Алматыда баспасөз клубын сату бойынша аукцион тоқтатылды

Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматыда баспасөз клубының ғимаратын сату жөніндегі аукцион тоқтатылды. Бұл туралы ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік тізілім порталындағы хабарынан белгілі болды.
Бұған дейін хабарланғандай, 2019 жылдың 4 қаңтарында сағат 10.00-де баспасөз клубының ғимаратын сату бойынша аукцион өту керек болатын. Сатушы ретінде Алматы қ. мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті шықты, ал әлеуетті сатып алушы белгісіз. Бейхабар адамдар ол туралы тек болжам жасаулары мүмкін, ал біздің дерек көзінің ақпарынша, онымен барлығы келісілген және электронды сауда нотасы секілді ойнататын екінші қатысушы да бар.
Дегенмен бір «бірақ» дегені бар екені және оның айтарлықтай екені аталып өтілген еді. Негізі екі қабатты ғимарат аукционға төрт қабатты ғимарат ретінде қойылған. Барлық құжат бойынша, әр қабаттың бөлшектік жоспарын, техникалық құжатын және басқа да құжаттарын қоса алғанда, аукционға 4 (төрт) қабатты ғимарат қойылған. МСҚБ тапсырыс берген шағымы бойынша соттың екі қабатты мәжбүрлеп сүру туралы шешімі бар, сондай-ақ Алматы әділет департаментінің сот орындаушысының соттың 3 және 4 қабатын сүру туралы шешімінің орындалуына байланысты баспасөз-клубының басшылығына қатысты орындаушылық өндірісті тоқтату туралы қаулысы да бар.
Сонда мынадай сұрақ туындайды: бұрмаланған мәліметтермен және жалған құжаттармен бұл аукционның өтуіне кім мүдделі және кім өткізіп жатыр оны? Бұл тапсырыс беруші – Алматы қ. меммүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Емберген Құдайбергенов, «ViCON – Aprraisal» ЖШС бағалау директоры Надежда Проничева және оның орынбасары – Валерий Жеба. Алғашқы екеуі бағалауды өткізу туралы шартқа қол қойған, ал соңғысы оны жүзеге асырып, тапсырыс берушінің қатысуымен нысанды егжей-тегжейлі қараған-мыс, бірақ оның қолы актіде болмай шықты. Ресми қағаз бойынша аукционға төрт қабат қойылған, ал қоса тігілген суретте тек екі қабат қана бар. Бұл жерде алдау, жалғандық жоқ. Алдағы аукционның барлық құжаттары редакцияның иелігінде жатыр. Оларды сондай-ақ, саудалардың мемтізілім порталында да ашық көруге болады.
Атап өтілгендей, аукционды әзірлеу барысында қазақстандық заңнаманың бірқатар нормалары бұзылған. Қызмет бабында жалған құжат жасау да көзге ұрып тұр, яғни мемлекеттік қызметті атқаруға өкілетті тұлға әдейі жалған мәліметтер енгізген, сондай-ақ қамауға алынған немесе тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекет жасаған. Екі жағдайда да бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Бұл мақаланы «ҚазТАГ» халықаралық ақпараттық агенттігінің редакциясы ресми сауал ретінде ҚР бас прокуроры, елдегі заңнаманың сақталуын қадағалаушы жоғары орган басшысы Қайрат Қожамжаровқа, ҚР қаржы министрі, меммүлік және жекешелендіру комитеті бағынатын Алихан Смаиловқа, «Кәсіби бағалаушылардың елордалық палатасы» президиумының төрағасы О.Н. Яковлеваға бұзушылықтарды анықтау және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қабылдау үшін жолдады.
Редакция бұл ведомстволардан ресми сауалдың қабылданғандығы және ол бойынша бұзушылықтарды анықтау басталғаны туралы растама алды.

adimage