Қазақстанда алдағы үш тәулікте нөсер жаңбыр жауып, найзағай күтіледі

Астана. 13 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда алдағы үш тәулікте нөсер жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы күндері Қазақстанның ауа-райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағаймен, бұршақ жаууы мүмкін және қатты жел күшейеді. 14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда», - делінген дүйсенбі күні таратылған 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамында.
16 мамырдан бастап солтүстік-батыс енуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтілуде.

adimage