«5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылды», – деп хабарлады бейсенбі күні «ҚазавтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен.
18 сәуір сағат 09:00–дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың күрт еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны орын алды.
Ақпарға сәйкес, қазіргі таңда республикалық жолдарда 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.
Фото көзі: ©Мадина Алимханова