Қазақ-қырғыз шекарасында 200-дей жүк көлігі кептеліп қалды

Күні: 23:57, 10-01-2020.

Астана. 10 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақ-қырғыз шекарасында 200-дей жүк көлігі кептеліп қалды, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Ақ-Тілек көлік жолы» (қазақстандық тараптағы «Қарасу» өткізу пункті) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептеліп қалуына қатысты. Соңғы ақпар бойынша, «Ақ-Тілек көлік жолы» өткізу пунктінің алдында қазақ-қырғыз шекарасында Қытай Халық Республикасынан алдын-ала болжам бойынша халықтық тұтыну тауарларын (ХТТ) алып келе жатқан 200 –ге жуық жүк көлігі жиналып қалған», - делінген жұмадағы хабарда.
Өткізу пунктінің өзі, ведомствода атап өткендей, «пункт кедергісіз жұмыс жасап жатыр, шұғыл бұзылатын заттар және басқалары кедергісіз жүзеге асырылады».
«Осыған дейін айтылғандай, тексеру ХТТ-ға жіберілді, олардың жөнелтпе құжаттарын 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс қызметкерлері тексеріп жатыр», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: