Ермегияевтің ісі тексеру үшін соттан сұратып алынды

Күні: 18:55, 21-10-2019.

Алматы. 21 қазан. ҚазТАГ – «Астана Экспо-2017» компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияевтің ісі тексеру үшін соттан сұратып алынды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ол (Ермегиевтің ісі – ҚазТАГ) тексеру үшін соттан сұратып алынды», - деп растады ҚазТАГ ХАА тілшісіне дүйсенбі күні адвокат Алла Котлова.
Нақты қай органның Ермегияевтің ісін сұратқанын адвокат нақтылаған жоқ.
Бас прокуратураның баспасөз қызметінен ҚазТАГ ХАА тілшісіне Ермегияевтің ісін қай органның соттан сұратып алғаны туралы білмейтіндерін айтты.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың маусым айында Т. Ермегияев қатаң режимдегі колонияда 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны ҚР ҚК 366 б. 4 т. (пара алу), 189 б. 2 т 4 тармақшасы (біреудің сеніп тапсырылған мүлкін талан-таражға салу) баптарында қарастырылған қылмыс жасады деп айыптады. Істің қалған айыпталушылары аз жаза мерзімдеріне кесілді.
Сондай-ақ, сот ҚР президентінің атына Ермегияевті «Парасат» орденінен айыру туралы ұығарым шығарды.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы төрағасы заңсыз сыйақы түрінде 4,2 млрд. теңге алғаны үшін кінәлі деп танылды.


Жаңалықтармен бөлісу: