Аукционның болмау себебі – Алматыдағы баспасөз клубы ғимараты туралы мәліметтің сәйкес келмеуі

Алматы. 8 қаңтар. ҚазТАГ – 2019 жылдың 4 қаңтарындағы аукционның болмау себебі Алматыдағы баспасөз клубы ғимараты туралы мәліметтердің сәйкес келмеуі, деп хабарлады ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.
«Vicon – Appraisal» ЖШС (директоры Н. Проничева – ҚазТАГ)- тәуелсіз бағалаушы әзірлеген бағалау туралы есепте (баспасөз клубының – ҚазТАГ) ғимаратының алаңы мен қабаты бойынша мәліметтерде қайшылық бар. Атап айтсақ, есепте қарау актісі бар, соған сәйкес 4 қабат көрсетілген, ал қоса берілген суреттерде тек 2-3 қабат тұр. Қазіргі таңда техникалық төлқұжаттағы, ғимараттардың нақты параметрлерін бағалау туралы есептегі мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталуына байланысты 2019 жылдың 4 қаңтарына жоспарланған сауда өткізілген жоқ», - делінген ҚазТАГ агенттігі редакциясының сауалына Б.Шолпанқұловтың берген жауабында.
Айтпақшы, редакция «Астаналық кәсіби бағалаушылар палатасы» президиумының төрағасы Ольга Яковлевадан да жауап алды. Ол жауабында палата мүшесі В.Жебе тарапынан заңнама бұзушылықтарын анықтау үшін басқа субъектілер мен қосымша тұлғалардан қосымша ақпарат алу керегін жеткізген. Сондықтан ол бойынша шешім 2019 жылдың 24 қаңтарында қабылданады.

adimage