12 журналист 2018 жылы Қазақстан Журналистер одағының жүлдегері атанды

Күні: 11:26, 21-06-2018.

Алматы. 21 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан Журналистер одағының (ҚЖО) алқасының шешімімен республикалық шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша 12 журналист және 1 шығармашылық ұжым 2018 жылы өткізілген ҚЖО сыйлығының лауреаттары атанды.
Қуандық Шамахайұлы «Саяси шолу» номинациясы бойынша «Ақиқат» журналында мемлекеттік тілді дамыту туралы бірқатар мақалалары үшін силыққа ие болды. 365info.kz интернет-порталының шолушысы Алексей Никоноров «Экономикалық шолу» номинациясы бойынша банк саласының проблемалары және несиелік саясат мәселелері бойынша талдамалық мақалалары үшін байқаудың жеңімпазы атанды.
Азаматтық қоғамды дамыту бойынша бірқатар жарияланымдары үшін «Ізденім материалы» номинациясында «Время» республикалық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Оксана Ақулова лауреат атады.
«Телевизиялық жұмыс» номинациясында Ақтөбе облысының «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі Лейла Ауесова (әлеуметтік мәселелер бойынша өзекті материалдары үшін), «ERTIS» (Павлодар) телеарнасының редакторы Құралай Рахымжанова (проблемаларды терең зерттеу және олардың шешімдерін іздестіру, тіл байлығы мен жанрлық әртүрлілігі үшін) сыйлық алды.
«Журналистік зерттеу» номинациясында «Астана» телеарнасының арнайы тілшісі Әділ Өнербаев ең өзекті мәселелер бойынша бірқатар сюжеттері үшін ең үздік деп танылды.
Батыс Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін нақты зерттегені үшін «Зерттеу жұмысы» номинациясында «Ақжайық» (Орал) телеарнасының журналисі Роза Сатқанова марапатталды.
«Ғылыми-танымдық жұмыс» номинациясы бойынша «Ақ Жайық» (Атырау) газетінің тілшісі Айнұр Сапарова (әлеуметтік тақырыптар бойынша бірқатар жарияланымдары үшін) және «Костанаиские новости» газетінің тілшісі Мария Шила (жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері бойынша материалдарды дайындауға шығармашылық тұрғыдан қарағаны үшін) марапатталды.
Қазақстандағы әлеуметтік және саяси оқиғаларды тез арада жариялап отырғаны үшін «Репортерлік жұмыс» номинациясы бойынша «ҚазТАГ» халықаралық ақпараттық агенттігінің тілшісі Владимир Радионов лауреат атанды.
«Фото жұмыс» номинациясы бойынша Журналистер Одағының сыйлығы «Ғасырдың көзi» альбомының авторлық ұжымына берілді, онда Қазақстанның танымал фотографтары Рысқали Дүйсенғалиев, Нұрғожи Жұбанов және Дебенбай Егізовтың туындылары енген.
Цензураға қарсы және мемлекеттің азаматтардың Интернет желісінде еркін хат алмасуына араласуына қатысты принциптік ұстанымы үшін «Интернет-жоба» номинациясы бойынша сыйлық «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және хабаршы Telegram-ды жасаушы Павел Дуровқа берілді.
Рахымбай Ханалы атындағы ҚЖО арнайы сыйлығы Шығыс Қазақстан облысы «Дидар» газетінің фотожурналисті Тілеубек Шаяхметке берілді.
Одан басқа, 2018 жылы Қазақстанның құрметті журналистері атанғандар: Нүсіпбай Әбдірахымов (Алматы облысы), Шакизада Әбдікәрімов (Қызылорда облысы), Тихон Әліпқали (Батыс Қазақстан), Бақберген Амалбек (Ақмола облысы), Сүйебай Байқадам (Шығыс Қазақстан облысы), Федор Денисенко (Солтүстік Қазақстан облысы), Мылтықбай Ерімбетов (Алматы) Болат Жамкенов(Астана), Жолдас Жанқуат (Атырау облысы), Ертай Ашықбаев (Ақтөбе облысы), Төрехан Майбас (Қарағанды облысы), Бақытгүл Мәкібай (Алматы), Қанапия Мырзағожин (Қостанай облысы), Әбділда Сәрсенбі (Жамбыл облысы), Иса Тосқұлов (Оңтүстік Қазақстан облысы), Өскенбай Тастемханов (Павлодар облысы), Виталий Пекельник (Алматы облысы), Мұрат Ұлықпан (Маңғыстау облысы).


Жаңалықтармен бөлісу: