Думан Әубәкіров: «ҚДБ 2023 жылы жыл сайынғы жобаларды қаржыландыру көлемін үштен бірге арттыруға ниетті»

Алматы. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстан Даму банкі кредиттік портфель құрылымындағы жеке бизнес жобаларының үлесі кем дегенде 70% артады, ҚДБ жалпы қарызға алу құрылымындағы мемлекеттік емес қорландыру үлесі 80%-ға дейін, ал 2023 жылға қарай экспорттық және экспорт алды қаржыландыру есебінен алынған кәсіпорындардың экспорттық кіріс көлемі 1,054 трлн теңгеге дейін өседі. ҚДБ-ның Қазақстанның өңдеуші өнеркәсіп пен өндірістік инфрақұрылымды несиелеу көлемін қалай өсіретіні туралы «Қазақстан Даму банкі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров айтып берді.


- Думан Бауыржанұлы, ҚДБ даму стратегиясындағы өзгерістер, әлбетте, банктің жаңа міндеттерін туындатқан шығар. Қандай?

- Қазақстан Даму банкі жаңартылған стратегиясына сәйкес капитал ағынының келуі қиындатылған экономика салаларын қаржыландыруды жалғастырады. Басымдық жеке сектор бастамаларын дамытуға беріледі.

Сонымен, 2023 жылға қарай біз ҚДБ кредиттік портфелі құрылымындағы жеке бизнес жобаларының үлесін 70% -ға және одан да көпке арттырамыз.

Сонымен қатар, 2023 жылға қарай біз ҚДБ жалпы қарызға алу құрылымындағы мемлекеттік емес қорландыру көзінің үлесін 80% және одан да көпке ұлғайтуымыз керек.

- Бұл ретте қаржыландыру көлемі қалай артады?

- Банк 2023 жылы жобалар мен бағдарламаларды жыл сайынғы қаржыландыру көлемін 544 млрд теңгеге дейін арттырмақ.

Біз 105 –ке дейін жаңа инвестжобаларды, экспорттық операциялар мен лизингтік мәмілелерді қаржыландыруды жоспарлап отырмыз, ал экспорттық және экспорталды қаржыландыру есебінен алынған кәсіпорындардың экспорттық кірісі 2023 жылы 1,054 трлн теңгеге дейін өсуі керек.

Бұл ретте ҚДБ дамуының стратегиялық бағыттары мен көрінуі, миссиясы концептуалды түрде өзгермеген. Мәселен,ұлттық валютада ең озық қаржыландыруды ұсыну біздің ерекшелігіміз болып табылады.

- Даму банкі мемлекет үшін барынша маңызды салаларды қаржыландыруы тиіс: инфрақұрылым, қалалық орта, жаңа цифрлы экономикадағы жобалар. Сіздер неге негізінен қайта өңдеуші және энергетикалық салаларға, логистикаға назар аударып отырсыздар?

- Банктің миссиясы – шикізаттық емес салаға инвестициялау жолымен ұлттық экономиканың тұрақты дамуына ықпал ету. Сондықтан инвестжобаларды іріктеу барысында біз үшін Қазақстанда шикізат емес саладағы бәсекеге қабілетті өндіріс пен инфрақұрылымды, соның ішінде қазақстандық тауарларды, жұмыстарды, қызметтер мен капиталды экспорттауға ықпал ететіндерін құру және дамыту жоспары басымдыққа ие.

ҚДБ энергетика, байланыс, көлік, ауыл шаруашылығындағы өнеркәсіптік өндіріс, металлургия, машина құрылысы, тау-кен өндіру, химия және мұнай-химия өнеркәсібіне, туристік, экологиялық, медициналық, оқу, спорттық-сауықтыру нысандарына, коммерциялық негіздегі қонақ үй қызметіне, азық-түлік және сусын өндірісі нысандарына инвестициялайды.

- Сіздер жобаларды қалай іріктейсіздер? Мерзімі, ақшалай көлемі, қаржыландыруды тарту аспектілері бойынша ма?

- Инвестициялық жобалар 5 жылдан 20 жылға дейін қаржыландырылады. ҚДБ қаржыландырылуының ең аз сомасы - 7 млрд теңге, азық-түлік өндірісі бойынша жобалар - 3 млрд теңге. Инвестицилық жоба ҚДБ-нің қосалқы қаржыландыруы, жобалық, мезониндік, бірлесіп қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Экспорттық операцияны қаржыландыру шегі - 1 млрд теңге. Қаржыландыру туралы шешім индикативті анализ бен жобаның банктік сараптамасының нәтижесі ескеріле отырып, қабылданады.

- 2019-2020 жылға қаржыландыру үшін қандай жобаларды жоспарлап жатырсыздар?

-Ақпаратты тарату ережесіне сәйкес, ҚДБ өзі шарт жасаспаған жобаларға түсінік бермейді.

- Қаржыландыру көлемін арттырасыздар ма?

- ҚДБ жобаларды қаржыландыру жоспарын ескере отырып, өзінің өтімділік пулын қалыптастырады. Банк жыл сайын кем дегенде 420 млрд теңге кредит беруге ниетті. Осындай көлем болуы үшін қосымша өтімділікті нарықтан тарту керек. Өтімділіктің бір бөлігі банкке ИИДМБ және «Нұрлы жол» мембағдарламалары аясында республикалық бюджеттен келеді. Екінші бөлігі – нарықтан келетін қаржы.

ҚДБ Қазақстандағы сенімді эмитенттердің бірі болғандықтан, оның локалды және халықаралық нарықта проблемасы жоқ. Сондай-ақ, ҚДБ-ның ЕҚДБ-мен, Қытайдың мембанкімен, Еуропалық инвестбанкпен, Сыртқыэкономбанкпен, Түркия даму банкімен, Халықаралық ынтымақтастыққа арналған Жапония банкімен, K-SURE (Корея сақтандыру корпорациясы), Малайзия мен АҚШ-тың эксимбанктерімен, Ислам даму банкімен, Францияның Coface экспорттық кредиттік агентігімен, Еуразия даму банкімен қол қойылған нобайлы келісімдері мен меморандумдары бар.

- ҚДБ қандай да бір компанияның капиталына кіре ала ма? Қандай жағдайда?

- ҚДБ-ның басқа компаниялардың капиталына қатысуы еншілес ұйымлар арұылы ғана мүмкін.
Компания капиталына қатысу кредит тарту үшін қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда да ғана талап етіледі. Атап өтелік, борыштық қаржыландыруды тарту үшін займ алушының қаржылық тұрақтылығы бұзылмайтындай, левередж - борыштың капиталға қатынасы рұқсат етілетін шектен аспайтындай компаниялармен тиісті капиталы болуы керек. Айталық, ірі инвестициялық жобалардың бастамашыларының капиталы жеткіліксіз. Бұл ретте банк капиталға кіру түріндегі қаржыландыру құралын қолдануды ұсынады.

- Соңғы жылы сіз «өз» салаңызда қандай қарқынды көресіз? Нарықтың қаржылай көлемі қысқара ма әлде көбейе ме?

Ұлттық экономика министрлігінің ақпарынша, 2018 жылдың 10 айында саудада, өнеркәсіпте, көлікте, құрылыста, байланыс қызметі мен ауыл шаруашылығында өсім байқалды. Өндіріс көлемі 4,7%-ға өсті, негізінен, машина құрылысы заттары өндірісі, химия өнеркәсібі, темір рудасын өндіру, газ және мұнай, электрмен қамту қызметі, байланыс және көлік есебінен.

«Қазақстан Республикасының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы» бойынша, үкімет мақұлдаған, ҚДБ мандатына сәйкес келетін салалардың даму саясатында бірқатар үрдіс көрініс табатын болады.

- Қандай?

- Мұнай-газ секторының дамуы ішкі нарық қажеттілігін, мұнай тасымалының экспорттық бағытының әртараптылығын қамтамасыз ететін болады.

Электр энергетикасында 2019 жылдың 1 қаңтарында электр энергиясы нарығы мен электр қуатының нарығы жұмыс жасайтын болады. Қуат нарығы жаңа электр станцияларының құрылысы мен қолда бар қуатты ұстап тұруға, электр станциялары арасындағы бәсекелестікті дамытуға инвестиция тартуды қамтамасыз етеді. Негізгі міндет – электрэнергиясы тарифі бойынша өңірлік әр түрлілікті деңгейлестіру, энергоөндірушілердің инвестициялық шығынының өтелімділігін қамту және инвестиция тартуға жағдай жасау.

Тау-кен металлургиясында аралас салалардың – машина құрылысы, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібінің дамуын қамти отырып, өңделуі жоғары өнімдердің шығарылуын қамтиды, соның ішніде агрохимия мен өнеркәсіпке керек химикаттар да бар.

Көлік құрылысы автомобильдер мен автобөлшектердің өндірісін дамыту базасында түпкі өнімді өндіру өсімі есебінен дамитын болады.

Құрылыс индустриясында әйнек табақтарын өндіру, цемент, құрғақ құрылыс қоспалары, таза табиғи тастар өндірісін құру және жетілдіру бойынша жобалар жүзеге асырылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияда мобильді кең жолақты интернет желісін пайдаланатын абоненттер өсімі болуы керек. 2020 жылға қарай талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының аяқталуы, 827 радиотелевизиялық станцияның жаңартылуы күтілуде.

- Сіз коммерциялық мекеме болып табылмайсыз, коммерциялық банктермен бәсекеге түспейсіз. Яғни ҚДБ үшін табыс табу басты міндет болып табылмай ма?

- ҚДБ басты қызметі – инвестжобаларды ұзақмерзімді қаржыландыру және даму бағдарламасы экономика үшін әлеуметтік-экономикалық, экологиялық пайда тұрғысынан бағаланады және кірісті көбейтуге бағытталмаған. ҚДБ маржасы оның операциялық шығындарын өтейді және жүзеге асырылатын жобалар бойынша қауіптерді жабады.

- Сіздер басқа банктермен синдикаттарға қаншалықты жиі кіресіздер? Мұндай жағдайларда қауіптерді қалай бөлесіздер, әсіресе жоба әлі жобалық қуатқа шықпаған кезеңде?

- ҚДБ бірлестірілген қаржыландыру кезінде қауіптерді бөлу үшін синдикаттың басқа мүшелерімен бірге бір келісім жасау арқылы қарыз береді. Банк синдикаттың ұйымдастырушысы немесе қатысушысы бола алады. Синдикаттар дамуға ие болған жоқ, бірақ біз қаржылық мекемелермен ынтымақтастықты қарастыруға дайынбыз.

- Қандай банктрмен, егер Қазақстанда болмаса, онда елдің сыртында, ҚДБ қызықты жобалар үшін бәсекеге түседі?

- ҚДБ орта- және ұзақ мерзімге өңдеуші өнеркәсіп, энергетика, көлік және қаттау, байланыс кәсіпорындарына кредит береді және жеке коммерциялық қаржылай инститтуттар үшін тартымсыз кредиттер беру нарығында ерекше орынға ие. Қаржылындыру үшін басымдық Қазақстанның ішінде жүзеге асырылатын жобаларға беріледі.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage