Қызылордада қазандық жабдықтарды монтаждауға Т5,9 млрд жұмсауды жоспарлап отыр

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Қызылордада қазандық жабдықтарды монтаждауға Т5,9 млрд жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші – «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ; атауы - работы по установке/монтажу котельного оборудования («қазандық жабдықтарды монтаждау жұмыстары», қазақша лотта атауы орыс тілінде жазылған - ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Қызылорда қаласында «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК оңтүстік қазандығының «BONO ENERGIA» үш бу қазанын реконструкциялау; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т5 909 811 987», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 30 сәуір мен 15 мамыр аралығында өтеді.

Фото көзі: ktez.kz


adimage