Қытай үкіметі діни сенім еркіндігін құрметтейді және қорғайды – дипломат

Алматы. 23 қараша. ҚазТАГ – Қытай үкіметі діни сенім еркіндігін құрметтейді және қорғайды, деп хабарлады ҚХР-ның бас консулы Чжан Вэй Алматыда Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағында (ШҰАА) орын алған жағдайға қатысты  түсініктеме беру барысында.
«Қытайдың ШҰАА-сы Қазақстанмен көрші болып келеді, оларды бір тау бөктері, өзендер, ұқсас мәдениет, қызығушылықтар мен терең қарым қатынас байланыстырып тұр. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин айтқандай: «туыстар бір біріне тек бақыт, ал көрші – жақсылық тілейді». Шыңжаң Қазақстанның қытайлық көршісі ретінде қазақстандық халықпен етене таныс. Алматыдан Үрімжіге  - ШҰАА-ның әкімшілік  орталығына ұшып бару үшін екі сағаттан аз уақыт керек. Көне және заманауи Жібек жолы Қытайдың Шыңжаңы мен Қазақстанды тығыз байланыстырып отыр», - деді Ч. Вэй жұмада.
Ол атап өткендей, Шыңжаң құрлық кеңістігі бойынша ең үлкен провинция және Қытайдың табиғи ресурстарға өте бай, табиғаты әсем аймағы болып табылады.
«Бұл қазына жері, Шыңжаңның әсемдігі бір өлеңде әдемі берілген: «Біздің Шыңжаң – ғажап жер. Таньшань тауларының оңтүстігі мен солтүстігінде – шөпке бай жайылымдар. Жел тұрады, шөптер басылады және жайылып жүрген малдар көрінеді. Жүзім, қауын мен өзгеде тәтті жемістер. Барлық жерде көмір, темір, алтын мен күміс кендері бар», - деді бас консул.
Дипломат толықтырып кеткендей, Шыңжаңның аумағы 16 млн (дұрысы 1,6 болуы тиіс) шаршы шақырымды құрайды, онда 24 млн астам тұрғын өмір сүруде.
«Ұйғырлар,қазақтар мен өзге де 40 астам этностық топ  бақуат, теңдікте, келісім мен ауыз біршілікте, бірлесіп ұлттық автономиялық аумақты дамытып және қорғап  өмір сүруде. Осы ретте, олар базалық саяси режимді негізге алып отыр, түрлі ұлт өкілдері ұлттық бірлікті қорғау қағидасы бойынша өз бетінше жергілікті істерді басқаруда. Автономдық ауданның төрағасымен, автономды округтердің губернаторларымен және автономдық уездің басшылары болып азшылық ұлттар өкілдері жұмыс істеуде және аудандық автономия режимін жүзеге асыруда», - деді қытайлық дипломатиялық миссияның басшысы Алматыда.
Қазіргі таңда, оның айтуынша, Шыңжаңда азшылық ұлттардың өкілі болып табылатын 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер тұрады.
«Шыңжаңның түрлі этностық топтан шыққан тұрғындары бір бірінің дәстүріне және діни сеніміне құрметпен қарайды. Құрбан айт және Көктем мерекесі (Қытай  Жаңа жылы) – екеуі де жергілікті үлкен мейрам және демалыс күні болып табылады. Ислам – бұл жергілікті халықтың басым бөлігі ұстанатын дін, ол кеңінен тараған және қоғамға әсер ету күшіне ие», - деп атап өтті Ч. Вэй.
Ол баса айтып кеткендей, 10 этностық топтың өкілдері және ұйғырлар мен қазақтарды қоса алғанда ислам дінін ұстанады.
«Үкімет халықтың діни сенім еркіндігін құрметтейді және қорғайды, заң аясында діни ғимараттарды қорғап, дұрыс діни қызметті қамтамасыз етеді. Ұзақ жылдар бойы діндарлардың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Құран мен діни кітаптар ұйғыр және қытай тілдерінде басып шығарылып келеді. Діндарлардың күнделікті құлшылық етуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында мешіттердің құрылысы мен қайта қалпына келтіру жұмыстары қаржыландырылып келеді», - деп хабарлады бас консул.
Ол толықтырып кеткендей, Қытай үкіметі жыл сайын қажылықты өтеу үшін Меккеге чартерлік рейстер ұйымдастырады.
«2009 жылдың 5 шілдесінде Үрімжіде жантүршігерлік террористік акт орын алды, нәтижесінде 200-ге жуық адам қаза тауып, 1700 астамы жарақат алды. Үрімжідегі Нанмэнь алаңы түрлі ұлт өкілдерінің барлығы демала алатын және серуендей алатын жер, алайда террористер мұнда бейкүнә жандарды өлтірді», - деп еске салды дипломат.
Бас консул атап өткендей, бұған дейін және осы жағдайдан кейін де Шыңжаңда және оның аумағынан тыс террористердің бірқатар қылмыстық әрекеттерінің желісі жүзеге асырылды.
«Олар балалар мен әйелдерге үлкен қатыгездік танытты. Террористер исламға қарсы шықты, жауыздықпен адамдарды өлтірді, заңға қарсы шықты, соның нәтижесінде Шыңжаң халқы сол бір кездері үлкен қорқынышпен өмір сүрді және қала үлкен күйзеліске ұшырады. Шыңжаңның түрлі этнос өкілдері террористерді жек көреді, осы ретте үкімет әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамды ұзақмерзімді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында халықтың қалауымен және заң аясында «үш жауызбен», яғни сепаратизммен, экстремизм және терроризммен күресуде шешуші шешімдер қабылдады», - деді Ч. Вэй.
Соңғы екі жыл қатарынан үкімет «бір қолымен күресу, екінші қолмен алдын алу» принціпін қатал ұстанып келеді, және қауіпті террористік қылмыстармен күресуде, оның пайда болуына әкелетін көздерді жоюға үлкен көңіл бөлуде.
«Кәсіби-тенхикалық білім беру және үкіметті дайындау арқылы экстремизмге қарсы шаралар жүзеге асырылуда, бұл өз кезегінде шалыс қадам басқан жандарды оқытып, олардың дұрыс жолға түсуіне және террористік сипаттағы тыңдаған аудиожазбалар мен бейнежазбалардан, заңсыз уағыздардан  алған әсерінен құтылуға көмектеседі», - деп түсіндірді дипломат.
Бас консул атап өткендей, Шыңжаң жүргізілген кәсіби-техникалық  білім мен дайындық аясында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
«Мысалы, 1968 жылы Қашқарда туылған Дулат академиялық үлгерімі және үстел теннисінде жеткен жетістігі үшін Қашқар педогогикалық иснтитутынан арнайы шақырту алды. 1990-жылдары оқу бітіргеннен соң Дулат сол кездегі көптің бірі болып шетелде бизнеспен айналысып, табыс табуға аттанады. Достарының тигізген кері әсерінің нәтижесінде ол тағдыр тәлкегіне ұшырап, экстремистік және сепаратистік көзқарастың құрбаны болады, «ұйғырлар мұсылман болып туылады», «Шыңжаң ұйғырлардың жері, бірақ ханцылар оны басып алған» және т.т.», - деп ағынан жарылды Қытай дипмиссиясының басшысы Алматыда.
Кейінірек дипломат атап өткендей, Дулаттың санасы соншалықты уланғаны ол әскери қақтығыстарды қалай жүргізуге, қаруды қолдану, қол күрес, адам өлтіру, жарылғыш заттарды пайдалану сияқты әрекеттерді үйреніп, өзінің «Шығыс Түркістанды босату ұйымының» өкілі екенін мойындауға мәжбүр болған.
«Үйіне қайта оралғаннан кейін ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкіметтің қамқорлығының арқасында Дулат кәсіби-техникалық білім орталығына келіп білімін жетілдіреді, нәтижесінде ол санасындағы экстремистік ойлардан арылады, құқықтық және ұлттық санасы қалыптасады», - деді спикер.
Тағы бір бала Дауытжан, бас консулдың айтуынша, 19 жасында ол діни экстремистік әсердің астында қалады, сөйтіп ол өзінің жағдайының нашар болуына қарамастан қожайыны Ханьцының берген үйінен және тоңазытқышынан бас тартады, себебі ол оның көзқарасы бойынша «кәпір» болып есептеледі.
«Ол жұмыс істегісі келмегендіктен Ханьцы әріптестерімен арасы нашарлап кетеді, сөйтіп жұмыстан шығып үйде отырады. Алайда ол діни экстремистік ойлармен өмір сүреді және өзге жандардың өміріне араласуды қоймайды, олардың арасында экстремистік ойларды таратады. Тұрақты табыс болмағандықтан үйде күнде жанжал ұрыс болады, Дауытжанның пайымынша әйелі күйеуіне бағынышты болуы тиіс, сондықтан оны кейде сабап тастайтын болған. Үкіметтің көмегінің арқасында Дауытжан кәсіби-техникалық оқу мен дайындықтан өтеді. Оның аясында ол заңды зерттеп, әйел мен еркек  құқығының теңдігіне көз жеткізеді және электрдәнекерлеуші мамандығын алып шығады. Енді ол табыс таба алады», - деді бас консул.
Ч. Вэйдің айтуынша, Дулат пен Дауытжан сынды мысалдардың саны жоқ.
«Батыс сынап отырған кәсіби-техникалық білім және дайындау орталықтары аталған оқуларды «адам бәрінен жоғары» принціпі бойынша өткізу экстремизм мен терроризм туралы ойлармен санасы уланған адамдарға заң туралы білімін жетілдіруге,  өзінің азаматтық құқықтық санасын қалыптастыруға, жақсы мен жаманды ажырата білуге, өз біліктілігін арттыруға көмектесетінін дәлелдеп отыр. Осының барлығы адамдарға болашақта «зұлымдықтың үш күшінің» құрбаны болмауына, заманауи өмірге бейімделуге және жақсы табыс табуға көмектеседі», - деп толықтырды Қытайдың дипмиссиясының басшысы Алматыда.
Ол баса айтып кеткендей, Қытай елдің Конституциясына сәйкес өз азаматтарының негізгі құқығына құрметпен қарап, қорғайды.
«Шыңжаңда экстремизм мен терроризмге тосқауыл қоюда тұрғындардың негізгі құқығын қорғау басты құрал болып табылады.
Шыңжаңда кәсіби-техникалық білім мен дайындықты өткізу басталғалы оның әсері адамдардың күнделікті өмірінің аспектілерін қамтыды. Жергілікті халық үкімет жүргізіп отырған кешенді шаралар мен саясатқа қолдау көрсетіп отыр, нәтижесінде 23 ай қатарынан бұл өңірде бірде бір террористік акт орын алған жоқ. Кешке қарай еш уайымсыз ұйқыға кетуге, кафе мен кинотеатрларда серуендеуге болады», - деп толықтырды Ч. Вэй.
Оның мәліметі бойынша 2017 жылы Шыңжаңда жан басына шаққанда орташа табыс 8% арты, ал 2018 жылы бұл жерге Қытай мен шетелден 130 млн астам турист келді
«Соңғы жылдары Шыңжаңда жаңа үлгідегі индустрияландыру жүріп жатыр, аймақтың әлеуметтік-экономикалық келбеті күн санап өзгеруде, алайда ол проблемалармен де бетпе-бет келуде. Мысалы, Шыңжаң халқының 95% жасыл аймақта шоғырланған, ол аталған аймақтың 3,5% алып отыр.  Адам тығыздығы бір шаршы шақырымға 207 адамды құрайды. Халық біркелкі орналаспаған, сондықтан аймақтың экономикалық дамуы әр жерде әрқилы болып келеді», - деді бас консул.
Бұдан басқа, ол атап өткендей, халықты жұмыспен қамту саласында құрылымдық қарама қайшылықтар айқын көрінеді, ол «білікті және іс жүзінде айналысып жүрген мамандардың аздығын көрсетіп отыр».
«Жұмыс іздеушілердің басым бөлігінің кәсіби біліктігілі мүлдем жоқ, бұл өз кезегінде құрылымдық жұмыссыздыққа алып келіп отыр. Шыңжаң Батыс Қытайдың түкпірінде орналасқан және оның шекаралас өзге Тибет, Цинхай, Ганьсу провинциялары ішкі Қытайдағы провинциялармен салыстырғанда даму жағынан артта қалып қойған. Сондықтан да Шыңжаңның экономикалық қолдауы жақсы деп айту өте қиын, себебі оның елдегі дамыған провинцияларымен  экономикалық байланысы үзілген», - деп түсіндірді дипломат.
Оның айтуынша, соңғы жылдары шығыстағы провинциялардың көмегімен және Шыңжаңның өзінің мүмкіндігімен Жібек жолы экономикалық белдеуінің орталық аумағы құрылды және өзгеде шаралар қабылданды. Бұл жедел әлеуметтік-экономикалық өсімге алып келді.
«Жағымды және жағымсыз аспектілер Шыңжаңның берік, ұзақмерзімді қауіпсіздік пен тұрақтылық аясында үлкен белестерді бағындыра алатынын көрсетіп отыр. Сондықтанда осында тұрып жатқан барлық ұлт өкілдеріне бірігіп, өз мақсаттарына жетуі үшін бірлесіп жұмыс істегендері дұрыс», - деп атап өтті бас консул.
Ч. Вэй баса айтып кеткендей, Қытай мен Қазақстан көне заманнан бері тату көршілер болып келеді.
«Жаңа дәуірде екі елде теңдік, достастық және өзара тиімді серіктестік принциптеріне сүйене отырып Жібек жолы экономикалық белдеуі мен «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын үндестіріп келеді,  осылайша екі елдің халқы өзара ынтымақтастықтың пайдасын барынша сезіне алатын болады. Қазақстан мен Қытайдың достығы мен ынтымақтастығын бұзу мүмкін емес, олар ортақ даму тенденциясымен келісілген және қос елдің алға ұмтылуын көрсетеді», - деп сендірді спикер.
Ол атап өткендей, Қытайдан Қазақстанға көшіп кеткен эмигранттар екі ел арасында дәстүрлі достық пен екі жақты ынтымақтастықтың дамуына септігін тигізуші түйін және көпір болу арқылы екі ел  үшін бірдей зор қазына.
«Қытай мен Қазақстанның ортақ мүддесі және адам құқығы мәселесі жөнінде түсіністік бар. Бүгінде екі ел өзара түсіністік пен  қытайлық-қазақстандық қарым қатынасты қорғау мақсатында өзара әрекет етуге сүйене отырып  Шыңжаңдағы этникалық қазақтардың мәселесін шешу бойынша бірлесіп күш жұмсауда. Аралық нәтижелерге қол жеткізіліп, сең бір орыннан қолғалды және оны халықтың басым бөлігі көздерімен көріп, сезініп келеді. Алайда осы нәтижелер мен оң өзгерістерді өздерінің атына жазып алмақшы ұйымдардың  кішігірім бөлігі мен тұлғалар бар», - деп толықтырды дипломат.
Оның айтуынша, аталған тұлғалар жалған ақпараттарды ойластырып қана қоймай, олардың кеңінен таралуына септігін тигізуде, осылайша олар Шыңжаңға күйе жағатын жалған ақпаратты кеңінен таратып қана қоймай, халықаралық аренада Шыңжаңнан шыққан этникалық қазақтардың проблемасын өз пайдасына кеңінен пайдаланып қалуға тырысуда.
Ол атап өткендей, бұл екі елдің аталған мәселені шешу бойынша жұмыстарына қарама қайшы және екі елдің мүддесі мен имиджіне кері әсерін тигізуі мүмкін», осылайша екіжақты форматта шешуге мүмкін мәселеніің шешімін табу жолында ортақ келісімге келуді қиындатуы мүмкін.
«Біз олардан түпкі мақсаттарыңыз қандай деп сұрағымыз келеді? Біз барша жақтаушыларымызды қытайлық-қазақстандық достықты және өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары дамыту үшін бірігуге шақырамыз, осылайша біз бірлесіп пиғылы арам тұлғалардың әрекетіне қасқайып қарсы тұратын боламыз. Себебі, бұл үлкен мүдде мен екі ел халқының бақуатты өмір сүруінің көзі», - деп түйіндеді Ч. Вэй.

adimage