Ұлттық банк «халуа» деп қанша қайталаса да ол одан тәтті бола түспейді

Алматы. 6 тамыз. ҚазТАГ - Сергей Зелепухин. ҚР Ұлттық банкі (ҚРҰБ) халыққа ұлттық валюта бағамының қалыптасуына әсер етіп жатқан сыртқы факторлар туралы айтуды жалғастыруда. Алайда реттеуші бұл факторлардың теңге бағамының қалыптасуы барысында екінші кезектегі мәселе екенін жасырып отыр.
ҚРҰБ өткен жұмада өзінің сайтында сараптамалық материал жариялады, онда ұлттық валюта бағамына әсер ететін факторларға баға берілген. Атап айтқанда, мұнай бағасының, негізгі сауда серіктестері – елдердің валюта бағамының, төлем қабілетінің бүгінгі жағдайы мен инфляция деңгейі, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі және әлемдік пайыздық мөлшерлемелердің ұзақмерзімді айырбас бағамына әсер ететіні айтылған.

Қаржылай реттеуші қандай» жаңалық айтты?

Шын мәнінде Ұлттық банк ештеме демеді, тек әдетінше Қазақстан үшін қалыптасып қалған теңге бағамына әсер ететін факторларды тізіп берді.
Осыған қарамастан, Ұлттық банктің өз сараптамасында қоржындық инвестициялардың бағамның қалыптасуы барысындағы рөліне көбірек көңіл бөлген. Яғни, қысқа мерзімді және шын мәнінде алып-сатарлық капитал туралы кеңірек мәлімет берген. Оның үстіне, соңғы кездері Ұлттық банк осы фактордың маңызы туралы көбірек айтып жүр.
«Наурызда байқалған ұстаушы бейрезиденттердің ең көп көлемі - 453,9 млрд. теңге (баламасы 1,43 млрд. АҚШ доллары) 2018 жылы ұлттық валютаның нығаю шыңына (наурыздың соңындағы жағдай бойынша 1 АҚШ доллары үшін 318,31 теңге) сәйкес келеді. Мамырдан бастап ұстаушы бейрезиденттердің үлесі дамушы нарықтардан портфельдік инвестициялар ағынының жалпы үрдісі және ФРЖ монетарлық саясатын қатаңдату бойынша кейінгі күтулер аясында төмендей бастады. 2018 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша ұстаушы бейрезиденттердің көлемі 158,5 млрд. теңге (баламасы 0,45 млрд. АҚШ доллары) болды, соңғы 4 айда бейрезиденттер 900 млн, АҚШ долларына жуық сомаға бағалы қағаздар нарығынан шықты (шығу сәтіндегі теңге бағамының мәндерін ескере отырып), бұл валюта нарығына әсер етпей қойған жоқ», - деп көрсетілген ақпаратта.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында теңге бағамының нығаюы барысында қысқамерзімді капиталдың артуы аясында қоржындық инвестициялардың ұлттық валюта бағамына әсері туралы айтуы заңдылық болса, ҚР-ның ағымдағы есепшот бойынша төлем балансы сальдосының жағымсыз себептері туралы реттеушінің қорытындысы күтпеген жағдай болды.
«Резиденттердің экспорттық кірістерінің өсуімен байланысты сауда балансындағы едәуір оң жағдайға қарамастан, Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты шетелдік инвесторлардың кірістерді шығаруынан теріс болып қалуда. 2017 жылы бейрезиденттерге кірістер төлемдері 19 млрд. АҚШ долларына жуық болды», - деп атап өтілген хабарламада.
Тәуелсіз сарапшылар шетелдік инвесторлардың елден табысын алып шығуы елдің төлем қабілеті мен ұлттық валютаға тигізген кері әсеріне ерекше назар аударды.
Инвесторлардың табысының көлемі үкіметке және тәуілсіздікті алған алғашқы жылдары жер қойнауын пайдалану бойынша шетелдік мұнай компанияларымен жасалған келісімшарттарға күдік тудырып, сынақ астында жиі қалдырып жатады. Оның үстіне күні бүгінге дейін аталған келісімшарттарда не деп жазылғаны белгісіз күйде қалып отыр.
Ол аздай шетелдік инвесторлардың сыртқа шығарып жатқан үлкен табысының кесірінен Қазақстан колония сипатындағы ел деп те аталып кетті.
Бұл уәж негізсіз болмады: «ресми тұлғалар елге шетелдік капиталдың үлкен көлемі тартылғаны туралы айтады, алайда оның пайдасын Қазақстан немесе қазақстандықтар көріп жатқан жоқ, себебі шетелдік инвесторлар табыс ретінде елден үлкен көлемде қаржыларын алып кетуде».
Оның үстіне статистика бұл уәждің растығын дәлелдеп отыр. Резидент еместердің табысы 2017 жылы 19 млрд құраса, ҚРҰБ-ның мәліметі бойынша дәл осы кезеңде инвестициялардың жалпы ағымы 20,8 млрд долларға жетті. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 15,7 млрд долларды құрады.
Осы тұрғыда, Ұлттық банктің аталған факторларға назар аудартуын жақсы қабылдауға болады. Алайда бұған дейін қаржы реттеушінің бұл банкті бүгінге дейін жария түрде елемей келгенін де жоққа шығара алмаймыз.

Талдың артынан орманды көрмей жатып

Ұлттық банктің еркін өзгермелі айырбас бағамы экономикада теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмауға мүмкіндік береді деген тұжырымдамасы езуге күлкі келтіріп, күмән тудыртады.
«Еркін өзгермелі айырбастау бағамының қолданыстағы саясаты экономикада теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмауға мүмкіндік береді, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ экономиканы долларсыздандыруға ықпал етеді», - делінген қаржылай реттеушінің хабарламасында.
Әрине, «халуа» деп қанша қайталанса да оның одан ары тәтті бола түспейтіні түсінікті. Алайда Ұлттық банк қаласа да, қаламаса да қазақстандық экономикадағы іргелі теңгерімсіздіктер жиналуда.
Бастысы - өндіру секторының тым жылдам дамуы, бірінші кезекте мұнайгаз саласы, тігісін келтіріп айтқанда қайта өңдеу саласының шетелдік валютадағы мардымсыз табысы.
Оның үстіне Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған жобаларының кеңейтілетінін ескеретін болсақ бұл теңгерімсіздік одан ары қарай ұлғая беретін болады. Сондықтан да алдағы уақытта сыртқы факторларға бәрін жауып ақталу оңайға соқпайды.
Жалпы, Ұлттық банктің бағамның қалыптасуына байланысты жариялаған сараптамасы кездейсоқ емес, ол ұлттық валютаның соңғы айлардағы әлсіреуіне байланысты әрекеті болды.
Сондай-ақ, реттеушінің бұл әрекеті валюта нарығында қалыптасқан жағдайға байланысты сыни пікірлерді өзінен аластату екені тайға таңба басқандай анық көрініп тұр.
Жалпы, Ұлттық банктің 2015 жылдан бері теңге бағамын еркін айналымға жіберіп қоюдан басқа амалы жоқ екенін мойындау керек. Сондықтан да Ұлттық банк сыртқы факторлорға сілтеме жасап ақталып әлек болып отыр.
Осы ретте қандай да бір жинақтаған қаржысы бар қазақстандықтарға не істеу керек? Сұраққа алған сарапшылардың барлығы бір ауыздан жинақталған қаржыны әртараптандыру керек дейді.
Егер, бірқатары қалыптасқан үлгіде қаржының жартысын теңгелей, келесі жартысын шетелдік валютада сақтауға кеңес берсе, тағы бір жартысы теңге бағамының әлсіреуі кезінде қаржының басым бөлігін шетелдік валютада сақтауға және тағы бір бөлігін алтынға салуға кеңес береді.
Бұдан басқа, сарапшылар доллар бағамы нығайып жатқан кезде депозитке теңгелей ақша жинау барысында сақ болуды ескертті – ұлттық валютадағы депозиттер мен құнды қағаздар теңгелей ұсынылған.

adimage