ДДСҰ Қытайда коронавирустың өршуінен жаһандық ТЖ режимін жариялады

Күні: 10:47, 31-01-2020.

Алматы. 31 қаңтар. ҚазТАГ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда коронавирустың таралуы салдарынан жаһандық төтенше жағдай режимін (ТЖ) жариялады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Халықаралық мәнге ие қоғамдық денсаулық сақтау саласында коронавирустың өршуіне байланысты ТЖ жарияланады. Аурудың жаһандық өршуі қазірде Қытайдан тыс 18 елде 98 ауру жұқтыру жағдайын қамтып отыр», - деп мәлімдеді жұма күні ДДСҰ.
Еске салсақ, 2019 жылдың желтоқсан айының аяғында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмонияның өршуі тіркелді. Соңғы ақпар бойынша, 2019-nCoV коронавирусының салдарынан тараған пневмониямен ауырғандардың жалпы саны – 9 мыңнан асқан, оның ішінде 2013 адам көз жұмған. ҚХР сыртында Германиядағы, Вьетнамдағы және Жапониядағы жағдайлар ДДСҰ мамандарының ерекше алаңдаушылығын тудырып отыр, осы елдер аумағында вирустың адамнан адамға таралуы тіркелуде.
2020 жылдың 24 қаңтарында ҚР сыртқы істер министрлігі (СІМ) коронавирустың өршуінен Қытайдың Ухань қаласына барудан бас тарта тұруға кеңес берді
26 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуын болдырмаудың алдын алу үшін ұйымдастырушылық шараларын қабылдауды тапсырды. Сол күні Қазақстан көрші елден ел аумағына вирустың кіріп кетуінің алдын алу мақсатында «Қорғас» халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығы (ХШЫО) және Қытаймен мемлекеттік шекара маңындағы барлық бақылау-өткізу пункттерін уақытша жапты. Кейін белгілі болғандай, «Қорғас» ШЫХО коронавирус профилактикасы мақсатында 15 ақпанға дейін жабылды.
ҚР денсаулық сақтау министрлігі жанынан коронавирус сұрақтары бойынша cаll-орталық және ҚР ІІМ-де қауырт желі ашылды.
28 қаңтарда ҚазТАГ ХАА хабарлағандай, Қазақстан коронавирусты әлеуметтік мәні бар қауіпті аурулар тізіміне енгізді.
Соңғы ақпар бойынша Қазақстан 61 қазақстандық студентті ұшақпен алып кету үшін Қытай келісімін күтіп отыр.
30 қаңтарда ҚР Қытаймен автобус (29 қвңтврдвн бачтап), жолаушылар пойызы (1 ақпаннан бастап) мен әуе хабарламасы (3 ақпаннан бастап) тасымалын уақытша тоқтатқаны хабарланды. Сонымен қатар Қытайда қалған қазақтарды шығару үшін Бейжің мен Үрімшіден қосымша рейстер ұйымдастырылып жатыр.
Сондай-ақ, Қытайға қатынамайтын болған рейстер үшін жолаушылар ақшаларын қайтару айыппұл санкциясынсыз жүзеге асырылады.


Жаңалықтармен бөлісу: