Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ – Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген жиыны өтетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, жақын арада минкабинетінің кеңейтілген жиыны өтетінін Тоқаев Егемен Қазақстан газетінде айтқан еді. 1 ақпанда сенат спикері Мәулен Әшімбаев жиынның 7 ақпанда өтетін мәлімдеді.
Қатысты сілтемелер
-
Қайрат Омаров Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды16 Мамыр 2024, 17:43
-
Әсет Ерғалиев Қазақстан ДСҰ-ның тұрақты өкілі болып тағайындалды16 Мамыр 2024, 17:35
-
Маңғыстау облысының әкімі Ноғаев қызметінен кетті16 Мамыр 2024, 17:16
-
Жаңаөзенде балалар ойын алаңының құрылысына Т184 млн жуық қаражат жұмсамақшы16 Мамыр 2024, 16:51