Сәрсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«24 сәуірде Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Астана қ.: 24 сәуірде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», – делінген хабарда.
24 сәуірде Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
24 сәуірде таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, батысында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қ.: 24 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
24 сәуірде Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. г. Алматы: 24 сәуірде күндіз найзағай күтіледі, найзағай кезінде екпінді жел 15-20 м/с. г. Конаев: 24 сәуірде күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады найзағай кезінде 15-20, кей уақытта 25 м/с.
24 сәуірде Ақтөбе облысының түнде солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 24 сәуірде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
24 сәуірде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Атырау қ.: 24 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
24 сәуірде таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
24 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 24 сәуірде түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
24 сәуірде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 24 сәуірде кей уақытта найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
24 сәуірде Қарағанды облысынның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: солтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-20 м/с.
24 сәуірде Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
24 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с. Петропавл қ.: 24 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
25 сәуірде күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, 26 сәуірде түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 24-26 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 24 сәуірде күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 24-26 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, 24 сәуірде күндіз екпіні 23 м/с, 25-26 сәуірде екпіні 25 м/с күтіледі. Тараз қ.: 24-26 сәуірде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 24-26 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
24 сәуірде Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Шымкент қ.: 24 сәуірде түннің бірінші жартысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 24 сәуірде түннің бірінші жартысында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
2024 жылғы 23-26 сәуір аралығында орта таулы аймақта қардың қарқынды еруінің жалғасуына байланысты Абай (Көкпекті ауданы) және Шығыс Қазақстан облысында беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, қауіпті деңгейден асуы, сондай-ақ кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың сулылығы кобеюі мүмкін.
Бұл ретте автожолдар мен темір жолдардың, тұрғын елді мекендер мен шаруашылық құрылыстардың төгілуі мен су басуы мүмкін.

Фото көзі: pixabay


adimage