Қазақстанда тамыздың екінші жартысынан бастап COVID-19 жұқтыру үш еседен астам төмендеді

Күні: 14:48, 28-09-2021.

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда тамыздың екінші жартысынан бастап COVID-19 жұқтыру үш еседен астам төмендеді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
«Қазақстанда ауру жұқтырудың төмендегені байқалып отыр. Мәселен, соңғы екі аптада ауру жұқтыру 36% төмендеген. Қазақстан Республикасында тамыздың екінші жартысынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың 3,2 есе тұрақталғаны байқалады, ал адам өлімі – 2,7 есе», - деді Цой сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, соңғы айда науқастар саны 3,6 есе төмендеген.
«Соңғы айда науқастар саны 3,6 есе төмендеген, сонымен қатар стационарлық тәртіпте емделіп жатқандар саны 2,4 есе – 27 тамыздағы 25 мыңнан 27 қыркүйектегі 10,5 мың адамға дейін. Амбулаторлық тәртіпте ем алып жатқандар саны 1,7 есе – 89 мыңнан 51 мыңға дейін төмендеген», - деп атап өтті денсаулық сақтауминінің басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: