Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады деп күтілуде

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел тұрады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым аумағына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді – күн күркіреп, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауылды жел тұрады. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылордада, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі», - делінген хабарламада.
Астанада күн құбылмалы бұлтты. Жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа райы күндіз +10+12, түнде +3+5.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 3-8, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы +12+14, күндіз +23+25.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, күннің бірінші жартысында түнде өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан 8-13, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз ауа температурасы +27+29, түнде +15+17.
Ақмола облысында күндіз +7+12 (оңтүстігінде +15+20), түнде 0,+5 (батысында +8).
Ұлытау облысында күндіз +19+24, түнде +9+14 (солтүстігінде +5).
Қарағанды облысында күндіз +10+15 (оңтүстігінде +20), түнде 0,+5 (оңтүстігінде +10).
Солтүстік- Қазақстан облысында күндіз +5+10 (оңтүстігінде +13), түнде -4+1 (оңтүстігінде +5)
Қостанай облысында күндіз +11+16 (солтүстігінде +6, оңтүстігінде +19+24), түнде +2+7 (оңтүстігінде +12).
Ақтөбе облысында күндіз +19+24 (оңтүстік-шығысында +28), түнде +10+15.
Абай облысында күндіз +8+13 (оңтүстігінде +18+23), түнде -3+2 (оңтүстігінде +7).
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +10+15 (шығысында +2+7), түнде 0, +5 (солтүстігінде, шығысында 0,-5).
Павлодар облысында күндіз +5+10, түнде 0, -5 (оңтүстігінде +3).
Алматы облысында күндіз +23+28 және түнде +10+15.
Жетісу облысында күндіз +21+26, түнде +6+11.
Түркістан облысында күндіз +27+32, түнде +15+20.
Батыс Қазақстан облысында күндіз +18+23, түнде +10+15.
Атырау облысында күндіз +21+26, түнде +10+15.
Маңғыстау облысында күндіз +23+28 (батысында +20), түнде +13+18 (шығысында +10).
Қызылорда облысында күндіз +28+33, түнде +13+18.
Жамбыл облысында күндіз +24+29, түнде +11+16.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы өзендерде қалың жауын-шашынның болжануына байланысты су деңгейінің құбылуы күтіледі. Жазықтықтағы өзендерде ауа температурасының көтерілуіне орай қар суының қалыптасуы, өзендерде су деңгейінің көтерілуі, су тасулар мен су басулар болуы мүмкін. РФ шекарасынан судың келуіне байланысты Жайық өзенінің су деңгейі арнасынан асуы мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.

adimage