Сарапшы пікірі: Доллар бағамы қысқамерзімде тағы 0,5-0,7 теңгеге қымбаттауы мүмкін

Күні: 17:36, 18-07-2018.

Алматы. 18 шілде. ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Доллар бағамы қысқамерзімде әлемдік мұнай бағасының төмендеуін және Қазақстаннан АҚШ-қа жөнелтілетін уранға баж салығының енгізілуін күту аясында қымбаттауы мүмкін, деп есептейді Forex Club сарапшысы Иван Марчен.
«Сәрсенбідегі теңге бағамының әлсіреуіне әлемдік мұнай бағасының төмендеуі әсер еткен. Америкалық мұнай институтының «қара алтын» қорының артуы туралы жариялаған ақпаратынан кейін мұнай бағамы төмендеп кетті», - деді сарапшы.
Бұдан басқа, Иван Марченнің пайымынша, АҚШ-тың Қазақстаннан жеткізілетін уранға баж салығын енгізуі мүмкін деген ақпарат қазақстандық валютаға кері әсерін тигізді.  
«Бүгінде америкалық өндірушілер нарық қажеттілігінің 5% ғана қанағаттандырып отыр, қалғаны сырттан әкелінеді, оның ішінде Қазақстанда бар.  Ал, америкалық өндірушілер нарықтың 25%-дық үлесін иеленіп алғысы келеді», - деп назар аударды сарапшы.
Атап өтсек, Қор биржасындағы таңғы сауданың нәтижесі бойынша доллардың теңгеге шаққан  бағамы «бүгін» 1,45 теңгеге қымбаттап, 1 доллар үшін 344,18 құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: