«Отбасы Банк» арқылы жалпы қаржыландыру көлемі 300 млрд теңгені құрайтын жаңа бағдарлама іске қосылады

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. «Отбасы Банк» арқылы жалпы қаржыландыру көлемі 300 млрд теңгені құрайтын жаңа бағдарлама іске қосылады, деп хабарлады Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен.
«Отбасы Банк» арқылы жалпы қаржыландыру көлемі 300 млрд теңгені құрайтын жаңа бағдарлама іске қосылады», - деп хабарлады өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен.
Хабарда атап өтілгендей, бағдарлама 12 мың несие беруге мүмкіндік беріп, ипотекалық несиелендіруді азаматтарымыз үшін қолжетімді етеді. Осы бағдарлама аясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 7 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен, ал қалған барлық санаттағы азаматтар үшін 9 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдікті шарттар қарастырылады.
2024 жылы «Отбаса Банк» базасында тұрғын үйді орталықтандырылған есепке алуды, қамтамасыз етуді және бөлуді қамтамасыз ететін толыққанды даму және қолдау институтын құруды көздейтін «Тұрғын үй саясатын реформалау туралы» Заң қабылдау жоспарлануда. Сондай-ақ «Отбасы банкі» базасында санатына қарамастан барлық азаматтар тіркеле алатын Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады. Бұл «бір терезе» қағидатын қолдануға мүмкіндік береді, мұнда әрбір өтініш бойынша отбасының цифрлық портреті қалыптасады және мұқтаж азаматтың отбасы жағдайының барлық сипаттамалары толығымен ескеріледі.

adimage