ҚазТАГ нұсқасы бойынша 2018 жылдың 10 маңызды оқиғасы

Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттігі 2018 жылы Қазақстанда орын алған 10 маңызды оқиғаны анықтады.


1. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздігі кеңесіндегі төрағалығы

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығы жылдың басты сыртқы саяси оқиғасы болды. Оның аясында кеңесулер, брифингтер мен дебаттар түрінде 30-ға жуық отырыс болып, соның қорытындысы бойынша баспасөз үшін қарар мен мәлімдемелер қабылданды. Қауіпсіздік пен дамудың өзара байланыс үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азияда өңірлік әріптестік қалыптастыру бойынша министрлік дебаттар, Кабулге БҰҰ ҚК делегациясының сапары болды, Бейбітшілікке, терроризмнен бостандыққа қол жеткізу тәртібі кодексі жобасын іске асыру бойынша жоғары деңгейдегі арнайы шаралар қабылданды.

2. 52 жолаушының қазасына алып келген автобус апаты

18 қаңтарда Астана уақытымен 10.30-да Самара –Шымкент тас жолының 1068 шақырымында Setra маркілі жолаушылар автобусы отқа оранып, 52 адам тірілей өртеніп кетті. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Өрттен бес адам ғана аман қалды, олардың үшеуі – ҚР азаматтары. Өрт себебі – өрт қауіпсіздігінің сақталмауы. Тергеу нұсқасы бойынша жүргізушілер автобус салонын жылыту үшін дәнекерлейтін лампаны пайдаланған.
Үш аман қалған жүргізуші – Нұржан Қыргызбаев, Мақсат Пернебеков пен Барат Таңатов 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. 7 жыл бойына олар жолаушылар тасымалы саласында жұмыс жасай алмайды.
«Азиатранзитсервис» ЖШС механигі Бахадур Пердебаев пен кампания директоры Нурлыбек Тлепбаев әрқайсысы 3,6 жылға бас бостандықтарынан айырылды, жазаларын абақтыда өтейді. Қалғандары 1,6 жылға қоғамдық жұмысқа тартылды. Н. Тлепбаев жолаушылар тасымалы бойынша қызмет көрсететін компанияны 5 жыл бойына басқару құқығынан айырылды.


3. Жаңа ереже бойынша ұялы телефондарды тіркеу

Белгілі болғандай, Қазақстанға ұялы телефондарды тіркеудің жаңа ережесі қажет – енді әр абонент ұялы байланыс операторына өзінің ЖСН мен мобильді құрылғысының IMEI-кодын ұсынуы керек. Билік мәлімдеп отырғандай, міндетті тіркеу енгізілгеннен кейін телефондарды тонаудың мәні кетеді, себебі телефондардың жаңа иелері бөтеннің мүлкін пайдалана алмайды. 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелмеген мобильді құрылғылар сөндіріледі.

4. Молдовалық бизнесменнің сот шағымы

BNYM америкалық холдингтік компаниясы молдовалық бизнесмен Анатол Стати мен оның компаниясының республика үкіметіне қатысты сотқа түсірген шағымынан кейін Қазақстан Ұлттық қоры активінің $22 млрд қаржысын қамауға алды. А.Стати Қазақстан үкіметін рейдерлік мүлікті тәркілеу әрекетін жасағаны үшін айыптап, 4 млрд. доллар көлеміндегі шығынды өтеуді талап етті. Содан бері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Молдова кәсіпкерінің қазақстандық сот төрелігіне сәйкес бірқатар шет елдердің сот биліктеріне адастыратын алаяқтық схемаларды қолданатындығын бірнеше рет мәлімдеді.

5. Түркістан облысының құрылуы

Маусым айында мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкент республикалық маңызы бар қаланың мәртебесін алды, ал Түркістан облыстық орталығы болды. Ғасырлар бойы Қазақ хандығы мен бүкіл түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің жүрегі болған Түркістан қаласы облыс орталығына айналды. Хабарда атап өтілгендей, жаңадан қалыптасқан облыстың жаңа әкімшілік міндеттерді сапалы түрде жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктері бар. Шымкент Алматы мен Астана мегаполистерінен кейінгі үшінші қала болды, онда миллионнан астам адам тұрып жатыр.

6. Денис Теннің өлімі

19 шілдеде бүкіл Қазақстанды мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлтірілуі дүр сілкінтті. Ол көлігінің айнасын шешіп жатқан екі көлік ұрысын тоқтатпақ болған, ал олардың бірі спортшыға пышақ сұққан. Денис көп қан жоғалтуына байланысты көз жұмды. Күдікті ұрылардың келесі күні ұсталғанына қарамастан қоғам ІІМ басшылығының отставкаға кетуін, сондай-ақ қазақстандық полицияны реформалауды талап етті. Отставкаға , әлбетте, ешкім кетпеді, ал реформаны жасау президенттің жыл сайынғы жолдауы аясындағы нақты тапсырмасынан кейін ғана мүмкін болды



7. Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның қабылдануы


12 тамызда Ақтауда Каспий маңы елдерінің V саммиті өтіп, 20 жыл бойы жұмыс жүргізіліп келе жатқан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция қабылданды. Ені 20-15 теңіз милін құрайтын аумақтық су көлемі белгілініп, сыртқы шекаралар мемлекеттік мәртебесіне ие болды. Аумақтық суларға 10 мильдік балық аулау аймағы кіреді, ол жерде әр мемлекеттің кәсіппен айналысуға қатысты өз құқықтары бар. Балық аулау аймақтарынан тыс жерде жалпы су кеңістігі сақталады. Әр мемлекет өз аумағының түбінен кен өндіру бойынша дербес құқықтарын жүзеге асырады. Саммит жұмысына Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Ресей мен Түркіменстан қатысты.

8. Qazaq Banki, Эксимбанк пен Астана банкінің банкрот болуы

Ұлттық банк бірден үш қаржылық институттың лицензиясын қайтарып алды: тамызда – Qazaq Banki мен Эксимбанк, қыркүйекте – Астана банкінің.
Оларды нормативтерді жүйелі түрде бұзу және басқа да реттеуші талаптарын бұзулары салдарынан лицензияларынан айырды. Ұлттық банк әр банктің басшылығымен қаржылық ұйымдардың жұмысын тұрақтандыруға көмектесетін қажетті шараларды қабылдау бойынша жұмыс жасады, бірақ соңғылары тиісті шараларды қабылдамады. Алайда бұл банктерді лицензияларынан айыру, реттеушінің мәлімдеуінше жалпы елдегі банк саласына қауіп тудырмайды, ал клиенттер қаржыларының сақталуы бойынша қам жемесе болады, себебі банктер депозиттерге кепіл беретін міндетті бағдарлама жүйесінің қатысушысы болып табылады.

9. Fly Arystan ұлттық лоукостерін құру

7 қарашада 2019 жылдың көктемінде әуе тасымалы нарығына жаңа ойыншы – Fly Arystan лоукостері шығатыны туралы жарияланды. Air Astana ұлттық тасымалдаушы бюджеттік бөлімшесінде эконом-кластағы 180 орындығы бар салоны қарастырылған әзірге тек Airbus 320 4 ұшағы бар. 2022 жылдың аяғында олардың саны 15-ке артады, қолданыстағы тариф билеттері 50% арзандайды. Жоба толығымен өз-өзін қаржыландырады және мемлекет тарапынан қосымша қаржы салуды талап етпейді.

10. Мұхтар Әбләзов сырттай өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

Қолданыстағы режим оппоненті Мұхтар Әбәзов қарашада кезекті жазасын алды – енді адам өліміне тапсырыс беруді ұйымдастырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот келесідей шешімге келді: М.Әбләзов банкир Ержан Тәтішевтің өлімін әдейі ұйымдастырған. Сотта Е.Тәтішевтің өлімі үшін сотталушы ретіндегі бизнесмен Мұратхан Тоқмади оны аң аулау кезінде тапсырыс бойынша өлтіргенін мойындағаннан кейін Әбләзовке осындай айып тағылды. Бұған дейін М.Әбләзов 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Францияда саяси баспана тапқан айыпталушының өзі процестің бірде-біріне қатыспады.

adimage