«Полицейлер бірнеше қарақшылық шабуылға, тонауға және бопсалауға қатысы бар ұйымдасқан топтың әрекетін тоқтатты. Тергеу деректеріне сәйкес, топты ұйымдастырушы сенімді адамдарды тартып, ірі ақша қаражаттары болуы мүмкін нысандарды жүйелі түрде анықтап отырған. Сонымен қатар, ол түнгі клубтардың бірін бақылауда ұстап, "қорғау" деген желеумен ай сайын заңсыз түрде 2,5 млн теңгеге дейін табыс алып отырған», – делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, жедел шаралар нәтижесінде топтың ұйымдастырушысы мен оның жақын серіктесі ұсталды.
«Тінту барысында атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмыстық топтың тағы бес мүшесі анықталып, олардың әрекеттеріне заңға сәйкес баға берілетін болады. Операция қала прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілді», – деп толықтырды полиция өкілдері.
Источник фото: polisia.kz