«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Еліміздің мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету жүйесінің деңгейін арттыру», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 10 601 871; 2024 жыл - 10 254 621; 2025 жыл - 6 537 284; 2026 жыл - 3 861 126; 2027 жыл - 3 469 206», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома - Т34 724 108 000.
Мақсаты - еліміздің мемлекеттік геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету жүйесінің деңгейін арттыру.
«Міндеттер: Қазақстан Республикасының аумағын жергілікті жердің қазіргі жағдайына сәйкес келетін, масштабты 1:25 000 цифрлық топографиялық карталармен және масштабты 1:2 000 қала жоспарларымен қамту деңгейі 2025 жылы - 99,37 %; 2026 жылы - 99,63 %; 2027 жылы - 99,88%», - деп бюджет жобасында айтылған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекара сызығында геодезиялық және картографиялық іс-шараларды орындайтын елдердің саны 2025 жылы - 2 бірлік; 2026 жылы - 2 бірлік; 2027 жылы - 2 бірлік, «Қазақстан Республикасының ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын» өзекті ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі 2025 жылы - 25,8 %; 2026 жылы - 29,53 %; 2027 жылы - 31,61% міндеттелген.
Фото көзі: geocompani.ru