Алматы. 5 ақпан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қазақстандықтар табыстарының 44,9%-ын азық-түлік пен алкогольсіз шырындарға жұмсайды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Әлемнің 100-ге жуық елінде отбасылардың тамаққа жұмсайтын шығындарына тұрақты мониторинг жасайтын АҚШ (USDA) ауыл шаруашылық министрлігінің зерттеуінің ақпарынша, қазақстандықтарға қарағанда белорустер, грузиндер, ресейліктер, өзбектер, иордандықтар, үнділер, македониялықтар, парагвайлықтар аз жұмсайды, шамамен 30% шегінде, украиналықтар (42,2%) және тіпті угандалықтар да (44,2%) аз қаржы жұмсайды екен.
Зерттеушілер ел қаншалықты дамыған және бай болса, сол елдің халқы азық-түлікке соншалықты аз қаржы жұмсайды деген қорытындыға келді. Рейтингті АҚШ, Сингапур, Ұлыбритания, Ирландия, Канада, Швейцария, Аустралия және Аустрия бастап тұр, бұл елдің халықтары өз қаражаттарының кем дегенде 10% ғана жұмсайды. Германияда, Нидерландыда, Финляндияда, Катарда, Бельгияда, Оңтүстік Кореяда – 15% дейін. Азық-түлік шығындары 16-25% көлемінде сипатталатыны Польша, Словакия, Венгрия, Болгария, Израиль, Уругвай, Кувейт, Қытай, Түркия және басқа елдер.
Зерттеу 2018 жылы жасалған, алайда бүкіл әлем бойынша жиналған мәліметтер негізінде енді ғана жарияланып отыр.
Қазақстандықтар табысының 45%-ын тамаққа жұмсайды, Уганда тұрғындары болса одан аз жұмсайды екен
