Құлсары тұрғындары үшін мемматрезервтегі 264 тонна азық-түлік броньнан шығарылды

Атырау. 15 сәуір. ҚазТАГ – Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік броньнан шығарылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің баспасөз қызметінен.
«ТЖМ бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік (ұн, макарон, қарақұмық жармасы, ет консервілері және т.б.) броньнан шығарылды», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған 7 мың әскери қызметші үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.
«Бұған дейін Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қажеттіліктері үшін су тасқынымен күресуге мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және инженерлік техникалар, төсек-орын жабдықтары, мотопомпалар, далалық асүйлер және т. б. броньнан шығарылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Фото көзі: ҚР ТЖМ ММРК баспасөз қызметінен


adimage