Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 мүшесі ұсталды

   Шымкент.14 қараша.ҚазТАГ- Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
   «Полицияға 10 адам жеткізілді, оның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр»,- делінген хабарламада.
   Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Олардың басым бөлігі бұрын соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
   «Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрілерімен, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді»,-деп хабарлады полицияда.

adimage