Рубльге итермелеу: Ресей долларға тыйым сала ма және қазақстандық теңгемен не болады?

Алматы. 16 тамыз. ҚазТАГ - Кемар Машанло. 22  тамызда жаңа санкцияларды енгізуге уәде еткен және Мәскеу тарапынан қарымта шаралар болуы мүмкін - РФ-ға АҚШ тарапынан түсірілген кезекті қысым жағдайында күтіліп отырған ресейлік қаржы нарығындағы ревалюциялық өзгерістерге, өзара тығыз байланысты рубль мен қазақстандық теңгенің тағдырына қатысты болжамдар аз емес.
АҚШ банктеріндегі карталық есепшоттар арқылы долларлық есеп айырысу жүргізу мүмкіндігінен  айыруы мүмкін жеті ресейлік банкке қарсы (Сбербанк, ВТБ, ВЭБа, Россельхозбанк, Газпромбанк, Мәскеу банкі және Промсвязьбанк) жаңа америкалық санкциялардың төндіретін қаупі қандай болмақ.
РФ-ның бірінші вице-премьері, қаржы министрі Антон Силуанов «Воскресный вечер с Владимиром Соловьевым» телебағдарламасында доллар барған сайын тәуекелі көп және сенімсіз құрал болып бара жатыр деп кесіп айтты, сонымен қатар Ресей алдағы уақытта өзге мемлекеттермен есеп айырысу бойынша ұлттық валютаға көшуі мүмкін, тіпті мұнайды саудалауда да деп атап өтті.
«Жасыл» деген осы болды ау деген ой келді. Кезінде тоқсаныншы жылдары бұрын бәрін қызылдар шешсе енді жасыл шешетін болды дейтін болған.
«Рубль ең қатты валюта болып барады! Еш ойланбастан шетелдік өкілдер бір долларды 65 рубльге ауыстыруда!» - деген өткен ғасырдағы киножурналдың біріндегі пікір уақыт өтсе де өз өзектілігін жоғалтпаған сияқты.
«Оны бұрын істеу керек еді. Алайда бұл мәселеге бәрі ушыққан жағдайда қайта оралдық. Мемдумада жоспар бар, онымен ресейлік бизнес таныс және олардың үштен бір бөлігі қолдап отыр. Долларға тыйым салу керек, оны есептесу немесе сақтау үшін қолдануға болмайды. Бұл революциялық мәселе және сол кезде ғана ұлттық экономиканың гүлденуіне келеміз», - деп БАҚ өкілдері мемдуманың бюджет және салық комитетінің өкілі Евгений Федоровтың мәлімдемесін келтіруде.
«АҚШ-та біздің банктердің корреспонденттік есепшоттарын жауып тастауы мүмкін. Бұл рубльдің бірден құлдырауына алып келеді», - деп пікір  білдірген  Антон Шабанов  осындай сценарийдің жүзеге асуына дейін жетпейді деген үмітте.  
Сарапшылардың пайымынша долларға тыйым салу сынды мәжбүрлі шаралардан қарапайым халық жапа шегуі мүмкін.  Бүгінде «Левада-центр» сауалнамасының қорытындысы бойынша шетелдік валютаның кіруіне тыйым салуды ресейліктердің 64% қолдайды деген нәтижесіне қарамастан «Чемберленнің жауабы»  кері әсерін тигізгендердің саны аз болмауы мүмкін.
Кейбір мамандар салымдарды мәжбүрлі конвертациялау  Ресей рублінің бағамы төмендеген жағдайда ғана жұмыс істейді, ал АҚШ шаралары РФ билігіне қысым түсіруді көздейді деп есептейді. Осы ретте, валюталық салымдар туралы пікірталастар халықтың  дүрлігуіне себеп болуда.
«Мәжбүрлі конвертация 2001 жылы Аргентинадағы дағдарыста қолданылған болатын, осыдан он жыл бұрын пиесо мен доллар бірге бір бола тұра үкімет төртке бір есебімен валюталық конвертация жүргізді, - деп еске салды Veta сараптамалық топтың серіктес басқарушысы Илья Жарский. – Ол кезде салымшылар салымдарының 75% айырылып қалды. Оны мемлекет әділетсіз айырбас бағамымен тәркіледі».
Ағымдағы жылдың наурыз айында үлкен мәжбүрлі конвертациядан Латвияның үлкен жекеменшік Rietumu деген банкі өтті, ол клиенттеріне қызмет көрсетудің базалық валютасын доллардан еуроға ауыстыруды ұсынды және қалған долларлай есеп шоттар еуроға автоматты түрде ауыстырылды.
«Менің ойымша Ресей доллармен есеп айырысуды тоқтатады деген сыбыстар ол тек сыбыс қана, бұл нарыққа рубль құлағанда жақсылап ақша табу үшін әдейі таратылған сияқты», -деп есептейді «Алор Брокер»  компаниясының сарапшысы Алексей Антонов.
«Билік халықтың дүрлігуін барынша басуға тырысуда, алайда өзінің өмірінде үш рет девальвацияны көрген халықты қалай басуға болады: 1998, 2008 және 2014 жылдары? Олардың аяқтары айырбастау пунктеріне өздігінен жүгіруде және ол онлайн интернет банк болса мейлі, тек валютаның болуына қатысты тәуекелі бар шынайы айырбастау пункті болмаса әрине», - деп атап өтті сарапшы.
Сонымен қатар, көптеген сарапшылардың ойы бойынша клиенттердің өз валютасын ала алмауы сияқты жағдайлармен бетпе-бет келмеуі мүмкін.
«Жаңа санкциялар іріктелген сипатта болады және экономиканың нақты бір сигменттеріне қатысты болмақ. Сондықтанда дүрлігудің немесе мембанктерден қаржыларын шешіп алудың еш себебі жоқ», - деп есептейді «БКС Премьердің» инвестициялық стратегі  Александр Бахтин.
Жекеленген сарапшылар, ресейліқ рубльдің болашағы туралы айтқанда айтарлықтай болжамдар жасауда, оған сәйкес оның бағамы бір доллар үшін 200 рубльге дейін құнсыздануы мүмкін, 1998 жылы да халық рубль үш есе төмендеп кетуі мүмкін екеніне сенбеген болатын.
Сарапшылар қазақстандық валютаға қатысты да пікір білдірді. Ресейлік сарапшы Натальи Мильчакованың айтуынша, нақты бір жағдайларда теңге 1 доллар үшін 400 теңгеге дейін төмендеуі мүмкін.
Оның пайымынша, бұл сценарий жақында ғана Ресейге қарсы жарияланған санкциялардың есебінен болуы да ғажап емес.
Осы ретте, оның пайымынша шетелдік инвесторлар жаппай ресейлік құнды қағаздардан бас тарта бастайды, бұл өз кезегінде рубльді ғана емес теңгені де құлдыратады.
Осындай қорқынышты болжамды қазақтандық экономист Айдархан Құсаинов жоққа шығаруға тырысты, ол сенімді түрде доллар бағамы 400 теңгеге дейін жетпейді деп мәлімдеді.
Ол осыдан бір жыл бұрын теңге бағамына мұнай бағасы және әлемдік нарықтардың жағдайы әсер етуін тоқтатты деген бірқатар сарапшылардың  пікірімен келіспейтінін алға тартып отыр.
«Іргелі факторлар баяғыша жұмыс істейді, бірақ олар ұзақ әсер етеді, оның үстіне қазақстандық ұлттық валюта бағамына әсер ететін көптеген өзге де себеп бар», -деп сендірді ол.
Сарапшы ұлттық валюта бағамы нарыққа қатысушылардың өзара келісіміне байланысты екеніне, тіпті олардың қатарында Ұлттық банк те бар екеніне келіспей отыр.
«Бұл мүлдем олай емес. Ұлттық банктің құнды қағаздарында миллиард доллардан астам шетелдік инвесторлар бар. Шетелдіктер кірмекші болып жатқанда алдымен бағалайды және бірінші кезекті біздің валютаны. Егер батыстың сарапшылары біздің валюталық нарық түсініксіз және теңге бағамы нарықтық емес екеніне көзі жетіп отырса онда инвесторлар бізге келмес еді. Миллиардтан астамы кірсе (долларлай инвестициялық салымдар - ҚазТАГ), яғни инвесторлар барлығын түсінеді деген сөз», - деп есептейді А.Құсаинов.

Сонымен қатар, ол елде кеңінен тарап жатқан сыбыстардың әсерінен халықтың жаппай айырбастау пунктеріне лап беруінен қазақстандық қаржы нарығына түсетін қауіпті де көріп отырған жоқпын, дейді.
Доллар-теңге қарым-қатынасына әсер еткенде де ол соншалықты үлкен болмайды, деп есептейді ол.
«2017 жылдың қыркүйек-қазан айында осындай дүрлігуді көрген болатынбыз, ол ақырын тегістеледі», - деп сендірді ол.
Сарапшы Қазақстанның валюталық нарығындағы қалыптасқан қазіргі жағдайға қарамастан доллардан бас тарту процесінің іс жүзінде жүріп жатуына оң баға беріп отыр. Атап айтқанда бұл процес жылжымайтын мүлік пен автомобильдерді сатып алу - сату  салаларында жақсы жүргізілуде.
Сауда келісімдерін жасау барысында сатушылардың барлығы теңгелей ойлай бастады және доллар бағамының өзгеруіне соншалықты назар аудара бермейтін болды.  
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жақын күндері теңгенің долларға шаққандағы бағамының өзгеруі қалыпты жағдай және құлдырау болып табылмайды, деп мәлімдеме жасаған болатын.
«Біз теңгенің 1-2 күнде бағамының өзеруін девальвация деп есептеп үйреніп кеткенбіз. Жалпы, теңге жыл басынан бері 4,3% әлсіреді. Біздің макроэкономикалық тұрақтылыққа әсері дегенде бұл соншалықты қорқынышты көрсеткіш емес, белгіленген межеде», - деді Т.Сүлейменов сейсенбідегі үкімет отырысының кулуарында.
Ол толықтырып кеткендей, бүгінде ҰЭМ қазақстандық экономиканың қозғалысын сараптауда.
Ал, ұзақмерзімді жоспарға келетін болсақ, дәлірек айтқанда 2019-2021 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті құру бүгінде болжауға мүмкін болмай отырған түрлі факторларға байланысты болады.
«Көбіне бұл болжауға мүмкін емес факторларға байланысты болады – АҚШ қаржы-несие саясаты, жақын көршілеріміздің экономикасына жарияланған санкциялар мен экономикалық интеграция бойынша серіктестер. Бұл сараптаманы біз жасаудамыз. Мен сіздерден санкциялар бойынша сұрақ болама деп сұрағым келеді. Біздің америкалық серіктестерімізбен жақсы диалог орнаттық, яғни санкциялар біздің еліміздің экономикалық мүдделеріне кері әсерін тигізбеуі туралы. Олар санкцияларды жасақтау және енгізу барысында біздің елдің мүддесін ескеретініне  кепілдеме берді», - деп толқытырды Т.Сүлейменов.
Бұған дейін, Ұлттық банктен теңге бағамының төмендеуі АҚШ-тың Ресей, Қытай мен Түркияға қарсы жариялаған санкцияларына байланысты деп хабарлады.



adimage