Астана. 1 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанда елді-мекендер арасындағы блокбекеттер алынды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Қазақстанда елді-мекендер арасындағы блокбекеттер 1 маусымға қараған түні сағат 00.00-де алынып тасталды.
Ішкі істер министрлігінің ақпарынша, карантин режимі кезінде елімізде барлығы 400-ге жуық блокбекет қойылған, оларға 6 мыңға жуық полицей жұмылдырылған. Коронавирус жағдайына байланысты орнаған төтенше жағдай мен карантин кезінде блокбекеттерде, ІІМ ақпарынша, барлығы 3,2 млн астам көлік құралы мен 5 млн. жолаушы тексерілген.
Сонымен қатар бұған дейін ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдегендей, «елді-мекендер арасындағы блокбекеттер алынып тасталады, бірақ бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді».
«Азаматтар ары қарай да санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаулары тиіс», - деді Тұрғымбаев.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46