Ермұрат Бапи: Жастар бұлай өмір сүруге болмайтынын сезеді және қарсылық танытуға болатынын көрсетеміз деп шешті

Күні: 10:44, 22-07-2019.

Алматы. 22 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда ескі және жаңа оппозицияны, жастардың наразылық қозғалыстарын бөлу жобасы дайындалуда. Оның артында кім тұрғаны туралы «Ақиқат» партиясының төрағасы және «ДАТ» жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи айтып берді.

- Бүгінде құрамында шетелде оқыған жастары көп «Шындықтан қаша алмайсың», «Оян Қазақстан» сынды қозғалыстар пайда болды. Осы қозғалыстар туралы не ойлайсыз? Олар қайдан пайда болды? Олардың мақсаты қандай болуы мүмкін?

- Президенттік сайлау кезінде – бір жарым айда олар жайдан жай пайда болған жоқ деп ойлаймын. Олар соңғы 20-25 жылда 90-жылдардың соңында ҚХРП, Азат-ЖСДП кезінде құрыла бастаған азаматтық қоғам негізінде өскен жастар, олар Алтынбек Сарсенбаев пен Заманбек Нұрқаділовтың өлімінің куәсі. Олар қоғам қайраткерлерін қөзқарасы басқаша болғаны үшін қамауға алынатынын, шетелге қуылатынын көріп өсті және бірінші президент отставкаға кеткенде қоғамды шынымен-ақ өзгертуге болады деп шешті.

- Бола ма?

- Менің ойымша, бұл ешқандай өмірлік және саяси тәжірибемен негізделмеген жастық романтика. Бізге Назарбаев қолындағы билікті және 30 жыл ішінде тапқанын оңайлықпен бере қоймайтыны баяғыда-ақ белгілі болған. Мен соншалықты қияли емеспін, оның билігі отставкаға кеткеннен кейін бітті дегенге сенбеймін.
Ал жастар осылай өмір сүруге болмайтынын сезді және өздерінің жастық албырттығының арқасында наразылық қозғалысын бастағысы келді, қоғамда наразылық қозғалысын жүргізу мүмкін екенін дәлелдейтін тренд жасап - «Шындықтан қаша алмайсың», «Оян Қазақстан», «Мен ояндым» қозғалыстарын құрды. Олар өздері оқыған батыста қолданылған технологияларды пайдаланды.

- Бұл технологиялар оларда қайдан жүр?

- Барлығына интернет көмектеседі. Әлем қазір ашық, интернет арқылы кез келген дүниені білуге және үйреніп алуға болады. Алматылық марафон барысында жайылған «Шындықтан қаша алмайсың» баннері жастар наразылығының басы болды, сөйтіп бүкіл елге тарады. Бұл елдегі барлық жастар қозғалысының бастауы болды. Егер әлеуметтік желілерді саралайтын болсақ, онда басымдық қала жастарына берілген, олар қоғамдық қозғалыстың белсенділігіне әсер етуде, енді билік пен оппозиция олармен санасып, олардың нарзылығының табиғатын түсінуге және жұмыс істеуге мәжбүр болады.
   
- Неге олар ескі оппозицияға қосыла салмады?

- Оппозиция атынан шыққан кандидат Қосанов (Әміржан – КазТАГ) қоғам мен сайлаушыларының мүддесін сатып кеткеннен кейін, жастар 30 жылда ештеме өзгерте алмаған ескі оппозицияны сатқындар деп есептейтін болды. Олар бір жарым айдың ішінде мемлекетті өзгерте бастағандарына сенеді. Олар бірден ескі оппозициямен жұмыс істеуге мүдделі емес екенін көрсетті, ешқандай өмірлік және саяси тәжірибемен негізделмеген жастық албырттықтарына сенеді. Алайда жаңа оппозиция пайда болғанға дейін жүйелі оппозиция болмады – жеке партия ЖСДП, екі мыңыншы жылдардың басында оппозициядан қалған жеке тұлғалар, және де «асхана оппозициясы», сонымен қатар Қазақстан азаматтарының наразылық білдірген бөлігі болды. Ал жастар өздерінің жігері мен технологияларының арқасында билікті мемлекетте өзгеріс жасауына мәжбүрлей аламыз деп ойлайды. Ия, бұл жаман емес, алайда бұл аз. Назарбаев сынды құбыжық режимді бір жастық албырттықпен жою мүмкін емес.
Оның үстіне редакциямызға инсайдерлік ақпарат келіп жетті, саяси шиеленістерді ішінен білетін, 20-25 жылдық саяси тәжірибесі бар ескі оппазицияға өзін азаматтық қоғам күшінің өкілі ретінде ұстайтын жастардың бөлігі, яғни жаңа оппозацияның ескісіне қосылып кетпесін деп Ақордада азаматтық қоғамды бөлу туралы жоба жасақталуда-мыс. Бұл мақсатта биліктің ішкі саясатының барлық күші, ҰҚК-ның 10-шы департаментінің қызметкерлері, Ақорданың идеологтары жұмылдырылған, олар жастардың наразылық қозғалысының ортасына іріткі салу үшін сценарий жасақтауда.

- Сонда оны қалай жасамақшы?

- Егер естеріңізде болса, тек бір Алматының өзінен 9-ы мен 13-і аралығында митингтер барысында 4 мыңға жуық адам қамауға алынды. Олардың басым бөлігі жастар. Қаланың Ішкі саясат басқармасы мониторинг арқылы 800-ге жуығы жастар екенін анықтап, қазір олардың әрқайсысымен жұмыс жүргізуде. Оларды тұрғылықты жеріне қарай қала және аудан бойынша бөліп, ішкі саясат ведомствосының мамандары кездесуде. Олармен сұхбаттасып наразылық көңіл күйден бас тартуға үгіттейді. Бүгінде ескі және жаңа оппозицияны бөлу ғана емес, жаңасының өзінде бөлу жұмыстары жүргізілуде. Белсенді жастардың ішінен көнбістеуі, басқаруға көнетіні таңдалып алынады, әрі қарай экологиялық немесе гендерлік сынды жобаларын қаржыландырып, гранттар бөлуде. Басты мақсат осындай жастар өз орталарында осы туралы айта отырып олардың наразылыққа толы көңілін аулау. Осылайша жастардың наразылық қозғалыстары мүддесіне қарай топтарға бөлініп, саясаттан тыс қалады.

- Сонда оларды сатып алуда ма?

-Ия, осылай да айтуға болады. Мен тәжірибелі және тіс қаққан жастар биліктің қулығына иланбай, алданып қалмайды деп үміттенемін.

- Алайда сатып алған адамды қайта сатып алуға да болады ғой...
  
- Нені меңзеп отырғаныңызды түсіндім. Оппозиция олай жасай алмайды, оның соншалықты ақшасы жоқ, өз ақшасы өзіне әрең жетеді. Ал биліктің ақшасында есеп жоқ, сондықтан осындай жағдайда ол басымдыққа ие.

- Ал сыртқы күштер ше, мысалы , түрлі түсті революцияда оларды өз мүддесіне пайдаланғысы келетіндер ше?

- Бүгінде Батыс Орталық Азия елдерінде түрлі түсті революция дайындауда деген түрлі әңгімелер көп. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі тағайындалғанда да оны түрлі түсті революция шебері деп атайды деген әңгімелер көп болды. Өткен жылдың күзінде Орталық Азия елдерінде Ресейге қарсы насихат жұмыстары үшін Конгресс 15 млн доллар бөлуде деген әңгіме шыққанына қарамастан Батыс мақсатты түрде осы бағытта жұмыс істеуде деп айта алмайды екенмін. Бұл қаржы бөлінген болатын, алайда Орталық Азияға сол күйі жетпеді.
Мен Батыс, оның ішінде Америка мақсатты түрде Қазақстанда түрлі түсті революция дайындауда деп ойламаймын. Себебі бүгін Қазақстанның көп векторлы саясаты Америка, Ресей мен Қытайдың көңілінен шығып отыр. Қоғамда батыстың түрлі түсті революцияда дайындығын көрсететін белгілерді көрмедім.

- Жаңа оппозицияны ескісінен құрылымының жоқтығы, нақты көшбасшыларының жоқтығы ерекшелендіреді. Бұл жақсы ма, жаман ба?

- Мен бірнеше жастар қозғалысын оқыдым, оларда өз қарсылықтарын жүйелендіретін міндет жоқ. Олар келешек наразылық қозғалысы үшін негіз дайындауда, қоғамның көзін ашып жаңа наразылық арнасын жасақтауда. Олар өздерінің алдында партия құру немесе билік үшін күрес міндетін қоймайды. Менің ойымша олардың бұл әрекеті дұрыс. Егер ол туралы мәлімдесе, мемлекеттік машина бірден іске қосылып, түбегейлі жойып жіберетін еді. Мүмкін сол үшін олар осындай мәлімдеме жасауда немесе міндеттері мүлдем бөлек, мен білмеймін.
Өкінішке орай, мен қазіргі жастардың орнында өзімді сезіне алмаймын және олардың әрекетінің логикасын түсіне бермеймін.

- Олар осындай наразылық негізін жасақтады. Әрі қарай не болады? Онда бірнәрсе өсіп шығуы керек емес пе?

- Мен жаңа ұрпақ дайындаған топырақта наразылық қозғалысы керемет жүреді деп ойламаймын. Бұл топырақтың үстінде азаматтық қоғамның жаңа желісі өсіп жатқанын мойындау керек. Маған, мысалы Бэлла Орынбетова бастаған елордалық жастар тобының мәлімдемесі қатты ұнады, олар өз партиясын құратынын хабарлады. Бұл бастама қолдау көрсетуге тұрарлықтай.
Қазақстандағы бүгінгі жағайда жаңа партияны жалпыұлттық қарсылық аясында ғана құруға болады. Сахна сыртындағы Назарбаев жүйесі жаңа партияны тіркеуге мүмкіндік бермейді. Оны түсіну үшін көріпкел болудың қажеті жоқ.

- Жүйе барлығын бақылауға алған жағдайда жаңа партия құру үшін тыраштанып, энергия мен ресурс жұмсаған қаншалықты дұрыс?

- Әзірге олардың міндетін түсінбеймін. Алайда бүгінде жастар ескі оппозицияны – сатқындар, олар ұдайы билікпен бірге жұмыс істеп келген деп мәлімдеме жасағанда, азамат ретінде, ескі оппозиция саясаткерлерінің бірі ретінде бұл негізсіз жала деп айта аламын. 26 сәуірден бастап «Ақиқат» партиясының төрағасы болған кезден билікпен ешқандай баланысым болмады. Бізде Ақордамен бірге жұмыс істеу ниеті жоқ. Біздің міндет – парламенттік сайлауға дейін «Қазақстанның 100 азаматтық көшбасшысы» жобасын жүзеге асыру. Оларды біз «Ақиқат» партиясының парламенк тізіміне қосқымыз келеді. Аталған 100 азаматтық көшбасшының көмегімен парламенттік сайлауға әсер ете алатынымызды көрсеткіміз келеді. Олардың біздің партиямыздың атынан өзінің кандидатурысын ұсынып, парламенттегі орындартын жартысынан көбін жаулап алуға мүмкіндік береміз.
Біздің міндет – партияның оянғанын және онымен жұмыс істеуге болатыныы көрсету. Алайа біз қиын нарықтық жағдайда ір сүрудеміз, белсенділеріміздің жұмыс ақысы мен қатар қоғамдық көліктегі жолақысында төлеуіміз керек. Алайда біз серіктестерімізбен оларға демеушлікі көмек көрсету туралы келіссөздер жүргізудеміз. Менің ойымша, «Ақиқат» партиясын қоспағанда қоғамда өзге тәуелсіз күш жоқ. Қоғам біздің партияға қолдау көрсете бастайды, демеушілік тантатын адамдар да табылады. Мен бұған сенімдімін!

- Дауласпай отыра алмаймын: баннерлерді дайындау , баспасөз конференциясын өткізу, ғаламтордағы айналдыру кампаниясы да арзан дүние емес. Жаңа оппозиция бұған ақшаны қайдан алды?

- Оларға көлеңке түсіре алмаймын, жастар өте алғыр, қандайда бір жобаларға қатысып жатқан шығар, сырттан қаржыландырылып отыр деп айта алмаймын. Менің түсінгенім, қоғамда көңілі толмайтын байлар да бар, сондықтан олардың тарапынан қандай да бір көмек бар шығар. Егер осы жастар өз белсенділігін жоғалтып алмаса олар қоғам тарапынан ғана емес, бизнес қауымдастықтың да қолдауына ие болатын болады. Бастысы – азаматтық жалынды жоғалтпау және Ақорданың арбауына түсіп қалмау.

- Жаңа оппозиция негіз дайындап, ескі оппозиция соған оралуы мүмкін бе?

- Біз белгілі бір мөлшерде жаңа оппозицияның мүмкіндіктерін арттырып отырғанымызды мойындау керек. Мүмкін бұл уақытша ғана құбылыс шығар, уақыт өткен соң билік тарапынан жасалған қысымның әсерінен әлсіреп қалар. Ия, бүгінгі жастар бағыт беріп жатыр, алайда бүгінгі режимге қарсы олар бүкіл халықты артынан ерте алады деп айта алмаймын. Мен сынақ және билік қол қусырып отырмайды режимдерінен өттім.
Алайда біз ісімізді бастау үшін дайын топыраққа келуге мүдделі емеспіз. Біз оны жастармен бірлесіп дайындайтын боламыз. Онда демократтар, либералдар мен ұлттық-патриоттар болады. Біз өзгенің алаңын қолдануға мүдделі емеспіз, біз халықпен бірге бастаймыз, оларға елімізді өзгерту үшін "Ақиқат" партиясы жалғыз күш екенін көрсетеміз. Әрине, жастарға өз алаңын ұсына алатын өзге партия пайда болса және оны шын көңілімен жасаса онда бәсекелестік пайда болады. Алайда қазіргі таңда «Ақиқат» партиясынан басқа саяси күш көріп тұрғаным жоқ. Біздің партиямыздың міндетті халықтың тұрмыс деңгейіне қарамастан басын біріктіру.

- Парламенттік сайлауға дейін үлгеру керек те?

- Менің ойымша, қоғам бүгінгі күннің шынайы жағдайын түсіне білуі керек, мүмкін осы жылдың аяғында немее келер жылдың басында президент кезектен тыс парламеттік сайлауы туралы хабарлайтын шығар және оған дайын болуымыз керек. Парламенттік сайлау 2021 жылы өтуі керек. Менің ойымша парламенттік сайлау күзде, мысалы қыркүйек айында өтуі мүкін. Менің ойымша онда шынайы өмірді бағамдай алатын ақылды жастар бар. Кейбір инсайдерлік ақпараттарға сүйенетін болақ, ескі мен жаңа оппозицияны бөлу және жаңа оппозицияны басқарылатын көшбасшылардың көмегімен бағыттар бойынша бөлу жобасын Дархан Калетаев, Ерлан Қарин және ҰҚК-мен Кәрім Мәсімов жүзеге асыруда. ҰҚК ішінде ішкі саясат бөлімінің өзіндік тобы жасақталда – алтыншы басқарманың оныншы департаментінде жаңа құрылым жасауталуда, ол елдегі ішкі саяси мәселелерді зерттейтін болады. Идеологтар арасында да тайталас жүріп жатыр, мысалы жақсы орынды иемдену үшін Тәжиннің (Марат, мемлекеттік хатшы – ҚазТАГ) тобы Калетаевтың тобымен, Мәсімовтың тобымен таласуда.

- Қалай ойлайсыз сіз айтып отырған қоғамдағы өзгерістерді жасақтау үшін негіз дайындауға қанша уақыт кетеді? Оны жүзеге асырғанға дейін қазіргі белсенді жастардың зейнетке шығатын жастары келіп қалмай ма?

- Менің ойымша біздің уақытымыздағы өзгерістер инерциясы тыныш өмір сүруімізге мүмкіндік бермейді деп ойлаймын. Оның үстіне тағы 30 жыл бойы шыдап көнуге, ескі оппозициямен қатар жастардың да құлқы жоқ. Екінші жағынан қоғамдағы өзгерістер белсенділігіне биліктің өзі де еріксіз негіз жасауда. Егер билік іштен өзгере бастамаса, өзгерістер басталғанға дейін көп дегенде екі жыл қалды деп ойлаймын.

- Сұхбатыңызға рақмет!


Жаңалықтармен бөлісу: