Алматыда тұңғыш рет азаматтық бастамалардың «Real Haq Alany» жалпыұлттық Конгресі өтті

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні Алматыда тұңғыш рет азаматтық бастамалардың «Real Haq Alany» жалпыұлттық Конгресі өтті, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Шараның мақсаты – қоғамда көрінгілері келетін көптеген азаматтық, ресми емес, тәуелсіз бастамалардың барын көрсету. Мұнда экологтар да, мүгедектер де, денсаулық сақтау саласы да, білім беру де, саяси ұйымдар да бар. Біздің баршамыздың бір болуымыз және бір-бірімізбен байланыста болғанымыз маңызды. Бұл қарым-қатынас, тәжірибе, ақшаны қалай тартуға болатынына, азаматтық бастамаларды қалай жүзеге асыруға болатынына үйрету. Бізге азаматтық қоғамды дамытуға ненің көмектесетінін және ненің кедергі келтіретінін шешетін боламыз», - деді Haq қозғалысының жетекшісі Тоғжан Қожалиева сенбі күні ҚазТАГ агенттігіне.
Бұл ретте ол атап өткендей, қазіргі таңда азаматтық қоғамның дамуға жақсы мүмкіндігі бар.
«Біз қазір жолайрықта тұрмыз – я біз төменге кетеміз, немесе біздің жоғары өрмелеуге мүмкіндігіміз бар. Бұрын қоғам тұтас болатын, қазір азаматтық қоғам пайдалануы мүмкін «саңылаулар» пайда болды және сол «саңылаудан» үлкен ағаш өсіп шығуы мүмкін», - деп атап өтті ол.
Т.Қожалиеваның айтуынша, көрме, шебер-кластар мен концерттік бағдарламадан тұратын Конгрестің ерекше форматы «саясаттың да қызық болуы мүмкін болғандықтан» таңдап алынған.
«Бізді барлығы жиналып алып бір адамды тыңдайтын ескі формат жалықтырып жіберді. Біз әр түрлі адамбыз, әрқайсысымыз дарамыз және бізбен бірге саяси технологияның жаңғыруын қалаймыз. Саясат та қызық бола алады, ол іш пыстырарлық емес», - деп түсіндірді Т.Қожалиева.
Конгреске әр өңірден 60-тан астам ҮЕҰ келіп, мыңға жуық адам қатысып жатыр.
Конгресте балалардың лайықты білім алуы, ірі қалалардағы экологиялық жағдай, медицина кадрларының проблемасы, ауылдықтарға ауыл шаруашылығы бизнесін қалыптастыру мен дамытуға көмек көрсету секілді мәселелер талқыланды.
Конгреске «Болашақтың мектебі тұжырымдамасы» бастамашыл топтың ұйымдастырушысы Марғұлан Сейсенбай, Стратегиялық бастамалар орталығының әріптесі Ажар Жандосова мен «KEGOC» АҚ экс-басшысы Әсет Наурызбаев қатысты.
Конгресс жұмысы 18.00 дейін жалғасқан.

adimage