Дмитрий Забелло: Нарық бойынша тек санаулы банктер бизнес процестерді цифрландыруда

Күні: 12:13, 12-12-2019.

Алматы. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Банктердің банк процестерді цифрландыруы жаңалық емес, цифрландыру мүмкіндіктері үш-төрт банкке ғана қолжетімді. Алдымен қателіктерді мойындау керек, нашар несиелер, оларды жасырудың қажеті жоқ. Бұл туралы ҚазТАГ ХАА тілшісіне берген сұхбатында «ВТБ банк (Қазақстан)» АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло айтып берді.

- Дмитрий Александрұлы, 2019 жыл аяқталып қалды және банктер алдын ала қорытындыларын жасауда. Сіз банкіңіздің, жалпы банк нарығының жұмысын қалай бағалайсыз?

- Біз бұл жылдағы үмітімізді ақтадық. Жоспарлы тапсырма, үш жылға арналған стратегиямыз бар. Осы жылы банк 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Біз ТМД-дағы «ВТБ» тобының шамамен ең жас банкіміз. Бизнес үшін 10 жыл – кішігірім салмақты мерейтой. Алғашқы қорытынды жасалуда.

- Нәтижесі қандай?

- Соңғы үш жылдың (2017-2019ж) қорытындысы банктің қайта құрылуымен байланысты. 2014-2015 жылдар айтулы кезең болды, қоржын тәуекелі, сату каналдары, өнім қатарлары тұрғысында банкте көптеген жұмыстар жүргізілді. Процестерді оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
Цифрландыру туралы әңгімелер – біз үшін күнделікті атқарылатын жұмыстар. Олар табыстылық, маржиналдылық, қызметтеріміздің клиенттеріміз үшін қолжетімді , яғни банктің нарыққа бейімді болуымен байланысты. Тоқыраудан кейінгі үш жылда табысты болып келеміз.
Демек, біз акционердің тапсырмасын орындадық. Біз тұрақты бизнес қалыптастыра білдік, барлық үш бизнес бағыттар: ірі бизнес, ШОБ және ритейл. Олардың барлығы екінші жыл қатарынан оң нәтиже көрсетіп келеді. Бұл өткен және соңғы жылдардың басты жетістігі.
Яғни, біз үшін 2019 жылы банкті қайта жасақтау процесінің аяқталуы.

- Ал банк нарығының жұмысын қалай бағалайсыз?

- Барлық банктер шынайы ортада өмір сүруде, қалай болғанда да үш жұмысын жасадық: біреулер бірікті, біреулер ескі, жаман активтерінен арылды. Табыстылық кестесіне қарайтын болсақ, нарыққа қатысушылардың басым бөлігі бұл мәселені шеше алды.

- Егер дәл қазір жасаған қорытындыларыңызды ескеретін болсақ, келер жылға арналған болжамыңыз қандай?

- Акционер біздің алдымызға қарапайым міндет қойып отыр, капитал табыстылығы (ROE) 15%-дан кем болмауы керек. Тиімділік (Cost Income Ratio, CIR – операциялық шығындардың операциялық табысқа қатынасы) 50%-дан төмен болуы тиіс, біз табысымыздың 50%-дан аспайтын бөлігін ғана жарата аламыз. Ал капиталды толықтыру өз табысыңның есебінен біркелкі жүргізілуі керек.
Біз бизнестің барлық бағыттары бойынша біркелкі өсім көрсетеміз деп ойлаймын. Біз барлық бағыттар бойынша табыс қорытындысы ретінде революция емес, біркелкі бизнесті өсіруді күтіп отырмыз. Айтуға оңай, алайда бос сөз емес.

- Ұлттық банктің сайтындағы сіздер бойынша мәліметтерге сүйене отырып айтатын болсақ, нашар несие активтеріңіз көп және бөлшек сауда клиенттеріңіз саусақпен санарлықтай.

- Ия, сіз шындыққа бір табан жақындап қалдыңыз. Қоржынның мазмұны үлестік болып келеді, атап айтқанда; үштен бір бөлігі – ірі бизнес, үштен бір бөлігі – шағын және орта бизнес, үштен бір бөлігі – жекеше. Біз үлестік бөлуді нарық қай уақытқа дейін мүмкіндік берсе сол уақытқа дейін ұстап тұруға тырысатын боламыз. Табысты да шамамен дәл осылай теңестіріп тұрамыз.
Клиент құрылымы тұрғысында бөлшек сауда қайта құрылымдаудың ең ауыр бөлігі болды. Біз оны осы жылы еңсере алдық, келер жылы соңғы екі жылда жасақтаған инфрақұрылымды көлеммен толтырамыз.

- Дегенмен де, нашар несиеге сіздерді кімдер кіргізді?

-Бізде нашар активтер көлемі нарық бойынша төмен. Оның үстіне біз балансымызда не бар екенін ашық көрсетеміз, біздің жасырып қойған нашар активтеріміз жоқ. Біздің NPL үлесіміз…

- Шамамен 7%?

- Дәл солай. Нарық бойынша орташа (жаман активтер үлесі – ҚазТАГ) көрсеткіш қандай болатыны туралы түрлі түсініктеме бар. Big Four-дан шамамен 20% көлемінде деген сан бар. Осы 20% бастап есептейтін болсақ біз нарыққа қарағанда төменбіз.
Дегенмен де, осы жылы қанша кішірейту үшін тырыссақ та біздің қоржын әлі де үлкен екені рас. Біз мақсатты клиентіміздің тәуекел профилін толығымен ауыстырдық. Осы жылдың екінші жартысында проблемалы қарыздар бойынша жұмысты бір жолға сала алдық.

- Болашақта көтерме сауда клиенттерінің санын арттыруды көздеп отырсыздар ма?

- Қоржын тұрғысында қарайтын болсақ жоқ. Клиенттер саны жағынан алып қарайтын болсақ клиенттер базасын бірнеше есе арттыруға мүдделіміз.

- Клиенттерге қандай өнім ұсынатын боласыздар?

- Біз кеңейтілген тауарлар қатарын жасақтауға мүдделі емеспіз. Басты өнім – «ақшалай несие». Нарықтық және мемлекеттік бағдарлама аясында автонесиелендіру бар. Ипотеканы әлі дамытып жатқанымыз жоқ. Өйткені реттеушілік себептер бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмаймыз.
   
- «ВТБ» Басқарма төрағасы-президент Андрей Костин Қазақстанға келгенде премьер-министр Асқар Маминмен кездесіп, банк қоржынын 20%-дан 50%-ға немесе 5-6 млрд долларға дейін артады деп келіскен болатын. Осы қаржының басым бөлігі қай секторға жіберіледі.

- «ВТБ-ның» несие қоржыны алуан түрлі. Біз әлемнің 16 елінде бармыз және қазақстандық бизнесті еуропалық, мәскеулік және қазақстандық кітаптардан қарап несиелендіреміз.
Біздің баланстағы ірі бизнестің үштен бір бөлігі туралы сөз еткенімде мен Қазақстан ішіндегі баланс туралы айтқан болатынмын. Ол өте қарапайым. Ал сіз атап көрсеткен сандар, бағалар, тәуекелдер көлемі «ВТБ» тобымен Қазақстан үшін қабылданған болатын.

-Сіздердің «Алтыналмас» компаниясына «Қазақалтын» ММК-ның акциясын сатып алуға берген несие осы қордан алынған ба?

- Ия, осы сомадан алынды.

- Жұмыс басталды ма?

- Әрине, Андрей Леонидұлы (Костин - ҚазТАГ) нақты жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы айтты, топ белсенді жұмыс істеуде және кеңейтуге мүдделі.

- Банкте қандай жаңашылдықтар, технологиялар күтілуде?

- Бұл мәселеде біз нарықтың артынан ілесіп келеміз. Интернет алаңды жаңартудамыз, жақында заңды тұлғалар үшін мобильді банкингті енгізбекшіміз. Көбіне бұл микробизнес, орта бизнестің төменгі сигменті болуы мүмкін.
Жақын арада нарыққа бірінші кезекте шағын бизнеске өз өнімін насихаттауға және дамуға мүмкіндік беретін қызықты шешім ұсынамыз. Ірі бизнес бұл дүниелерді онсыз да жасай алады, өйткені оған әлемдік деңгейдегі алаңдар қолжетімді.
Сондықтан да бұл салада негізгі процестер ішкі құрылымдаумен байланысты. Бірінші кезекте ойлау үрдісін өзгертуіміз керек. Ал бұл оңай емес. Өзіңіз ойлаңызшы күнделікті атқарып отырған жұмысыңызды түбегейлі басқаша ойластырып, жүзеге асыруыңыз керек. Баға тұрғысында өнімдер қатарында да өзгерістер болады, жеделділік, кері байланыс орнату, жеткізу.
Коммуникацияны азайту – бұл цифрландырудың мега тренді шығар, себебі ол процестерді азайтуға бағытталған. Осыдан олар бұрынғыға қарағанда сенімдірек, қолжетімді бола түседі. Бұл цифрландырудың өз жолы бойынша негізгісі.

- Мысал келтіре кетсеңіз.

- Өткен жылдың және оның алдындағы жылдың соңына қарай жеке тұлғалар бойынша несиелік конвейр енгіздік. Бұл клиенттің өтініші енгізілетін жүйе. Ол бізге өтініштер көлемін үш есе арттыруға мүмкіндік берді.
Алғашында несиелендіру айырбастау пунктінің принціпі бойынша дамыды (несие жеңіл сатылатын жылжымалы мүлікті кепілдікке ала отырып рәсімделетін). Бүгінде қайтару көзін бағалау маңызды. Бұл жоғары сараптаманы, нарықты ғана емес, клиентті, жалпы әлемдік трендті бағалауды талап етеді.
Осы ретте несиеден түсетін табыс 3% көлемінде болса, шығын несиенің көлемімен бірдей. Сондықтан да сараптаманың және қызметкерлердің құны банк үшін бірінші кезекте. 100% бағалау мүмкін емес, сондықтан клиентпен байланыс орнату маңызды. Бірінші көрсеткіш ол тәуекел деңгейін анықтау, яғни клиенттің банкир үшін ашықтығын айқындау. Сол кезде біз несиені ұзақтығына және сомасына қарай жасақтай аламыз. Егер банк клиентпен осындай стратегиялық байланыс орната алса бұл үлкен жетістік.

- Сонда сіздер клиенттерден қалай арылуды ойлап жүрсіздер ме?

- Біз жеделірек және көбірек өтініштер қарастыра бастадық. Оның үстіне клиенттің келісімімен керек мәліметтерді жедел сұратып аламыз. Біз осы жүйені жетілдіріп жатырмыз, келер жылдың бірінші жартысында оның екінші кезеңін іске қосамыз. Ол сату каналын кеңейтуге мүмкіндік береді.

- Жүйенің екінші кезеңі іске қосылғаннан кейін қандай нәтиже болады деп болжап отырсыздар?

- Біз несие беру көлемі ең аз дегенде екі есе артады деп күтіп отырмыз. Ал бұл көп! Біз несиелендіру қоржынының өсім белсенділігі бесінші және алтыншы (Қазақстанда - ҚазТАГ) орындамыз, және де нарықтан жедел өсіп келеміз. Бұл нарықтан тәуекелдерді жинап алу қаупін тудырады. Сондықтан осы тәуекелдерді көре білу, жою өте маңызды. Онсыз алға жылжу қисынсыз – бұл менің жеке ойым.
Бұл сән емес, бұл сындарлы саясат. Себебі қызметкерлер,бэк-кеңселер санын арттырмастан несиелендіру қоржынының көлемін қысқа мерзімде арттырғымыз келеді. Өз кезегінде оны терең цифрландыру процестері арқылы ғана жүзеге асыра Терең цифрландыруды нарық бойынша санаулы банктер жасатуда.

- Бұл санаулылардың саны қанша?

- Субъективті тұрғыда олар өзіне осыны жасай алатын институттар, яғни жағдайды дұрыс түсіне алатын, осы мүмкіндіктерді көріп отырғандар. Көбіне олар ірі халықаралық топтар.
   
- Оның ішінде таза қазақстандық банктердің болмағаны ма?

- Бар.

- Бір мысал келтіріңізші.

- Ірі ритейлерді алыңызшы – өте терең цифрландыру.

- Жоқ, оған мен күмәнданып отырғаным жоқ.

- Біз екі түрлі нәрсені айтып отырмыз. 

- Мен «Каспи Банкі» туралы айтып жатырмын.

- Ия, бұл терең цифрлардырудың жарқын мысалының бірі. Алайда бұл топтың негізі акционерлік …

- Түсінікті.

- Алайда ол жергілікті банк. Бізде әлемдік сараптама бар, біз ештемені ойымыздан шығармаймыз, үздік идеялар мен тәжірибелерді жүзеге асырамыз, олардың кейбіреулерін біздің топ жасақтады.

- Нақты сандарды атайсыз ба, келер жылға қандай болжам жасап отырсыздар?
  
- Сандар осы жылдың деңгейінде болуы керек, кем емес. Жылды әлі жабу керек. Желтоқсан айы өте белсенді ай, бұл айда экономикада көптеген процестер орын алып жатады. Банк бизнесі экономика ықпалымен жүреді. Экономика өзін қалай сезінсе, банктер де өздерін солай сезінеді. Біз жүзеге асырған барлық шараларымыз өз нәтижесін беріп, 2022 жылға қарай өсім 2-3 есе болады деп күтіп отырмыз.

- Saxo Bank-тың жақында ғана берген «есалаң» болжамы бойынша Кремль ОПЕК елдерін мұнай өндіруді күрт азайтуға көндіреді-мыс, ал жанармай бағасы бір баррель 90 долл дейін артады. сіздердің қоржындарыңызда мұнай компаниялары бар ма? Мен түсінемін олар халықаралық нарықта жұмыс істегенді қалайды, дегенмен де?

- Қоржынымызда шикізат компаниялары жеткілікті. Биржалық тауарлардың бағасын белгілеуді биржа онсыз да жүргізіп келеді. Егер мұнай қымбаттаса, өзге де тауарлардың бағасы реттеледі.

- Сіз металлдарды меңзеп отырсыз ба?

- Әрине, металлдар.
Не себепті бізді әлем экономикасының өсімі мен төмендеуі қызықтырады? Әлемдік экономика өссе, сұраныс та артады. Сұраныс бар жерде ұсыныс болады - тауардың бағасы да өзгереді. Әрине, шикізат сегменті клиенттердің тауарларының бағасының белгіленуіне тәуелді. Сұраныс қалай қалыптасады. Біз барлықтарымыз қатысушылармыз, біз бір танымал тұлғаның бір твитінен биржадағы бағаның қалай өзгеріп жатқанын көреміз. Ол өте қысқа мерзімді. Бүгінде әлем жылдам.

- Қалай ойлайсыз желтоқсан айындағы отырыста Ұлттық банк базалық ставканы сол күйі қалдыра ма, әлде көтере ме?

- Біз бұрынғы дейгейде қалатын шығар деп отырмыз. Алайда базалық ставканың көлемі қандай болатыны туралы хабарланатын аптаға дейінгі уақыттың қалай өтетінін күткен дұрыс болар.

- Ұлттық банк әрқашан базалық ставка инфляцияға және оған дейінгі күтілімге байланысты дейді ғой?

- Инфляция күтілімі, инфляцияның шынайы деңгейі берілген дәлізде тұр. Сондықтан да біз базалық ставка өзгермейді деп күтіп отырмыз.

- Сұхбатыңызға рақмет !


Жаңалықтармен бөлісу: