Атырау облысында Жайық өзеніңде су деңгейі көтеріліп жатыр

    Атырау. 30 сәуір. ҚазТАГ- Атырау облысында Жайық өзеніңде су деңгейі көтеріліп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар қызметі.
   «Атырау облысында Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді. Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде»,- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 30 сәуір сағат 8-дегі жағдай    Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:
- Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 693 см., деңгейдің +25 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 470 см құрайды;
- Жайық өзені - Махамбет кенті 764 см деңгейінде, тәулігіне + 10 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 447 см құрайды;
- Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 446 см., тәулігіне + 4 см. деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 255 см құрайды.
30 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызу 141 м3/с құрайды.

Фото көзі: МЧС РК


adimage