Алматыда ПТР-тестінсіз шетелден келген 260 жолаушы карантинге жатқызылды

Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ – Алматыда шетелден келген 260 жолаушы карантинге жатқызылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«Алматы әуежайында мегаполиске халықаралық рейстермен ұшып келген азаматтар арасында коронавирус инфекциясына тестілеуден өткені туралы анықтамасыз келгендерді анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Өткен аптада, а. ж. 27 қазаны мен 3 қараша аралығында шетелден Алматыға 7682 жолаушысы бар 51 әуе рейсі келді. Анықтамасы жоқ 258 жолаушы анықталған. COVID-19-ға ПТР тест нетижесі жоқ барлық 258 жолаушы коронавирус инфекциясына зертханалық тексеру үшін карантиндік мекемелерге оқшауланды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Қалалық билік ақпарынша, зерттелген 258 тестінің 219-ы теріс нәтиже көрсетсе, 39-ы тексерілу барысында.
Әлемдегі эпидемиялық жағдайдың ушығуына байланысты Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын мүмкіндігінше шетелге сапарға шығуды уақытша тоқтатуды, сондай-ақ барлық санитарлық-эпидемиялық шараларды: маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауды жалғастыруға шақырады. Тәуекел тобындағы халыққа, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға үйден шықпау ұсынылады.
«Әлемде эпидемиялық жағдай тұрақсыз, бірқатар елдерде ауруды жұқтырудың өскені тіркеліп отыр, осыған байланысты карантиндік режимді күшейту бойынша шаралар қабылдануда. Ашық деректерге сәйкес, Испанияда ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап ТЖ режимі енгізілді, қалаларда коменданттық сағат жұмыс істейді. Францияда карантин-1 желтоқсанға дейін. Франция билігі коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының көбеюіне байланысты бүкіл елде осыған дейін енгізілген оқшаулау режиміне Парижде коменданттық сағат енгізуге ниетті. Германияда 2 қарашадан бастап бүкіл ел бойынша карантин енгізіледі. Австрияда 3 қарашадан бастап коронавирустың таралуын болдырмау үшін 30 қарашаға дейін екінші карантин басталды», - делінген хабарда.


adimage