Netflix Алматы тауларында реалити-шоу түсіреді

    Алматы. 2 мамыр. ҚазТАГ- Netflix Алматы тауларында реалити-шоу түсіреді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
   «Әлемге әйгілі Netflix стриминг платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда reality travel show түсірілімі туралы жариялады. Алматыда түсірілім 20-30 мамыр аралығында өтеді. Компания өзінің reality travel show үшін орын ретінде Алматының әдемі таулары мен шынайы қырғыз табиғатын көрсетуді қалаған»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   lmaty Tourism Bureau ақпаратына сүйенсек, Алматыда reality travel show түсірілімі — елдің танылуына және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» болмақ.
   «Netflix әлемдегі жетекші стриминг платформа, ол кең аудитория үшін фильмдердің, сериалдардың және өзге де видео материалдардың үлкен көлемін ұсынып отырады. Netflix аудиториясы — бүкіл әлем бойынша жарты миллиардтан асады. Netflix ақылы жазылушыларының саны-шамамен 270 млн»,- деп нақтылады қала әкімдігі.

Фото көзі: ©Мадина Алимханова


adimage