Үміт Шаяхметова: банктерді бағалауға «барлық апама сырғадан» схемасы бойынша қарауға болмайды

Алматы. 6 наурыз. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Үш қаржылық мекеме – Эксимбанк, Астана банкі және Qazaq Banki – жабылу сатысында, ал екі ірісі – Халық банк пен Қазкоммерцбанк бір банкке шоғырландырылған. Осы ауытқулардың салдарынан Қазақстанда бүгінгі таңда 28 банк жұмыс жатыр. Алайда бұл санды да кейбір сарапшылар өзекті емес деп санайды және ары қарай сұрыптау күтіледі.
Осы өзгерістер фонында ҚазТАГ журналисі «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқармасының төрағасы Үміт Шаяхметовамен кездесіп, ол банк саласындағы соңғы жағдайларға қатысты өз ойымен бөлісті.

- Үміт Болатханқызы, сіз Қазақстанның банк саласындағы соңғы жылдардағы жайттарды қалай бағалайсыз? Бір жағынан, банктердің саны айтарлықтай қысқарды, екінші жағынан ақша жетеді, бірақ қарызға беретін ешкім жоқ.

- Кәнекей алдымен жақсы жағын айтайық. Бүгінгі таңда Қазақстандағы банк саласы барынша тазартылды. Соңғы жылдардағы қарқын – жабылу, банктердің бірігуі, Проблемалы несиелер қорына екінші деңгейлі банктерден проблемалы активтерді сатып алу – осының барлығын толықтай жақсы жағы деп айтуға болады.
Орын алғандардың барлығына байланысты екі негізгі тақырып пайда болды, ол туралы айтпасақ болмайды.
Бірінші негізгі тақырып – ЕДБ-дегі NPL (NPL көрсеткіші, немесе жұмыс жасамайтын ссуда несие портфелінде мерзімді немесе мерзімі өтіп кеткен қарыздың жиынтық көлемін білдіреді және мерзімі бойынша бөлінуі мүмкін – ҚазТАГ) үлесінің барынша төмендеуі.
Екінші негізгі тақырып, бір қарағанда, нонсенс секілді болып көрінеді. Бір жағынан, бүгінде банкирлерде қаржы барынша жеткілікті, алайда экономиканы белсенді кредиттеу байқалмайды. Сондықтан, бір жағынан, осының салдарынан қазақстандық экономикадағы банктердің рөлі қазіргі таңда төмендеуде. Және бұл айқын деректің көрсетілуі.
Демек, әбден заңды сұрақ туындайды: неге банкирлер бизнеске кредит бермейді? Мүмкін осыған мән беріп, кредит бермеудің себептерінің бірнешеу екенін түсіну керек. Олар заим алушылармен, банкирлермен, реттеушілермен және жалпы жүйемен байланысты. Шын мәнінде, бұл қалай да шешілуі тиіс проблемалы сұрақтардың бүтіндей бір блогы.

- Жүйе құрушы қазақстандық банктердің бірінің басшысы отандық банк жүйесіне қалай баға береді? Және, егер мүмкін болса, өз бағасын дәлелдермен бекітсе.

- Бірден айтайын, банк жүйесін бағалау процесіне «барлық апама сырғадан» деген схема бойынша қарауға болмайды. Біздің банктік жүйе бірқалыпты емес, және мұнда таңқаларлық ештеме жоқ. Мәселен, банктер арасында тек «екіліктер» мен «үштіктер» ғана емес, «үздіктер» де бар. Егер банк жүйесін бес балдық жүйе бойынша бағалайтын болсақ, онда менің бағам «үш» пен «төрттің» арасында. Нақтылай да кете аламын – «3+».
Бұл ретте, атап өтейін, осылайша Ұлттық банктің жұмысын аздап бағаласам, көбіне акционерлердің, менеджменттің, клиенттер мен екінші деңгейлі банктер технологиясын бағалаймын.

-Қазақстандық банк жүйесінде жақсы не бар айта аласыз ба?

- Технологиялар. Бұған дейін байқағанымыздай, жүйеде ақша мен өтімділік бар. десек те нақты сол технологияның барына назар аудартқым келеді. Банктер технологияға, сервис деңгейін көтеруге өте көп ресурс жұмсайды. Өзім басқарып отырған банкті мақтамаймын, алайда Kaspi bank, ForteBank немесе Сбербанк-ке қарасаңыз жеткілікті. Олар шын мәнінде технологияны жүйеге әкелуде, және бұл жақсы, сеніңіз.

- Әңгіме банктер туралы қозғалса, қорландыру нарығы мәселесін қозғамау мүмкін емес. Олардың Қазақстанда жұмыс жасайтын банктер үшін ашықтық деңгейін қалай бағалайсыз?

- Қорландырудың сыртқы нарығын, немесе кредиттік ресурсты қайдан алуға болады дегенге келсек онда, ол, әлбетте, ашық, бірақ барлығына бірдей емес. Егер Қазақстанда жұмыс жасайтын банктер туралы айтсақ, онда Халық үшін қорландырудың сыртқы нарығы ашық. Мүмкін тағы кейбір шетелдік «еншілестер» үшін де. Болды. Қалған жергілікті банктер, көп болса, бір немесе екеуі, егер сыртқы нарықта қаржылай ресурсты тартқылары келсе оларды барынша жоғары бағамен алады.
Менің қорландырудың сыртқы нарығы барлығы үшін ашық емес дегенде айтқым келгені де осы.
Ал енді мұны нақты мысалмен түсіндірейін. Егер бұл еуробондтарға қатысты болса, онда Халық оларды шығарып қана қоймайды, оларды қандай да бір сәттілік деңгейімен ішкі қор нарығына орналастыра да алады. Қазақстандық басқа банктер әзірге сол еуробондарды шығара да, сыртқы нарыққа орналастыра да алмайды.

- Жалпы мәселе, Халықтың айрықша ерекшелігі мен басқа қазақстандық банктерің ерекшелігінің жетіспеушілі туралы, әлде мәселе басқа бірнәрседе ме?

- Солай жазып алыңыз, «басқа бірнәрседе» деп. Неге? Шетелдік инвесторлар бүгін туылған жоқ және қаржылық тұрғыдан барынша сауатты адамдар. Және оларда ақшаны инвестициялау мәселесін өздеріне ала алатын кәсіби брокерлердің саны да жеткілікті. Ақша бермес бұрын, олар мндетті түрде банк есептілігінің негізгі параметрлеріне қарайды- қаржылық тұрақтылығы, төлем қабілеті, капиталы, проблемалы активтерінің деңгейі, кірісінің жиналуы және басқа да бірқатар негізгі көрсеткіштері бар.
Мұның барлығы барынша оңай есептеліп, бағаланады. Сонымен қатар, инвесторлар кез келген банк акцияларының өтімділік деңгейін оңай бағалауға қатысты жеткілікті ақпаратқа қол жеткізе алады. Міне басқа қазақстандық банктер сондықтан да сыртқы нарыққа сәтті шығып, сол жақтан ақшаны қарызға алу мүмкіндігіне ие бола алмайды.

- Көптеген жылдар бойы билік экономиканы әртараптандырып, мұнайға тәуелділіктен кете алмай келеді. Және бизнесті дамытудың қанша бағдарламасын іске қосса, да баяғы жартас бір жартас. Сіздің пікіріңізше бұл немен байланысты?

-Әлбетте, бұл сұраққа банкирдің көзқарасы тұрғысынан жауап беремін. Банк басшысы ретінде кәсіпкерлік саласының байсалды түрде өзгеруін көргім келеді, яғни белгілі бизнесмендермен бірге жаңаларының да пайда болғанын көргім келеді. Өкінішке орай, банкирлерге, соның ішінде маған да, баяғы бізде соңғы 20 жыл бойы кредит алып келе жатқан сол бір заим алушылармен жұмыс жасауға тура келеді, ал жаңалары өте аз.
Алайда мен әлеуетті заим алушы- жеке кәсіпкерлердің барынша мобильді класына назар аударғым келеді. Бұл көбіне тәуекелге бел байлап, бизнесін алға жылжытқылары келетін жастар. Осындай ширақ және жаңашыл ойлайтын кәсіпкерлер көбейсе екен деймін, бірақ әзірге олар көп емес.

- Және ешқандай сәуле жоқ па?

- Дегенмен, банкир ретінде көргім келетінімен, және нақты өмірде болып жатқаны арасында үлкен айырмашыық бар.
Ашығын айтқанда, маған жас, ширақ және өзі мен өз бизнесіне сенетін адамдар ұнайды. Олар маған шынайы түрде ұнайды. Бірақ банктің аты банк. Стартапқа кез келген банк жәйден жәй ақша бере салмайды. Егер нақты кепіл болса, мысалы, жылжымайтын мүлік, онда несиені кәсіпкердің алу мүмкіндігі зор.
Ал енді өз ойымды мысалмен түсіндірейін. Банкке кәсіпкер келеді де «Мейрамхана ашқым келеді. Маған жаңасын салуға немесе ескі мейрамхананы қайта жөндеп, жабдықтауға несие беріңіздер» дейді. Әдетте мұндай жағдайларда банкирлер: «жақсы, 50%-ын өзің саласың, ал қалған жартысын несие ретінде аласың» дейді.
Ақшаның жартысы жаңа жобаға start-up capital (бастапқы капитал – ҚазТАГ) ретінде салынуы керек екеніне дауласпайсыздар деп үміттенемін. Міне осы бастапқы капитал ретінде, мәселен пәтер қойыла алады. Ол кезде ол пәтерін салады, ал қалғанын банк несиеге береді. Сондай-ақ, банк мейрамхана орналасқан ғимаратты, және асхана жұмыс жасайтын құрал-жабдықты да алады.

- Несиелендірудің мұндай талабы кәсіпкерді банктің кепілгері етеді деп ойламайсыз ба?
   
- Мен кепілгер деген сөзді қолданбаған болар едім. Адам өз ісін ашқысы келеді, көп уақыт бойы тәжірибелі адамдармен кеңеседі, және ақырында өз еркімен сенімді қадам жасайды. Осындай ісін енді бастап жатқан және тәуекелді сезінетін, әрі өзінің сенімсіздігі мен кемшіліктерін еңсере алған кәсіпкерлер тек тәнті етеді.
Банктік несие талаптарының барынша қатал екенімен келісемін. Біздің де акционерлеріміз алдында қатал міндеттемелеріміз бар. Алайда жағдайға басқа қырынан қарауды өтінемін. Несие алып, мейрамхана ашқаннан кейін кәсіпкер алдында барынша көптеген мүмкіндіктер пайда болады.
Егер ол өз идеясына сенсе, оның кіріс әкелетініне көзі жетсе, өз клиентін тауып, нарықты қалыптастыру механизмін түсінсе, онда уақыт өте келе бизнесі бойынша барлық қарызынан құтылып, кіріске кенеледі. Өз-өзіне жұмыс жасағаннан басқа жағымды не бар?
Бұл тек мейрамхана емес, кафе, ателье, көліктерге техникалық қызмет көрсету стансасы, стоматология кабинеті, сұлулық салоны, және басқа кез келген нәрсе болуы мүмкін.

- Сіз өзіңіздің болашаққа деген сенімділігіңізбен айналаңызды қызықтырып жібересіз, тіпті мені де. Тіпті өз ісімді ашқым келіп кетті. Бәрі сіз айтқандай оп-оңай ма?

- Шынайы өмірде оңай ештеме жоқ. Банк кәсіпкерді шын қабылдау үшін, ол жақсы бизнес-жоспарын ұсынуы керек, нені, қашан және қалай жасайтынын нақты түсінуі керек.
Бастапқы кезеңде ең үлкен қиындықтар туындайды. Көптеген ісін енді бастап жатқан кәсіпкерлер бизнес-жоспар жасай алмайды, онсыз да бәрі болады деп ойлайды.
Өз ісін ашқысы келетін адамды оқыту керек, бұл жерде «Атамекен» ҰКП рөлі зор. Ол жерде өз ісін нөлден бастағысы келетіндер үшін бағдарлама жеткілікті. Оларды бизнес-жоспарды жасауға, банкпен несие шартына тұрғанда не нәрсеге баса назар аудару керегіне үйретеді.
Егер бір адам өз бизнесін ашқысы келеді, бірақ жоба, бизнес-жоспар, несие деген секілді қарапайым нәрселерді түсінбейтіндерге біз ақшаны әлбетте бермейміз. Ол, мәселен, базарға барып, бір затты арзанынан алып, оны қымбатына сатады. Бұл да бизнес, әлбетте басқа деңгейдегі, бірақ бизнес.

- Халық пен Қазкоммерцбанктің бірігу тарихы ұзақ уақытқа созылды. Сол кезде сіз нақты немен айналыстыңыз?

- Алдымен бізге Қазкоммерцбанк акционері хабарласты, сосын біз due diligence (заңды сараптама – КазТАГ) жасау керек болдық. Бұл тексеру барысында біз тек қаржысын ғана емес, ұйымдастырушылық құрылымына да, басқа да заңды жағдайларына мән береміз. Және тек банкке толық тексеру жүргізгеннен кейін ғана сен оған қанша қосымша капитал салу керегіңді немесе оның керек емесін түсінесің. Тағы да бизнес-жоспар секілді, сатып алу өзін-өзі ақтай ма деген сияқты.
Халық пен Қазкоммерцбанк жағдайында да сол due diligence шетелдік консультанттардың араласуын талап етті. Біз екі белгілі заң компанияларын, инвестициялық банкті, айти және басқа да аудиторларды жалдадық. Осы дайындық жұмыстарының барлығы, әлбетте, көп уақыт алды.
Ал егер нақтырақ айтсақ, онда жарты жыл бойы біз due diligence жүргіздік, скрупулезную оценку Казкоммерцбанкті мейлінше бағалауға тырыстық, сосын барып оны сатып алдық.
Біз Қазкоммерцбанкте болған проблемалы портфельге қосымша провизия қалыптастыруға тиіс болдық. Біздің банкке салған капиталымыз – 250 млрд. теңге- әзірге қайтарылған жоқ, бірақ барлығы жоспар бойыша жүріп келеді, ал оны 10 жыл ішінде қайтару жоспарланған.

- Ұлттық банктің теңгені тұрақтандыру мақсатында жүздеген миллион АҚШ долларын өртеген кезеңі тарихта қалды. Енді реттеуші инфляциялық таргеттеуді жүзеге асыруда, оны сіз бағалайсыз…

-Өте дұрыс және оң шешім ретінде. Инфляциялық таргеттеу тәсіліне Ұлттық банк үш жыл бұрын өтті, ол кезде теңге бағамы еркін жүзуге жіберілген болатын. Және осы уақытқа дейін реттеуші осы әдістемені қатаң ұстанып келеді, осылайша, теңге бағамына нарықтық заң бойынша қалыптасуға мүмкіндік береді. Байқасаңыздар, 2018 жыл бойы Ұлттық банк тек бір рет, қыркүйекте, валюта нарығында нетто-интервенцияны қолданған. Ол бағамды түзетті, бары сол.
Салыстыру үшін, теңге бағамының белгіленуі Қазақстан үшін неге айналғанын жақсы білесіздер. Реттеуші теңге бағамын тұрақтандыру үшін алтынды валюта қорындағы миллиардтаған долларды өртеді.

- Ақпан айының басында Назарбаев университеті бақылайтын құрылым «Цеснабанктің» жаңа иесі болды. Бұл мәмілені сіз қалай түсіндіресіз?

- Түсіндіре аламын, бірақ қысқа. «Цеснабанктің» сатылуын барлық қырынан жақсы деп бағалай аламын. Әсіресе, депозит иелерінің активтерінің сақталуы тұрғысынан. Енді олар шынымен де өз ақшаларын жоғалтып алмайды. Ал сатылым, келісіңіз, банкрот болудан барынша жақсы.

-АҚШ пен Еуропалық одақта Ресейге қатысты жаңа санкциялар белсенді талқылануда. Ал көптеген талдаушылар теңгенің құбылмалығының бірі ретінде ресейлік рубльдің тұрақсыздығын айтуда. Санкцияның кезекті пакетін жариялағаннан кейін рубль құлап, өзімен бірге теңгені де ала кетуі мүмкін бе?

- Санкция мен оның Қазақстандық экономикаға жанама әсеріне келсек, онда әзірге ол туралы айтуға әлі ерте. Ресей біинеше жыл бойы санкция астында өмір сүріп келеді, азді-көпті оған бейімделіп те алды. Қазір санкциялардың келесі пакетінің қашан болатынын және ол ақырында қандай түрде болатынын айту қиын.
Санкциялардың жаңа пакетінің мүлдем болмауы да мүмкін. Естеріңізге алыңыз, ресейлік олигарх Олег Дерипаскидің компаниясына қатысты жақында ғана санкцияны алып тастауға қатысты жағдай орын алды.
Егер жаңа батыстық санкциялар ресейдің орталық банкі шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарға әсер етсе, мұның қазақстандық экономикаға еш қатысы болмайды. Себебі МБҚ ішкі нарықтағы қарыз үшін шығарылады және рубльмен ғана белгіленеді. Ал бүгінде РФ ОБ сыртқы қарыз үшін ешқандай бағалы қағаз шығармайтындықтан, жаңа санкциялардың әсері де аз болмақ.

- Кеден одағын Еуразиялық экономикалық одаққа өзгерткенде бірыңғай реттеуші туралы көп әңгіме қозғалды. Оның барлығы сол әңгіме күйінде қалды, әлде нақты қадамдар бар ма?

-Әзірге әңгіме жүзінде ғана. Егер қателеспесем, ЕАЭО аясындағы бірыңғай реттеуші туралы жоспар бізді 2022 немесе 2025 жылдарға апарып тастады, бірақ әзірге тараптар нақты бір шешімге келмеді. Негізінен бұл туралы реттеушілер – Ресейдің Орталық банкі мен Қазақстанның Ұлттық банкі келісуі керек. Бір жағынан қарағанда жұмыс топтары бар секілді, мүмкін оларда қандай да бір талқылаулар бар шығар, бірақ әзірге жоба түріндегі қандай да бір ұсынысты Халық алған жоқ.

- Және соңғы, сіздің 2019 жылға арналған қазақстандық банк жүйесі бойынша болжамыңыз.

-Бәрі жақсы болады. Атап айтсақ, макроэкономикалық жағдай тұрақты, мұнай бағасы жеткілікті түрде жақсы орташа деңгейде, қаржы нарығында біз айтарлықтай жағымсыз қарқынды күтпейміз. Жаһандық деңгейде әзірге ешқандай айтарлықтай өзгеріс байқалмайды, ал Қазақстанның ірі жобалары, әсіресе, мұнай саласында, тұрақты өсімді көрсетіп келеді. Және сондықтан бәрі реттеушінің нарықты қаншалықты сәтті реттейтініне байланысты, мен бақылауды емес, дамытуды айтып отырмын, және банктердің менеджменті қаншалықты жаңа қауіптерге бейімделе алатыны туралы.

- Сұхбатыңызға рақмет.

adimage