нарықтық мөлшерлеме бойынша қайтарымды негізде банктерге берілетін болады, ал қаражаттың өзі экономиканың әлеуетті жобаларына жұмсалады.  
Осыған үкімет пен қаржылық реттеушінің «Цеснабанктен» Т450 млрд сомаға ауыл шаруашылық кредиттерінің портфелін сатып алғысы келетінін қоссақ, онда банк саласы үшін кезекті қаржылық екпе қомақты сомаға шығатынын есептеу қиын емес – Т1,05 трлн.  
Банктік салаға жоспарланған инвестиция көлемінің өзі 2017 жылғы көлемді қаржылық құюларға қарамастан бұрынғыша айтарлықтай проблемалардың сақталып отырғанын нақты білдіреді, және ол банктерден квазимемкомпаниялар қаржысының жылыстауына орай шиеленісе беретін болады. Сондықтан шенеуніктердің  банктік жоспар бойынша қолдағылары келетіні, соның ішінде олардың болашақ зейнеткерлердің қаржысы есебінен қолдау ниеттері үлкен қорқыныш тудырады.  Және бұл жағдайда БЖЗҚ қаржысын банктерге нарықтық мөлшерлеме бойынша орналастыру жоспарланып жатқандығы маңызды емес.   Маңыздысы зейнетақы қаржысы толық көлемде қайтарыла ма. 2008-2009 жылдардағы қаржылық дағдарыс кезінде екінші деңгейлі банктердегі зейнетақы жинақтарының немен аяқталғаны жақсы белгілі емес пе.  
Және бұл жолы да зейнетақы қаражаттарын банк саласына инвестициялаудың жаңа шығындар әкелмей, тек кіріс түсіретініне кім кепел береді?  
Тек Т300 млрд соманы банк саласына орналастыру туралы шешім үшін БЖЗҚ-ны басқарушы ретіндегі Ұлттық банктің толық жауапкершілігінде екендігі ғана аздап көңіл жұбатады.  Сондықтан  қаржылық реттеуші салынған зейнетақы қаржысының қайтарылуына мүдделі болады. Бірақ оның шын мәнінде қалай болатынын уақыт көрсетеді.  


adimage