Атырау облысында әйелдер баскетболына Т669,6 млн жұмсауды жоспарлап отыр

   Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ – Атырау облысында әйелдер баскетбол құрама командасының қызметін ұйымдастыруға Т669,6 млн жұмсамақшы, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
   «Тапсырыс беруші – «Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - спорттық клубтардың қызмет көрсетулері; қосымша сипаттамасы - Атырау облысы әйелдер баскетбол құрама командасының қызметін ұйымдастыру; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т669 642 857,13», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
   Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 13 мамыр мен 28 мамыр аралығында өтеді.

Фото көзі: pixabay.com


adimage