Дастан Қадыржанов: Адамдар ТЖ-ға дейінгі Қазақстанға оралғысы келмейді

Күні: 10:56, 01-06-2020.

Алматы. 5 мамыр. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда төтенше жағдай режимі аяқталып, карантин алынып тасталғаннан кейін қазақстандықтар қандай проблемамен бетпе-бет келеді, не өзгереді, еліміздің коронавирустан кейінгі көрінісі қандай болатыны туралы ойымен танымал публицист, шығыстанушы Дастан Қадыржанов бөлісті.

- ТЖ режимі жақын күндері аяқталуы керек. Болашақтан не күтеміз? Коронавирустан кейін өмір бар ма?

- ТЖ кезінде мемлекеттік басқару барынша «қолмен» басқарылып келеді. Бұл өз кезегінде қоғамның көптеген мәселелерін уақытша шешуге мүмкіндік беріп отыр. Кей жағдайда олар мүлдем жоқ сияқты, алайда бұл әлеуметтік белсенділіктің қақпасы жабылу екенінің бір көрінісі.

Қолмен басқару бәсендегеннен кейін проблемалар қайта оралып қоймай, бұрыннан да күрделірек бола түседі. Ал елдегі эмоциялық жағдай халықтың ТЖ-ға дейінгі өмірге қайта оралғысы келмеуінде болып тұр. Жалпы бұл әлемдік тренд және де бұдан еш жерге қашып құтыла алмайсын. Тіпті керек немесе керек емес болттарды бұрап қойсанда.

Карантиннен кейінгі шешуші фактор қоғамның әлеуметтік-психологиялық жағдайы болады және де ол «элита сымақтардың» пайдасына шешілмейді. Жалпы олар халықтың жағдайынан хабардар, алайда халықпен құндылықтар жүйесінде қатар тұрмайды. Әлемдік аренадан ауру оңайлықпен кетіп қалмайды, мұнай бағасы көтерілмейді, геосаясат баяғыдай болмайды, бастысы адамдардың түбегейлі және шынайы өзгерістерге, Қоғамдық келісімнің жаңа түріне эмоционалды сұранысы қалыптасады. Кей шенеуніктер бұл мәселені түйсігімен түсініп отырса, кейбіреулер баяғыша өзінің көзқарасымен «шапқылап» жүр.

Оның үстіне бай топтардың арасындағы тартыста отқа май тамызып отыр. Бұл қақтығыстар тоқтаған емес, керісінше саясаттағы маңызды қатысушы қоғамның жоқтығын пайдаланып «элиталар» өз мақсаттарына жетугі тырысуда. Ал бұл мақсаттар немесе амбициялардың көздегені елдегі билікті немесе үстемділікті сақтап қалу немесе тартып алу. Ақылсыздар баяғы қалыптасқан қиғадамен барлығына иелік етпекші. Ал ақылдылар өзгерістерге мойынсыну керектігін түсініп отыр, әйтпесе бұл өзгерістерден олар тыс қалып қалады. Алайда қалай мойынсыну керектігін олар әлі де білмей дал.

Жақында ғана Қазақстанда өзгерістер кезеңі басталды – ТЖ-ның медициналық кезеңі аяқталды. Осылайша алғашқы шепке саяси тренд қайта шықты. Бастамасы ойдағыдай емес. Әдеттегідей ойдан шығарылған айыптаулармен азаматтық белсенділердің бірқатары қамауға алынды. «Саяси консервациялау» осылайша бірден аяқталғаны түсінікті болды.

Парламентке енгізілген саяси заңдар реформаторлық рухқа толы емес, барлық түзетулер қабылдан күні ескіріп қалды. Бір топтың екіншісінен асып түсуі немес саяси қадам болсын әйтеуір Дариға Назарбаеваның қызметінен кетуі бұл процеске қатал рең берді.

Мен бұдан гөрі әлеуметтік мәселеге назар аударсам деп едім.

Мәселе бүтін бір ұлттың, Қазақстан халқының тоқырауға ұшырауында болып тұр, бүгінде қазақстандық отбасының – басты әлеуметтік құрылымның қарыздануы орын алуда. Отбасылық бюджеттің күлі көкке ұшты, жинақтар таусылды, болашақ жоспарына қауіп төнуде. Тіпті, ертең барлық кәсіпорындарды іске қосса барлық табыс халықтың қалтасына кетпейді. Әлеуметтік қажеттіліктерді сатып алу мүмкіндігі төмендеді, өндірістің, қызмет көрсету мен логистиканың бірқатар технологиялық желісі құрдымға кетті.

Ұлт ертең бір ТЖ-дан екіншісіне өтеді. Ол кезде ешкімнің қарыздарды жоймағаны белгілі болады, орындалмаған отбасылық бағдарламалар қордаланып қалды, ал табыс табуға болатын нарықтардың өзі сусап қалды. Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан кейінге қалдырылған қарыз 360 млрд теңге аталған отбасыларға қайтып келеді, осы ретте олар төлей ала ма? Көмек көрсету реестріне енбеген миллиондаған жеке кәсіпкер ұлт үшін шыныменде «маңызды» емес екені анықталады. Әлеумет пен банктердің қарым-қатынасы алдыңғы қатарға шығады, салық төлеушілердің қалтасынан ұдайы көмекті қажет ететін банктер "тұншықтыру" саясатын қайта бастайды.

Осы ретте бағанадан бері айтап жатқаным басым түсіп жатқан топ эмоциялық және психологиялық сенімді қайтару тұрмақ нығайта да алмайды.

Неге? Жағымды дүниелерді полициялық террор, қарапайым халықтың оларды тексере алмайтынын біле отырып күмәнді көрсеткіштермен ойнау арқылы жағымды дүниелер жасау мүмкін емес. Билік бастысын түсіну керек: позитив – бұл әлеуметтік көмек емес. Бұл шынайы серіктестік, өзінің емес халықтың игілігі үшін қызмет ету.

- Экономикалық дағдарыс тудырған тәртіпсіздікті басу үшін билік карантин (қалаларды, облыстарды жабу, жүріп-тұруды шектеу) тәжірибесін қолданатын бола ма?

- Біз ТЖ-ның не екенін білеміз, сондықтан мемлекеттің оны енгізу мүмкіндігімен мақтана бергені дұрыс болмас. Біз өзге елдерде аталған жағдай енгізілген жағдайда қандай шаралар қолға алынып отырғанын көріп және салыстырып отырмыз.

Бүгінде елімізде ТЖ-ның дәл осындай үлгісін енгізу өзінің септігін тигізді деген ойларды айтып жүрген дауыстар пайда бола бастады. Мен биліктің орнында мұндай мәлімдемелермен асықпас едім, себебі Қазақстанда ТЖ қалай өткені бойынша қорытынды енді шығарылады және ол үстірт жасалмайды. Қорытындыны бүкіл әлем жасайды және өлшем халықаралық деңгейде қалыптасады.

Бағалау өлшемдері тек медициналық тұрғыда болмайды, яғни «алақай біз эпидемияны жеңдік» деп шектелмейді. Барлық тараптар, экономиалық, әлеуметтік, демографиялық аспектілер және де саяси мінез де бағаланады.

- Тоқаевтың аталған жағдайды еңсере алатын командасы бар ма?

- Тоқаев өзінің соңғы сөйлеген сөзінде әңгіме арасында өзінің қай саяси лагерьге жататынын атап көрсетті, экс-президент Назарбаев пен Нұр Отан партиясы. Оның сөзіне күмән келтіретіндей бізбен сізде қандай негіз бар? Солай десе, демек солай.

Маңыздысы, халықтың «өз командасы» жоқ. Тоқаев әзірге «элита сымақтардың» мүддесін қорғау режимінде және олардың ережесімен жұмыс істеуде. Сондықтан билік пен халық бірлігінің ауылына дейін алыс.

Соңғы кездері қоғамның өздігінен біреуге сенім артқысы келмейтіндей проблема туындауда. Ал сенім арту ол кез келген қоғамдық келісімнің негізінде жатыр. Өз ортасынан ешкімді шығарып жатқан жоқ, демек билікпен келісім жүргізетін ешкім жоқ. Сенім арту деген ол «міне біз саған сендік, сен бар енді» дегенді білдірмейді. Сенім арту деген өз көшбасшыңды қорғап қалу, осы тұрғысында біз осалмыз. Егер халық оны қалайда қорғап қалуға дайын болса көшбасшы да пайда болады. Ол үшін ынтымақ керек.

Қазақстан қоғамы ынтымақ болмаған жағдайда қөшбасшы жоқ екенін, көшбасшы жоқ болған жағдайда дауыстың жоқ екенін, дауыс жоқ жағдайда еркіндіктің жоқ екендігін, еркіндік жоқ кезде ақшаның жоқ екенін, ақша жоқ кезде болашақтың жоқ екенін, ал болашақ бұлыңғыр болған жағдайда өзін ұл деп атаудың өзі бекер екенін түсінуі керек. Бұл белгілі бір аумақта тұратын, Астана, Мәскеу немесе Бейжіңнен басқарылып отырған болсын бәрібір әйтеуір өз еркімен жалданған азаматтар тобы.

Босқа армандаудың қажеті жоқ. Басқарып отырған топтар қандай түбегейлі өзгерістердің қажет екенін біліп отыр, олар реформаларды тек қалталарына салмақ салатын болғандықтан жүзеге асырмай келеді.

Қазақстандағы мамандар кез келген экономикалық болсын, билік пен халық арасындағы сауықтыру шараларын болсын оны жасақтауға және жүзеге асыруға қабілетті болды. Тек бұл идеялардың барлығы мемлекеттегі бенефициарлардың мүддесімен бетпе-бет келіп, алмастырылып отырды.

- Қоғамдық қарым – қатынас саласындағы жағдайдың шынайы дамуы қандай болмақ?

- Логикаға сүйенейік. Көптеген жылдар бойы елімізде әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру, биліктің халықтың мүддесін қорғауы бойынша бірқатар шара қолға алынды. Көбіне олар тек психологиялық мінезге тән болды. Яғни, өз тәжірибеңді үлгі ете отырып жүйені іштен өзгертуге тырысуды жатқызуға болады.

Жеке өзіңнің тәжірибесі арқылы билікке оның проблемасы бар екенін түсіндіру талпыныстары болды. Кейін билікке қатты шағым келтірместен билік пен халық арасында байланыс үзілмес үшін институттар құруға тырысты. Содан кейін басқарып отырған топты биліктен кетірге тырысты. Түрлі бағыттағы оппазициялық қозғалыстар пайда болды. Алайда олардың барлығы саяси жүйенің ережесі аясында ғана жұмыс істеді. Елдегі «билік-оппазиция» теңдей құқықтық диалог құруға талпыныстардың күллі көкке ұшты.

Ол аздай, халықтың мүддесін, қайғысын барынша, бастысы өркениетті тұрғыда жеткізгісі келген адамдардың барлығы түрмеге тоғытылып, әлеуметтік механизм тұрғысында қызметтен, халықтың көз алдынан алынып тасталды.

Ал барлық диалогтың форматы жойылып тасталса, онда болжауға келмейтін, бір күнде айды аспаннан келтіре алатын көтеріліс қана қалды. Шынымен, ашығын айтқан дұрыс болар.

Көтеріліс деген не? Бұл сценарийді болжауға немесе алдын алуға болмайды, бұл классикалық «қара аққу», сондықтанда болмашы кездейсоқтықтан тұтанып кетуі мүмкін. Түсінікті көшбасшылар да, келісім жүргізе алатын фигуралар да болмайды. Барлығы тағы да түрмеге тоғытылады. Қоғам жеккөрініш сезімімен тағы да «бетпе-бет» жалғыз қалады.

Осыны алдын алуға болатын қандай да бір мүмкіндікті көріп отырсыз ба?

Екі фактор күмән келтірмей отыр.

Біріншісі – әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас, ал онымен қоғамдық келісімнің үлгісі өзгереді. Оған ешкім күмән келтіре алмайды, бұл Қазақстанның саяси ортасындағы вакуумде жүзеге аспайды, керісінше әлемдегі өзгерістер негізінде іске асырылады. Осы саланың түбегейлі өзгерістерді қажет ететінін Тоқаевтың өзі де мойындады. Алайда сол өзгерстерге тапсырыс беріп отырғандырдың өздері күмән тудырады. Бұл тапсырыс берушілер репрессияға ұшыратып, қастандық жасауды біледі. Осылайша өздерінің эмоционалды-психолиялық көшбасшылығына күмән тудыруда.

Екінші фактор – диологтың және өркениетті үлгілердің барлығын билік жоспарлы түрде жойып жіберді. Барлық тұлғалар, тіпті партиялық бастамалардың барлығы «ескі заңдар сандығына» тоғытылды, осылайша ашық саяси диалогқа, жалпы қандай да бір диалог жүргізу үшін кеңістік болмай отыр. «Аузыңды жап» деп әрқашан саған айқайлап отыратынмен диалог жүргізу мүмкін емес.

Қорыта айтқанда көтеріліс және сыртқы күштер ғана қалады. Ал олар туралы әңгіме бөлек. Екі минус, бес емес екі минус. Дәл осы мәселе бойынша арнайы заң шығарсаңызда.

- Сұхбатыңызға рахмет!


Жаңалықтармен бөлісу: