Ақмола облысында терроризмді насихаттап, экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастырған 8 адам сотталды

    Астана. 30 сәуір. ҚазТАГ- Ақмола облысында терроризмді насихаттап, экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастырған 7 Қазақстан азаматы және 1 шетелдік сотталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК).
   «Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 Қазақстан азаматы және 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдстыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқталды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
   Атап өтілгендей, тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.
Сотталушы адамдардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.
   "Ақмола гарнизондық әскери сотымен олар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға жазаланған ",- ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
   2024 жылғы 2 сәуірде үкім заңды күшіне енді.

Фото көзі: пресс-служба КНБ


adimage