Алматы. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматы соты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) үстінен түскен шағым бойынша істі тоқтатудан бас тартты, деп хабарлады шағымданушының соттағы өкілі Станислав Лопатин.
«Бүгін Алматыдағы №2 Бостандық сотында ұйғарым шығарылды, БЖЗҚ өкілдерінің қуыным бойынша өндіріс тоқтатылуы керек деген өтініштерінен (өтінішті сот қанағаттандырудан – ҚазТАГ) бас тартты, шағымды мәні бойынша қарайтын күн белгілі болды», - деді Лопатин агенттік тілшісіне дүйсенбі күні сот отырысы аяқталғаннан кейін.
БЖЗҚ-ға қатысты шағымданған заңгер Жангелді Сүлейменов соттан жақында өткізілген қор активтерінің аудитін заңсыз деп тануды сұраған, себебі оның айтуынша, аудит өрескел қателіктермен жүзеге асырылған, ол үшін БЖЗҚ Т43 млн төлеген. Соттағы БЖЗҚ ұстанымы келесідей, азаматтық соттарда мұндай жайттар бойынша шағымдануға болмайды, атап айтсақ, аталмыш аудит бойынша.
Соттың келесі отырысы 15 қазанда өтеді.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46