Сырым Семейбаев: 2019 жылы Қазақстанда жеңіл және коммерциялық көліктердің сатылымы артады деп күтілуде

Алматы. 12 ақпан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. 2019 жылы Қазақстанда жеңіл және коммерциялық көліктердің сатылымы артады деп күтілуде, ал ескі көліктерді кәдеге жарату бағдарламасы республикада автокөлік паркінің ескіру қарқынын таратуға көмектеседі. Сонымен қатар, Қазақстан электро-автобустар мен электромобильдер өндірісін жолдан шығармайды деп күтілуде. Бұл туралы Қостанайда орналасқан «СарыаркаАвтоПром» ЖШС директоры Сырым Семейбаевпен әңгімелескен едік.

- Сырым Сайранбекұлы, 2018 жылы автокөлік сатылымы артты, ал 2019 жылы Қазақстанда жеңіл автокөліктерге сұраныстың өсімі қандай болады (егер болса)?

- Ағымдағы экономикалық көрсеткіштердің сақталуы барысында сатылым өсімі 70 мың жеңіл және коммерциялық көлік шегінде болады деп күтілуде. Жаңа көліктердің ең көп сатылымы 2013 жылы тіркелді, ол кезде ресми дилерлер 165 мың жаңа автокөлік сатқан болатын.

- Бірінші тоқсанда әдетте көлік сатылымы төмен болады. Қалай ойлайсыз, 2018 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда нарық нөлге немесе минусқа кетіп қалуы мүмкін бе?

- Әдеттегідей, бірінші тоқсандағы төмен сатылым дилерлер мен өндірушілердің брендті ұстанушыларға көлік бөлшектеріне тапсырыс беруімен, сосын оларды жеткізуімен байланысты. Егер көліктерді Қазақстанда шығарса, онда қосалқы бөлшектерін алғаннан кейін, оларды құрастырып, дилерге сатылымға жіберуі керек. Оған уақыт кетеді. Жалпы, 2019 жылы сатылым нарығы өседі деп күтілуде.

- Шығарылғанына 20 жылдан асып кеткен көлік құралдарының екінші нарықтағы қайта сатылымдағы үлесі, статистика комитетінің ақпарынша, 2017 жылғы 36%-дан 2018 жылғы 40%-ға дейін өсті, ал бір жылдан үш жылға дейінгі жастағы көлік құралдарының үлесі 8,3%-ы 4,5%-ға қысқарды. Қалай ойлайсыз, отандық парктің жоспарлы түрде ескіру қарқыны 2019 жылы да дами ма?

- Бұл қарқынды ескі автокөліктерді кәдеге жарату бағдарламасы қысқартуға көмектеседі деп ойлаймын. Қазақстанда ол 2016 жылдан бері жүзеге асырылып келеді: 2016 жылдың қарашасынан бастап бағдарламаның бірінші бөлімі жүзеге асырыла бастады, соның аясында ескі көліктер ақшаға қабылданды, ал 2017 жылдың маусымынан бастап балама ретінде қайта өңдеуге тапсырылатын көліктердің иелеріне сертификаттар беріле бастады, ол сертификаттар жаңа автокөлік құнының бір бөлігін өтеуге мүмкіндік береді. 2018 жылы Қазақстанда жаңа көліктерді сатып алуға 13 мың сертификат берілді, ал бағдарлама жүзеге асырылған уақыт ішінде - 19 мыңға жуық. Бүгінгі таңда жаңа көлік құралдарын сатып алу барысында шамамен 18 мың сертификат пайдаланылған.
Жеңілдік сертификатының көлемі кәдеге жаратуға тапсырылған ескі көліктің санатына байланысты және 315 мыңнан 650 мың теңге аралығында. Сертификатты жеңіл және жүк көлігін, автобус сатып алу үшін алуға болады, ал бұл ретте қолға тек 150 мың теңгеге дейін ғана ала алады және тек жеңіл көлік үшін ғана.
ӨКМ (өндірушінің кеңейтілген міндеттемелерінің) операторы үкіметпен жыл сайынғы берілетін сертификаттардың санының артуы туралы келісуге ниетті.

- 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында 55 электромобиль тіркелді, ал бір жыл бұрын оның 35-і сатылған болатын. 2019 жылы электромобиль нарығы қалай дамитын болады? Біздің такси және автобус парктері минивендер мен автобустарда электромоторды қолдана ма?

- Әзірге Қазақстанда электромобильдер сұранысы туралы айту қиын - бүгінде сіз бірде бір салонда еркін сатылымдағы электромобильдерді таба алмайсыз. Тек «СарыаркаАвтоПром» зауыты электромобильдер шығарылымын немесе олардың Қазақстанға әкелінуін жолға қоюға трыысты. Әзірге іс Қазақстан азаматтарының электромобильдерді жекелей әкелуімен шектелуде – көбіне айдалған Tesla, BMW i3.
Электромобильдер нарығын дамытуда Қытайдың тәжірибесі өте қызық – бүгінгі таңда ол әлемдегі электромобиль нарығының ең үлкені. Міне, оларда, электромобильдерге көшудің мемлекеттік бағдарламасы бес кезеңнен тұрды: автобустар, коммуналдық жүк көліктері (қоқыс шығаратын көлік, «сыпыратын» көліктер), тасымалдайтын көлік, такси, тек сосын барып ең соңында – жеке көлік. Автобустарды электр жетекке көшіруді Қытай 2010 жылы бастаған, ал жеке сатып алуларды субсидиялауды тек 2015 жылы қолға алды. Сондықтан біз де өзімізде электромобильдердің электро-автобустар паркін дамыту арқылы дамып жатқанын айтуымызға болады.
Электрлік тарту күшіндегі көліктерге сұраныс жасау үшін оларды бензинмен жүретін көліктердің құнымен пара-пар ету керек.
   
- Ол жүзеге аса ма? Бұл міндетті қалай шешуге болады?

- Ынталандыру шарасы есебінен. Қазақстанда электромобильдер нарығын дамыту – кешенді бағдарлама. Оның құрамдас бөлігінің бірі – сатылымды ынталандыру. Жаппай тұтынуға электромобильдерді тартымды ету үшін, мысалы, Қытайда электромобильдерді сатып алушыға оның бөлшек саудадағы құнының 35%-ға жуығын өтейді. Оның үстіне, ол көліктің коммерциялық немесе жеке мақсатта сатып алынатыны маңызды емес.
Қазақстан үшін отынның балама түрлеріндегі көлік өндірісі жаңа бағыт. Ел үкіметі, Қазақстандық көлік бизнесі қауымдастығы және «ӨКМ» операторы электромобильдер нарығын дамыту тұжырымдамасын қолдайды, сондықтан қазақстандықтарды электрлік тарту күшіндегі көліктерді сатып алуға ынталандыру механизмдері әзірленіп жатыр.

- Ол қандай механизмдер?

- Біріншіден Қазақстанда шығарылған электромобильге жеңілдік қолдану, егер екі көлік иесі отандық өндірістегі электромобильді сатып алуды жоспарлап отырған болса, онда ескі көлікті кәдеге жаратуға тапсырғанда жеңілдік сертификатының құнын көбейту. Кезекте – электромобильдерді жеңілдікпен берілетін көлік несиесінің бағдарламасына қосу.
Еуразиялық одақ (ЕАЭО-ҚазТАГ) аясында үйлестірілген шаралар талқылануда. Мәселен, электромобильдерді тартымды және ыңғайлы етіп қалай жасауға болады: қоғамдық көлік үшін бөлінген жолдарға жіберу, зарядтау инфрақұрылымы жанында тегін көлік тұрағымен қамтамасыз ету, қозғалысы шектеулі аймақтарға кіруге рұқсат беру. Айтпақшы, электромобиль иелері көлік салығын төлеуден босатылған. «Қозғалтқыштың жұмыс көлемі» жоқ электромобильдер Салық кодексінде жоқ. Қаржыландыруды қажет етпейтін, тек заңнамалық бастама қажет осындай қолдау шараларын барлық ЕАЭО-та қабылдау ұсынылуда.
Екіншіден, қозғалтқышты қайда зарядтауға болады деген проблеманы шешу керек. Мемлекет электр желісі және электр энергиясын жеткізушілермен бірге ынтымақтастықта зарядтау инфрақұрылымын құрады. Мұнымен қазір «ЭЖҚС Операторы» ЖШС («электр жанар-жағар майын құю стансасы» – ҚазТАГ) айналысып жатыр.
Электрмен зарядтау стансалары инфрақұрылымын дамыту аясында Қазақстан елордасында 47 ЭЖҚС, Алматыда – 22, Бурабайда-1 орнатылған. Астана мен Ақтауда автобустарды жылдам зарядтау үшін ЭЖҚС толық масштабты инфрақұрылымын құру шаралары әзірленуде.
   
- 2018 жылы қазақстандықтар жаңа жеңіл көлік сатып алуға қанша ақша жұмсады? Көлік нарығының сыйымдылығы бойынша қай өңір көш бастап тұр?

- 2018 жылы жаңа темір тұлпар сатып алуға қазақстандықтар 547 миллиард теңге (18 қаңтардағы сан) жұмсады. Алматы, Астана, Атырау, Шымкент және Қостанай көлік салондарына келушілер көп. Осы қалалардың көлік салондарына барлық сатылған көліктің 73%-ы тиесілі, яғни 400,3 миллиард теңгеге.

- Жауаптарыңызға рақмет.

adimage