Шаяхметова: Саяси өзгерістер, митингтер мен ереуілдер банк секторына әсерін тигізді

Күні: 16:40, 28-10-2019.

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында байқалған саяси өзгерістер, митингтер мен ереуілдер банк секторына өз әсерін тигізді. Басты оқиғаларардың бірі ретінде банктердің шоғырлануы мен нығаюын, экономиканы несиелендіру мен банктерге мемлекеттік қолдау көрсетудің азаюын атап өтуге болады. Осы және өзге де мәселелер туралы ҚазТАГ ХАА берген сұхбатында «Қазақстан халық банкі» АҚ (Halyk Bank) басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова айтып берді.

- Үміт Болатханқызы өткен және осы жылдың бірінші жарты жылдығындағы қандай елеулі оқиғаларды атап өтер едіңіз?

- Әрине, «Халық Банкі» мен «Қазкомның» қосылуын атап өтер едім, олар қосылғаннан кейін нарықта 35% үлесі бар үлкен ойыншы пайда болды. Өткен жылдың екінші маңызды оқиғасы «Цеснабанктің» проблемалары және оны сауықтыру бойынша операциялар. Бүгінде ол «Жусанбанк» деп аталады. «Цеснабанк» 2018 жылдың соңына қарай «Халықтан» кейін екінші орында болды. Сектор ретінде алып қарайтын болсақ мемлекеттік қолдау есебінен банктердің нығайғанын атап өтуге болады.
Екіншісі – несие қоржынының көтерме бөлігінің өсуін алға тартуға болады. Бұл өткен жылы айқын байқала бастаған және осы жылы сақталып қалды. Бүгінде экономиканың нақты секторын несиелендіру төмендеп барады. Тек көтерме қоржын артып отыр.
Осы жылдың бірінші жарты жылдығында ойыншылар арасында үлкен өзгерістерді аңғардық. Бұл «Цеснабанкты» сауықтыру келісімінің аяқталғаны, содан кейін оның «First Heartland Bank» АҚ-мен бірігуі және «First Heartland Jýsan Bank» АҚ-ға («Жусан банк») айналуы. Бұл кішкентай үш банктің бірігуі: «Tengri Bank»АҚ, «AsiaCredit Bank»АҚ және «Capital Bank Kazakhstan»АҚ. Жалпы бұл үрдіс – шоғырландыр. Бүгінде реттеу барысында шамалы өзгерістер жүргізіліп жатыр.
Осыдан бір күн бұрын Досаев (ҚР Ұлттық банкінің төрағасы) мәлімдегендей, 2020 жылдан бастап банктердің көтерме қоржынын реттеу бірнеше бағытта өзгереді.
Әрине, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында саяси өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістер де өз кезегінде банк секторына әсерін тигізді. «Халық Банк» және өзге компаниялардың – «Қазақтелеком», KAZ Minerals-тың акциялар бағасы қысқамерзімге төмендеп кетті, кейін қайтадан қалпына келді. Сонымен қатар митингтердің жаңа тенденциясы, ереуілдер банк секторына әсерін тигізбей қоймады. Митингтерде кешірілсін деген талап қойылды, сосын мемлекет мемкөмек бөлді. Жалпы жыл жаңалыққа толы болды, ай сайын елеулі өзгерістер, оқиғалар орын алып жатты. Күн сайын өте «жинақы» өмір сүрдік, сыртқы және ішкі қазақстандық нарықты бақылап отырдық. Еркінсімей, белсенді жұмыс істеудеміз.

- Жақында ғана S&P конференциясы өтті және сарапшылар Қазақстанда банктердің шоғырлануы жалғасатыны жайлы айтты. Бұл бүкіл әлемде жүріп жатқан үрдіс, Қазақстанда да оның орын алуы қалыпты жағдай. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?

- Банк секторы – капиталды көп қажет етеді және төменмаржиналды. Банктер клиентке талас барысында комиссиялардан бас тартуда.

- Тұтынушылар мұны байқамайтын сияқты. Мамандардың әлеуметтік желілерде банктердің арзандағаны, комиссиялардың төмендегені немесе мүлдем жоқ болып кеткені туралы жазбаларын есептемегенде халық көңілінің өзгергенін байқамаймын.

- Бүгінде бұл үрдіс Facebook-те белең алған. Барлығы жаман және адамдардың ештемеге көңілі толмайтын сияқты ой қалыптасады. Оның үстіне ешкім өзінен бастағысы келмейді. Тіпті, жерде жатқан қағазды көтеріп қоқыс жәшігіне сылғысы келмейді, ол аздай өздері айналасын шашып жүреді және лас деп шағымданады.
Ал банк қызметіне келетін болсақ, бұл ойыңызбен келісе алмаймын.
Егер сіз қандай да бір банк мобильді қосымшасы арқылы төлем жүргізіп жүрсеңіз комиссия – 0, барлығы тегін. Тағы бір қайталап айтқым келеді, егер сіз несие алып отырсаңыз пайыздық шығын тегін болуы мүмкін емес. Несиелер тегін бола алмайды, себебі біз банк ретінде депозит аламыз және ол депозиттердің пайызын халыққа төлейміз, бұл ақшалардың сақталуын кепілдендіреміз және басқарамыз, нәтижесінде адамдар пайызын алады. Алайда пайыздық үстемақының төмендеу үрдісі де жүріп жатыр. Пайыздық үстемақы төмендеуде.
Егер адамдар шағын несие ұйымдарынан немесе ломбардтардан қымбат несие алып жатса онда бұл олардың жеке проблемасы. Кей жағдайда бұл сауатсыздық немесе бар болғаны құжат рәсімдеуге еріну.
Әрине, банктер құжат және табысының ашықтығын, оның көрсетілуін талап етеді. Біз бұл қаржының банкке қайтарылуын, тұтынушының несиені қайтару мүмкіндігін бағалаймыз. Бұл қалыпты жағдай, стандартты рәсімдер. Керісінше адамдарды осы дүниелерге үйрету керек, банк нені сұраса соны жасаңыздар деп қалыптастыру керек.
Дәл қазір мен жұмыс барысымен Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Грузия елдерінің өңірлерін аралап жүрмін. Қазақстанда бәрінен жақсы деп сенімді түрде айта аламын. Бар болғаны адамдар өздерінде не бар екенін түсіне бармейді. Мен жалпы саяси, экономикалық (Қазақстандағы - ҚазТАГ) жағдай туралы айтып отырмын, барлық экономикадан артық. ТМД-ның осы елдерінің бәрінде тіпті Украинаны қоса алғанда менің ойымша жағдайы Қазақстанмен салыстырғанда едәуір ауыр. Мүмкіндіктер бар, егер адам еңбек етсе, табыс таба алса ол жақсы өмір сүре алады. Жұмысқа орналасу немесе жұмысыңның болуы, шағын және орта бизнес ашу үшін инвестклиматы жағынан мен оған сенімдімін. Не себепті Ресей мен Қазақстанға мигранттар көптеп баруда? Себебі ол мемлекеттерде жұмыс жоқ. Мына мемлекеттер деп атап көрсеткім келмейді, бірақ Қазақстанның экономикасы едәуір жақсы деп айта аламын. Әрине бұдан да жақсы болуы да мүмкін еді, алайда аталған мемлекеттерден жақсы тұратынымыз шындық.

 - Инвесторлардың Қазақстанға, оның ішінде банктерге деген қызғушылығына қандай баға бересіз? Жақында ғана «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының (AIX) басқарма төрағасы Тим Беннет инвесторлар үшін біздің елдің экономикасы кішкентай деген болатын.

- Ия, 18 млн халқы бар екенін ескеретін болсақ нарық үлкен емес шығар. Алайда көбірек жұмыс істеген сайын мен Орталық Азия елдерінде ішкі миграция жасауға болады деп ойлаймын. Бізді көп нәрсе біріктіреді. Бірінші кезекте мәдениет және тіл. Мысалы сол латын қаріпін алайық. Неге Орталық Азия үшін ортақ латын қаріпін жасамасқа? Өзбекстанда өзінікі, Қазақстанда өзінікі. Бір ортақ тіл. Ортақ әліпби қағидаттарын қабылдауға болады ғой. Ішкі сауда, қаржы ағымы, еңбек айналымы және туризм бойынша әлеует жоғары.
Елдерді аралап жүргенде менде мынадай ойлар пайда болады – неге қырғыздармен қосылмасқа, бірігіп, шекараны ашу оп оңай емес пе. Оларда, бізде ұтар едік. Яғни, аймақ және мемлекет ретінде де әлеует бар.
Осыдан 15 жыл бұрынғы Қазақстанды салыстыратын болсақ, ол кезде бұл жерде FDI (тікелей шетелдік инвестиция), Capital Markets (капитал нарықтары) өсімі айтарлықтай болды, инвесторлар келетін және тікелей келетін олар. Қашаған, Қарашығанақ сынды үлкен жобалар және өзге де жобалар күні бүгінге дейін жұмыс істеп келеді. Бізде еурооблигациялардың, біріктірілген қарыз, корпоративті облигациялар шығарылатын. Бүгінде біз одан да үлкен мемлекетпіз, экономикамыз да үлкейген.
Неге инвесторлар келмейді? Мүмкін басқа себеп бар шығар. Мүмкін, мысалы ішкі құнды қағаздар нарығы жоқ – бұл осыдан 10 жыл бұрын бар болатын. Оны БЖЗҚ құру арқылы өлтірді. Мемлекеттің экономикадағы үлесі артты, осылайша жеке капитал үшін мүмкіндіктер азайды. Себебі Самрұқты құру 2005-2006 жылдардағы тенденция. Кейін 2008 жылы дағдарыс орын алды, ол кезде «Самрұқ» пен «Қазынаны» біріктірді және «Самрұқ» барлығын жұтып жіберді.
Егер осыдан 20 жыл бұрынғы Қазақстандағы жағдайды салыстыратын болсақ ол кезде бізге кіру үшін инвесторлар кезекте тұратын, ал қазір ондай белсенділік жоқ. Демек себеп ішкі, көбірек басқару мәселелерімізде болуы мүмкін.


Жаңалықтармен бөлісу: