Қаратау кенішінде 862 млн теңгенің жымқырылу дерегі бойынша тергеуді аяқталды

    Астана. 30 сәуір. ҚазТАГ- Қаратау кенішінде 862 млн теңгенің жымқырылу дерегі бойынша тергеуді аяқталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қаратау" ЖШС бұрынғы басшылығына ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ еншілес ұйымы), "Iri building" ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады. Мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені жымқырды деп күдіктелуде»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
   Жымқыру авторлық, техникалық қадағалау өкілдерінің қолдауымен және "Қаратау" ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылық салдарынан жасалған.
   «Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілгенін, "Iri building" ЖШС-нің нақты иесі іздестіріліп жатыр»,- деп қосты ведомство.
   Антикор сонымен бірге, бұрынғы вице-министр Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекетке никель (1,075 млн тонна) және кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар Қостанай облысындағы бірегей «Шевченковское» кен орны қайтарылғанын еске салады. Пайдалы қазбалар қорларының құны 5,6 трлн теңгеден асады.

Фото көзі: kazatomprom.kz


adimage