Инчхон. 18 сәуір. ҚазТАГ – Әуежайдағы гольф-клуб – Оңтүстік Корея осы елге ұшып келген сәттен бастап саяхатшыларды таң қалдыруын бастайды. Гольф-клубы бар әуежай Инчхон қаласында орналасқан, ол елдің ірі мегаполистері үштігіне кіреді. Осы қалаға Корея Республикасының Журналистер қауымдастығы ұйымдастырған Бүкіләлемдік конференцияға 40 елден журналистер жиналды.
Инчхонде будда шіркеулері мен әлемде жетінші орынға ие ұзындығы 12,3 шақырымды құрайтын керме көпір бар. Инчхоннның көк тіреген үйлеріне қарап, бұл жерде бір кездері балық аулаумен айналысатын ауыл болғанына сену қиын. Қазір мұнда Жрналистердің бүкіләлемдік форумының қатысушылары наурыз айының соңында аралаған еркін экономикалық аймақ, Даму орталығы орналасқан.
Биік ғимараттағы Еркін экономикалық аймақ промо-орталығының орналасуы да ерекге. Ондағы панорамалық терезелер мен көптеген мониторлардың көмегімен Инчхон мен Кореяның басқа да қалаларының болашағын елестетуге болады. Негізгі міндет – жоғары технология бойынша экологиялық таза қалалар құрылысы. Журналистерге келгендеріне үш күн болғанда Самангеум Теңіз бөгетіне барғанда ғана Корей түбегінің ертеңгі күні көрсетілді. Оның құрылысы 1991 жылы қарашада басталған, ол ұзындығы 34 шақырымды құрайтын ең ұзын бөгет болып табылады. Оңтүстік Кореядағы АҚШ елшісі Кэтлин Стивенс 2010 жылы бұған таңданысын білдірген екен. Ол ҚХР-да Ұлы Қытай қабырғасы, ал Кореяда енді Ұлы теңіз қабырғасы барын айтқан екен. Сол жылы Гиннестің рекордтар кітабында бөгет әлемдегі ең ұзын теңіз жолы ретінде тіркелген. Қазіргі таңда Самангеум – бұл адамдар тұратын 10 аралдан және 47 адам тұрмайтын аралдан тұратын әлемдегі табиғи теңіз саябағы. Алдағы 10-20 жылда оның барлығы инфрақұрылымы дамыған және экологиясы таза адам тұруға жарайтын жерге айналуы да ғажап емес.
Және бұл таң қалдырмайды. Оңтүстік Корея ашық экономика және сауда басымдығын қолдана отырып, шетелдік инвестицияны белсенді тарта отырып, өзінің жаңару жолынан өтті. Журналистер – Бүкіләлемдік медиа форумға қатысушылар бұл елдегі ең басты сөз инновация, технология, инфрақұрылым екенніне көздерін жеткізді. Бұл өмірдің барлық саласына да қатысты. ІЖӨ бойынша 12 орында тұрған Корея әлемдегі экономикасы ең дамыған елдер 12-лігіне кіреді. Бұл мемлекет кемелердің ең ірі жасаушысы болып табылады, оның нарықтағы үлесі - 45%. Ғылымды қажет ететін машина жасау, электроника дамыған, ұялы телефондар өндірісі бойынша әлемде екінші орын, машина жасап шығару бойынша бесінші орынға, құрыш құю өндірісі бойынша алтыншы орында тұр. Тұрмыстық электроника өндірісі де жылдам қарқын алуда: лазерлік құрылғылар, компьютерлер, микросхемалар. Өкінішке орай, журналистерге ең болмағанда өнімнің соңғы кезеңіндегі бірде-бір өндірісті көрсетпеді. Мәселен, Сувон қаласында орналасқан әлемге танымал Samsung компаниясының зерттеу орталығына барғанда экскурсия тек компания мұражайымен шектелді. Бір апта бойы болған баспасөз туры барысында журналистерге салынған жолдар мен бөгеттерден басқа тек сұлбалар мен схемалар ғана көрсетіліп келді. Бұл түсінікті де – коммерциялық және технологиялық құпия. Ал қазіргі жетістік пен прогреске олар халқының басынан өткен үлкен қиындықтар арқылы қол жеткізген. Сонау 1960 жылы Оңтүстік Кореяның өңірдегі кедей елдердің бірі болғанын елестету қиын. Қазір бұл кеме жасау және теңіз логистикасы бойынша көш бастап тұр, ал Корея көліктері бүкіл әлемді жаулап алып, Еуропа мен АҚШ ұлттық көліктерімен бәсекеге түсуде.
Оңтүстік Корея аграрлық салада реформалар жүргізді, инвестициясын шағын ферма шаруашылықтарына, білім мен денсаулық саласына жұмсады. Мәселен, Тэджонде – елдегі ірі өнеркәсіптік және ғылыми-зерттеу орталықтарының бірінде үлкен емхана бар. Оған емделу үшін тек осы елдің азаматтары ғана емес, шетелден де келеді. Тэджон сондай-ақ, заманауи өнер мен технология қаласы. 1993 жылы бұл жерде ЭКСПО бүкіләлемдік көрмесі өтті. Оның ашылуына орай орасан зор көпір, саябақ, мұнара және Ұлттық ғылым мен техника мұражайы салынған.
40 елдің өкілі үшін баспасөз туры барысында ұйымдастырушылар – Корея журналистерінің қауымдастығы – машина жасау мен технологиядағы жетістіктермен таныстырып қана қойған жоқ, халқының бай ежелгі тарихымен, мәдениетімен де таныстырды. Кванджу қаласында журналистер мемориалдық кешенді аралады. Бұл жерде 1980 жылы үкіметке қарсы ең ірі қарсылықтар орын алған, оларды аяусыз басқаннан кейін көптеген шеруілге шығушылар қайтыс болған. Құрбандарды еске алу құрметіне ескенрткіш тұрғызылып, «18 мамырдың Ұлттық зираты» («Национальное кладбище 18 мая») деп аталған. Журналистер 1 минут үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алды, сосын кешен аумағындағы мұражайды аралады.
Корея тәуелсіздігінің осындай ескерткіші Чхонан қаласында да бар. Бұл жерде фотосуреттер, балауыз пішіндер, тәуелсіздігі үшін Жапониямен соғыс кезеңінің қарулары қойылған. Чхонан – будда шіркеулерінің және салмағы 60 тоннадан астам 15 метрлік қоладан құйылған Будда мүсінінің қаласы. Осы жерде жасы 400 жылдан асқан жаңғақ ағашы өсіп тұр. Корей халқы өз тарихы мен мәдениетін қатты қадірлейді, дегенмен осы ғасырдың мүмкіндіктері мен болашағын белсенді түрде пайдаланып келеді.
Журналистер бұл халықтың қандай құпияларын білді және корей жетістігінің құпиясы неде екені келесі мақалада.
Баян Рамазанова, Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін10 Ақпан 2021, 14:41
-
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз30 Шiлде 2020, 08:42