Константин Горожанкин: Потемкин деревнялары (ауылдары) өмір сүруде - біз айналымының 90%-ы онлайнға кетіп жатқан интернет дүкендер туралы естіп жатырмыз.

Алматы. 24 қаңтар. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстандық электронды коммерция нарығы 2018 жылы көлемі $1 млрд артып, ТМД елдері бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында тұр. Және ол биліктің ықпалының арқасында дамып жатқан жоқ, керісінше. Мүмкін содан да қытайлық Aliexpress патшалық құрып тұрған болар? Ал заңнамалық шектеулерге қарамастан, нарықта бәрінен бұрын жалақыға дейін займ алу өсіп тұр. ҚазТАГ ХАА тілшісі осы және басқа да көптеген мәселелер туралы қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының президенті Константин Горожанкинмен әңгімелесті.

-Қазақстандық электронды коммерция нарығын сіз қандай сомаға бағалайсыз? Ол өсіп жатыр ма?

- Қазақстанда электронды коммерция нарығы (e-commerce) өсуін жалғастыруда. Оның үстіне теңгемен секілді, доллармен де. Былтыр ол бірінші рет 1 миллиард АҚШ долларынан асты – бұл бұрынғы Одақ елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші көрсеткіш.
Электронды коммерцияда, сауатты СЕО барысында, оффлайнға қарағанда монополист болу оңайырақ. Сондықтан, нарық ірі ойыншылар айналасына шоғырлануын жалғастыруда.

-Қазақстан үкіметі e-commerce дамуын қолдай ма?

- Үкімет президент еркін орындап жатқандай және елдегі электронды коммерцияға көмектесіп жатқандай кейіп танытуын жалғастыруда. Бірақ нарық мұны байқамайды және сондай әрекетке назар аударуды тоқтатқан.
Бір жыл бұрын интернет-бизнеске арналған жеңілдіктер туралы айтылған сөздер сол күйі сөз болып қалды, себебі осы жеңілдіктерді келесідей жағдайда ғана пайдалану мүмкін – интернет-дүкендердегі айналымның 90%-ы онлайн жүру керек, ол негізі жүзеге асырылмайды. Жеткізілімі бар интернет-дүкен нарығының көшбасыларында бұл көрсеткіш жақсы дегенде 7-12% құрайды екен. Біздің халық тауарды қолымен ұстап көргенді, сосын барып оған төлем жасағанды жақсы көреді. Бірақ Потемкин ауылдары өмір сүруін жалғастыруда – біз осы жеңілдіктерді қолданған дүкендер туралы жиі естіп жатамыз, бірақ осы дүкендердің атауы белгілі себептер бойынша аталмайды.

- Aliexpress, Tmall, Amazon және басқа да маркетплейстерде қазақстандықтар не сатып алады? Ең танымал тауарлар?

- Бірінші кезекте – киім, екінші- гаджеттер, үшінші – жиһаздарға арналған және тұрмыстық заттар.
Ірі көлемді заттарға тапсырыс бермейді, кеденнен өткізу және жеткізілімі қымбат. Тамақтарға жеткізілім мерзімінің ұзақтығына байланысты тапсырыс бермейді, ал дәрілерге келсек, сапасына сенімсіздік білдіреді. Ал күнделікті тұрмысқа қажет қалғандарының барлығын Aliexpress-тен алуға болады.

- Сіз неге тек Aliexpress туралы айтып отырсыз?

- Себебі басқа шетелдік маркетплейстер бізде онша танымал емес. Amazon-нан байлар мен тәжірибелі сатып алушылар алады. Tmall –да көп сатып алмайды, себебі оның тарифі Aliexpress-пен салыстырғанда тым жоғары.
Қазпоштаның кез-келген бөлімшесіне кіріңіз – олар сары жолақты Қытай сәлемдемелеріне толы. Aliexpress орта және ортадан төмен баға сегменттері қолайлы клиенттерінің сүйіспеншілігіне қол жеткізген.

- Қазақстандық электронды коммерцияда Aliexpress патшалық құрып тұр ма?

- Қытайлықтардың жанында еуропалық Bonprix (киім) және Next (балалар киімі), ресейлік Ozon (кітаптар және тағы басқалар) сайттары да қолданылады.
Егер тауар жеткізілімінен басқа, жалпы маркетплейстер туралы айтсақ, онда біздің азаматтар арасында билетке тапсырыс беру, шетелге турлар мен қонақүйлерге тапсырыс беру де (Booking, One-two-trip, Aviasales және тағы басқа) танымалдылыққа ие.

- Қазақстандықтар қазақстандық e-commerce сайтында қандай заттарға тапсырыс береді?

Тұрмыстық техника мен гаджеттер - Kaspi кредиттік экспансиясы «Технодом», Sulpak және Alser секілді ірі тәуелсіз ойыншылардың барына қарамастан бұл сегментке үлкен серпін беруде.
Авиа және темір-жол билеттеріне, кино билетіне және спорттық және концерттік шоу билеттеріне тапсырыс беру жылдам артуда. Бұл оңайырақ, үздік таңдау, бағасы да офлайнға қарағанда қол жетімді.
Киімдерге тапсырыс беру сегментінде қытайлық Aliexpress –пен теңдей дәрежеде келе жатқан қазақстандық өкілдіктерін ашып тастаған ресейлік компаниялардың еншілестері үлкен орынға ие.
Ақша. Соңғы екі жылда елде онлайн-кредиттердің үлкен сегменті өсті.

- 2017 жылы Қазақстанда электронды коммерцияда қандай өзгерістер орын алды?

- e-commerce нарық лидері өзгерді – Kaspi-shop бір жылда бес есе өсіп, өте мықты ойыншыға айналды және бірінші жолда ұзаққа тұрақтады.
Айналымы бойынша екінші орында Aviata, ол бұрыннан келе жатқан лидер «Эйр-Астананы» басып озды. Бұл үлкен көрсеткіш – барынша ыңғайлы сайттар мен сервистер есебінен билеттер агрегаттары өздері өсіп бастаған компания базасын басып озып, қазір соның билеттерін барлығынан да көп сатуда. Бұл ретте, «Эйр-Астана» сайтында бұл билеттер арзанырақ тұрады, сонда да адамдар агрегаттарды қолданады. Бұл қазақстандықтардың сервис үшін төлем жасауға дайын екендерін білдіреді.
Үшінші айта кетерлік жәйт – бір ғана Aviata айналымы Choco group аясындағы алты компанияның айналымынан 23% көп болып шықты. Бұл ретте Choco group мақсатының бірінші ойыншы болу екенін бірнеше мәрте айтқан болатын және сол үшін тағам сегментіндегі басты бәсекелестері – Foodpanda-ны және купондар сервисі - BeSmart-ты сатып алды, сондай-ақ билеттер сатылымы саласындағы табысты ойыншы – Aviata-ның акцияларының бір бөлігін сатып алған еді.
Жалақыға дейін қарыз беру (PDL, ағыл. pay day loans – ҚазТАГ) 2017-2018 жылдары Қазақстанда барынша жылдам өсті және Ұлттық банктің заңнамалық өзгерістерінің өзі оның өсуіне қатты әсер ете алмады. Адамдарға ақша жетпейді және оларға жалақыға дейін тез ақша табудың жолын ұсынған олардың өсімі осы екі жылда едәуір артты.
   
- Демек, займдар бойынша пайыздары жоғары болса да PDL-займдар банк кредиттерінің орнын алмастыра бастады. Ал Visa екінші орынға ығысты ма?

- Иә, 2018 жылы MasterCard карталары бойынша жасалған операциялар саны алғаш рет Visa карталары бойынша жасалған операциялар санынан артты. Бұл банкирлерге байқалатын маңызды оқиға, барлық нарық үшін де маңызды.
Ұзақ уақыт бойы Қазақстанға жетекшілік еткен MasterCard кеңсесі Түркияда болатын, ал бұл тіл жағынан да, менталитет жағынан да кедергі, соның салдарынан Visa ондаған жылдар бойы Қазақстанда монополист болып келді. Оның нарықтағы үлесі 85%-ға жетті. Алайда жетекшілікті MasterCard мәскеулік кеңсесіне ауыстырғанан кейін қазір интернет-операциялар арасында MasterCard жиі байқалып жүр. Бәсекелестіктің артуы- өте жақсы. Екі халықаралық ойыншы да жиі акциялар өткізіп, нарыққа жаңа өнімдерін шығарып жатыр. Десек те, аздаған минус та бар - интерчейндж (карта бойынша операция жасағанда ұсталатын комиссия) MasterCard-та Visa-ға қарағанда жоғары, әсіресе біздің банктер соншалықты жақсы көретін қолайлы сегментте.
Жаңа қызықты өнімдер арасында Beeline – «Альфабанк Казахстан» ортақ жобасын атап өткім келеді. Оператордың балансы баланс болып табылатын карточка – бұл шындығында екі компания үшін жетістік және әлемдегі осындай бесінші жоба. Оны 100 мыңнан астам қазақстандық қолданып та үлгерді.
    
- Компаниялар арасында қайсысы басқаларынан тезірек өсіп келеді? Неге?

Нарықта барынша жылдам өсіп келе жатқан тоғыз жоба бар. 2017 жылы 50% -дан жоғары өскендер: Aviata, «Технодом», Kolesa, Scat, Satu.kz, Kaspi, Tickets.kz, Ticketon.kz, Santufei. Соңғы төртеуі былтырғыға қарағанда екі есе өсті.
Бұл ретте осы тоғыздықтың арасынан екі жобаның шетелдік тамыры бар – Satu мен Tickets Украинадан келді. Қалғандары біздің отанымызда өсірілген командалар.
Үш жоба: Aviata, Технодом және Ticketon 2018 жылы шетелдік нарыққа шығып, жетістікке жетті. Қалғандары әзірге өздерінің интеллектуалды өнімдерін шетелге экспорттауды қарастыруда.

- Сұхбатыңызға рақмет!

adimage