Қазақстанда карантин 2 тамызға дейін ұзартылды

Астана. 14 шілде. КазТАГ – Қазақстанда карантин 2 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Қатаң карантиндік шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Аурудың таралу қарқыны тұрақталуда. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша, эпидемиологиялық ахуалды одан әрі тұрақтандыру үшін елде шектеу шараларын тағы 2 аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешімді қабылдап отырмыз», - деді сейсенбі күні премьер-министр Асқар Мамин.
Ол карантиндік талаптарды қатаң сақтауға шақырды және орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге карантинді одан әрі сақтаудың барлық шараларын іске асыруды тапсырды.
«А. Мамин дәрі-дәрмектің қажетті қоры бар екенін, әрі үнемі толықтырылып отыратынын атап айтты. Бұл ретте оларды дәріхана желілері мен стационарларға нақты бөлу бойынша барлық шараларды қамтамасыз ету қажет. Атырау және Маңғыстау облыстарында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша тиісінше 102 және 56 жоғары білікті маман жіберілді», - деді Мамин.
Еске салсақ, 13 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасатынын хабарлаған еді. Мемлекет басшысы шілде айына мұқтаж жандарға үкіметтің Т42,5 мың төлейтінін мәлімдеді.

adimage